Тұңғыш рет.. Бірінші болып…


Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше «Кермес» дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық.  

 

Біртүрлі ойындарды бастаған, «Қазақия» блогының мүдірі Рахат Жақсыбай болатын. Міне, сол сәттерден бір-екі сурет. Қағып алыңыз!

Айтпақшы, кездесуден соң интернет іздеп жүріп, ертең жасар презентациямызды бүгін жасап тындық. Оның қандай тақырыпта болатынын бүгінгі репортажымнан оқисыздар, бұйырса!

Advertisements

38 comments on “Тұңғыш рет.. Бірінші болып…

  1. Мен келсем кетип калыпсын ужеееее! Сени кормегеним окиништи :((( мына суреттегилерге кызганышпен караймын (корялмаятрм)

  2. Бәрекелді!
    Кездесу құтты болсын!
    Мен осы кездесуді көріп, қазақ блогшыларымен жақын танысайын деп едім, ақыры Ербол Албаннан сұраған жауапсыз қалды…
    Әйтсе де, Өркен сізден репортаж күтеміз:))

    • Келгенің жөн болар еді, енді айтып жеткізгісіз керемет болды. Трансляция да бар тамашаны бере алмайды ғой

    • Кімге айтайын, Айжан қыз? Жалпы келе алмай қалғандарың өкінішті-ақ, блогкэмп тамаша өтті! Тіпті, тамаша деген сөз де кемшіндеу сияқты

      • Bukiiiiil kyzdarga, sosyn Ashat agaiga i Kisyk inime 😀

        bar goi jamaaan kinalyp kettim! kaida karamasan bari blogcamp turaly jazyp, maz meiram, jalgyz ozim kap koigan sekildi kowtin artynda :(((
        estelikke suvenir ala kelwi, plz 😀 ozime saktap koyam goi. Tarihi wara goi blog kuryltai. Katysa almasam da, estelik kalsyn degen oi :)))) (toko tyn kymbat suvenir alma, akwam jetpei kalar :D)
        (tym kop zadanie berip jibermedim be???)

      • Ай сәләматыңды өте кешла оқып қалдым, кешіре көр 🙂 Ал базарлық жағын Қарақызға аманаттадық-ау болмаса, жақсы бір блокнот саған қалдырып қойғам, келесі кэмпімізде беремін

  3. Өркен аға келесі кемпке мені шақырыңыздар ұмытпай. Қызықты өткізуге тілектеспін!!!

  4. Суреттерге қарасам шынында жақсы болып өткен сияқты. Қазақстанда болмағаным жаман ақ, әйтпесе міндетті түрде қалмай барар едім ))))

    • Блогкэмпке жан-жақтан блоггерлер келді. Хабарландыру жүргізілді. Келесі жолы жаңалықтардан құлақдар болып, міндетті түрде келіңіздер! )

      • Ақзере жөн сөз айтады, блогшылар басқаларға қай жағынан да ұйымшылдығымызды көрсетуіміз керек, сондықтай естімей- көрмей қалдық деген болмасын! Бір-біріміздің блогымызға кіріп, кәмент жазып, пікір оқып, әйтеуір әпшение үзілмесін

  5. «Блогшылар» деген конфессиядан бөлек іргесін құрған сектанттар сияқты ғой мыналар.Қалай десек болады,менің Ерлан Әбдірұлы әріптесім айтқандай «Рухани секта» ма мынау?

  6. АНОНС: 22 наурыз. «Хабар» арнасы. «Әнгіменің ашығы» репортажы… «25 наурыз. «Хабар» арнасы. «Таразы» Оркен Кенжебектин бенифисі. Көріңіз… Қапы қалмаңыз!

  7. УАКЫТЫ: «Әңгіменің ашығы» 18.15. или 18.30 «Жаналықтардан» сон… Таразы. жума куни 23.05 /уакыты озгеруі мумкін /

      • Мақпал, үлкен еңбек жасадың, саған үлкен де үлкен рахмет барлық блогшы қауымның атынан! Максим Рожин, Мәди Бекмағамбет, Инга Иманбайларға да алғыстан бастарына екі шелек құямыз))))

  8. Мұзы аз салынған төрт бұрышты еврей шұңғылында виски жылып кетпей тұрып, ………….. деп тост айтпайын)))
    «Арақтан-алыс жырақта» акциясын ұйымдаструшы қазақ Жастар кеңесінің төрағасының көшбасшысы- жастарды қолдаған елбасымыз ….))))
    деген тікестерде керек емес сияқты. Әрине мен үшін.
    Бірақ «Сенің елің аман болса, сенің жаман болуға құқығың жоқ деп патриоттығымызды дәлеледейтін күш қайрат бар, себебі Ринад заитов айтқандай, Сенде, менде, жай әншейін пенде!
    Өркен рахмет,телепондатып тур!

    • Оппана, бұл өзі Сатыбалды мэтр ме десем, сөз саптауыңа қарап, стилің өзгеріп кетіпті ғой, а ыпрошем жарасып-ақ тұр, осы темпте бір жазбаларды төгілтіп тастасай

  9. Қайтарма үнқосу: Блог-құрылтай’11: есеп сөз « Дүние тануыМ

  10. Қайтарма үнқосу: Тұңғыш рет, бірінші болып… | Корей толқыны

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s