Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім


«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы былғанбағанды сүгіретпен, суреті ұнамағанды сөзбен сұлатқан деседі оқиға орнында болған куәгерлер. «Жазар дым жоқ» дейің деп жіберейін деп (аморфты көкбақа сөйлем) тұрып, «Тұлпар аунаса, түк қалады» деген мақалдан асып түсе алмадым.

Тапқаным… түк. Турасы, әсер

Сезім-безімге жауап беретін бұлшықетті сұрауға алғам. Ол бүй дейд: «Қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайы біз ойлағаннан (біз дегені клапан, аорта) да биік дәргейде, дәрежеде өтті. Ал Ерлан Қарин, Бекболат Тілеухан секілді жүректердің бізге ұшақ басын бұруы құрметті көрсетсе керек. Қазақ интернетін дамытамын деп жүрген таныстарды (жүректерді – ред.) көріп, тегі қуандым. Мәңгілік қартаймасынч олар. Мұратына жетсінч. Дук-дук«.

«Асхат 1983 жылы тумаса…»

Бұл блог құрылтай бітуге таяяяп қалғанда айтқан «тостым» еді. «Егер Асхат 1983 жылы тумаса, 2011 жылы Блогкэмп болмас еді» деген күпірліктен кенде емес фраза айтыппын (астағфируллаһ). Жо-жоқ, Асхатсыз да жиын шақырылар ма еді, айталық 2012 жылы.. Асхатсыз да биылғы кэмп болар ма еді, бірақ деңгейі қалай болар еді дегендей ғой. Сондықтан, сол жерде Асеке аузымды жапқанмен :-), бұл жерде ұрт қылығына бұртима енді))) Сонымен қатар, жаным әшейін Розатай, Қалдықыз, Балғырған, Ақзере, Мәншүк, Еркеқыз, Кербез, Әйгерім, Қисық, Ербол, Жалғас,Асқарбек, Мейіржан, Қара Сақал т.б.-ларының әрқайсысына алғыстан бір-бір «Камаз» түсіріп беремін!

Тарихи жаңалықтар

Аса танымал деп айтсам асылық болатын, танымал емес десем ағат болатын Артур (Платонов емес) Нығметовтың… қазақ екені ұзақ жылғы гендік-антропологиялық зерттеу нәтижесінде анықталды. Артурды білмейтіндер «Азаттықтағы» блогын оқып алсынч. Айтпақшы, оны анықтаған – блогозаврия ғылымының болашақ доғдыры ЕРКЕ ҚЫЗ.

«Өрімтал» блогының қамқоршылар кеңесінің төрағасы емес, атқарушы директоры да емес, ващще ол блогқа қатысы жоқ, ал «Қазақияға» шатысы бар Рахат Жақсыбай. И не қылды дейсіздер ғой, ол, ол (қызғаныштан тұтығып барам) .. ол тарихқа «блогоним» деген терминді енгізіп тастады. Ол не еді? Инфляцияға ұшырай ма? Жолбарыс тұқымдастармен туыстығы бар ма? Ол жағын өзінен сұрап аларсыздар, керек болса 🙂

Ұлы жоғалыстар

Атырауда тұрса да, өзін Ақтауға адалмын дейтін, адай екенін жасырмайтын Тимур Бектұрдың флэшкасы жоғалып кетті. КИМЭП-тегі барлық флэш біткен жорғалап, аяққа шалынысып іздеп кеткенде, іркіліп қалдық. Ішінде ілуде біреу түсінетін «тәуекел» тілінде жазылған транскрипттер болған деседі. Өкінішке қарай, ол флэшка табылды.

– Абайсызда моңғол мәдениетіне еңбек сіңіріп кеткен (Көкбөрінің қолынан алған медальді айтам), абайлап болсын журналистикаға қызмет етіп жүрген Есенгүл Кәптің пальтосы жоғалды. Онда не жоқ десей? Ішкі астары ірбістің терісінен, сыртқы қабаты су жұқпайтын сұр акуланың желбезектерінен тігілген дейд. Түймелері яшма тасынан, жіптері жібектен болған пальтоның ішінде қосамжарланған кондиционер, круиз-контроль, радар, пеленгатор, «система динамического контроля» деген кәкір-шүкірлері көп болған дейді көрмеген жұрт. Бұл жерде де сол.. пальто қайта табылды.

Ұнағаны… Өкініш

Астаналық блогшылардың баруына жауапсыз болғандықтан, Ерлан Оспан, Амангелді Құрмет пен Мұрат Есжанның бармай қалғанынан бармағымды тістеп-тістеп, жұлып алдым. Иии бармақты емес қой, рушкамның басын 🙂 Өкініштің түтінінен үсті-басым ысталып, күйіктің иісі Кербез Айжанның мұрнын біраз мазалапты))

Ұнамағаны… Қуаныш

Патиктің Ернар Бекенов екенін, Ернар Бекеновтың «Хабарда», «Хабардың» мемлекет қарамағында екенін білгенде, басымды шайқамадым. Ал бальзамдалған Гүлшат пен термометр Жанна сияқты таныстарды көріп, танысып алғаным рас. Итпақшы, Әбіл Әкімнің қылжағын тыңдау, Жалғас Тайермен дауласу, Омар быраттың терминін ұғыну ұнады енді.

Аманат. Астана

«Неменеге жетістің бала батыр» демекші, демей-ақ қояйын. Келер жылғы құрылтайды Астанада я Бурабайда өткіземіз деп сырттай шешіп жіберді. Содан ұяттан жарылып кетпейік деп астаналықтар бетімізді шымшылап, қан айдап отырдық, қысқасы. Сол енді, қазірден бастап дайындала берейік деймін ғой. Инь болмаса, моральдық түріміз мөшыный болсынш 🙂

Пәтуа

Блогқұрылтайдағы ең басты пәтуа КИМЭП-те емес, «Керместе» де емес, «Алматы» гәстинсіндегі 427-бөлмеде жасалды.  Әбіләкімнің бөлмесінде болған Әбіләкім, Аршат, Патик, Жалғас, Өркен, Омар бырат, Ақтөбелік Ержан (аты осындай шамасы) бір бөлмеге адам сыйғызудан рекорд жасады деген бе… 🙂 Олай емес. «Абай кызының» тақырыбын қайталамайық дедік, очм. «Ұлт, қазақ» деп тіл айрылатын болды ғой, одан да реалда тірлік істейік дедік. Асауботаның мұрнымен айтсақ, «жұрт уже құр айқай, ұлтшыл жазулардан мезі болды, шаршады. босқа айқайлай бергенше шын ұлтшыл болсаң одан да сол энергияңды қазақша контент жазуға, пайдалы нәрсе істеуге құртқан жөн. мейлі ол мысық өсіру, тырнақ күтімі, секс позалары туралы, карбюраторлар туралы болсын, бәрі бір, әйтеуір басқаларға да пайдалы болатын қазақша тақырыптар жаз. 20 жыл бойы ұлтшыл тақырыптар жазылып келінді, түк нәтиже жоқ»

ПыС. Тағы да не жазып, не ғой… жазбамның көлемін ұлғайтсам болады екен? Ерлан ағам Қаринның сараптауы, Бекболат көке Тілеуханның сөзі, Мұрат брат Әбеннің ұстамы, Нұрғисаның домбырамен жырлауы, Патиктің киносы, Қисықтың футболкасы, Қалдықыздың Дубайдан алып келген мүсіншесі (Ырысбек саған), Балғырғанның кофесі, бәрі-бәрі ұнады. Асхат алдап әкеліп )))), интернетке үлес қосуды, Уикипедияның тілін қазақша шығаруды көрсетті. Осымен доғардым. Қайталағым келмейді. Ырза болыңыздар! Бір сөзбен, бәрі тамаша!

ПыС-пыС. тақырыптағы «Құрылдайды… ішім» деген осы жазба жазылған кездегі ас қорыту жүйемнің ішкі саясатынан хабар береді)))





Advertisements

25 comments on “Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім

  1. Аманбысың, Өркенім! «Ең жиі жаңаланатын блог» госинациясын алсаң да, неше күннен бері жаңаланбай жатыр ғой? Туиттерде де жоқсың… Бүгін бір жазбаңның қарасын көріп, қуанып қалдық…

    • Иә, бізді де аясаңдарш енді))) жол жүру бар, демалыс керек, қол босағанмен сіздердікіндей нетбук я ноутбук та тапшы болды, содан реті келгені жақында ғана… енді бабыма қайта кірермін

  2. Иә,жазбаң басқа бір қырдан танылып жазылған екен. Мықты…мықты… Суреттер де керек еді,сенің фотоаппаратыңдағы.

  3. Құрылтайдағы сенің презентацияңнан кейін сенің жазба стиліңе оқшаш жазбалар жазыла бастағанға ұқшайды

    • Солай дейсің бе? менімше, ос құрылтайдан соң блогтарын тастап кеткендер «балаларына» қайта оралып, жаңадан блог ашушылар көбейген сияқты. Жазбалар да сапалырақ болып дегендей…

  4. Өркеннің сөз саптауына таңқалам. Сен сияқты сөйлегенді жақсы көрсем ғой, шіркін!

  5. Қайтарма үнқосу: Барған да арманда, бармаған да арманда #blogcamp | Көңіл көкжиегі

  6. Мені қатырып айыпсың ғоооооооооооооой ))) Ішек-сілем қатқанша күлдім. Сөз жок! ))))

  7. осы мен 5-дегенне жалыгып кеттим е!!!! калай маганда сайт ашуыма болады!! а то тек комент жазып биздин Орекендерге сонымен шектел3п журген жайымыз бар!!! комек бере алатын бауырлар бар ма?!

  8. С1зд1н блогыныздагы ар жазбаны калдырмай окып журем1н. Жен1с1н1з кутты болсын! Блогкэмп басталгалы, ол б1ткел1 с1зд1н блогыныздан жазба кут1п жургем, тамаша шыгыпты. Саркылмас шабыт т1лейм1н!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s