Бұны көрген де, көрмеген де «арманда»


Осыны көрсеңіз, 13 891-ші көрермен болайын деп тұрсыз. Сатыбалдының «Өріккен өрнегін уқалайды» деген бейәдеп мақалы бар еді… Соған салып, Ютубтен Салтанат Бақаеваның атын тере салып едім, мына бейне атып шықты.

Шыны керек, Бақаеваның түр-келбеті маған ұнайтын қыздардың образына жақындау енді. Ұнайды сәл-пәл. Бірақ, бұнысы жүрегіме қанжар сұғып алғандай болды. Неге бүйттің, Бақ-ае-ва деп бақылдасам, болмас. Ана «айс, айс бэйбиді» айтқан мәмбеттерді қойш. Ерігіп жүрген еврей «Боратты» буындырып өлтірердей боламыз, міне арамызда жүр екен ғой браттары. Бұған не дейсіздер?

Advertisements

43 comments on “Бұны көрген де, көрмеген де «арманда»

  1. Аллаһ сақтасын! Түрі бар… «Естімеген елде көп» деуші ед… Көрмеген де елде көп екен… Ай, Өрке (р өзің айтқандай түсіп қалған)! Бәрінен де не керек, саған жаным ашып тұр.)))))

    • Қайғыма ортақтасқаныма қуаныштымын 🙂 Болды, Бақаеваның жоқ постерін жыртып, санамдағы суреттерін умаждап, жадымның корзинасына лақтырамын))))))))))

  2. Салтанатты қойш, ана сайқымазақ боп жүрген жігітсымақтарға не жоқ, уяттан жұрдай болыптық қой. Өркен-ау, қай бетімді ұстайын а

  3. на қыздың аты*жөнін білмейді екенмін. түсінгенім, қазіргі қапқарашкамен айтатын қыз ғой?
    бұрын кішкентай кезде түсірген бейне сияқты ))) ол кезде танымал боламын деп ойламаған шығар.)))) білсе… сізді ренжітпес еді ә))) арзан қол бейнеге түсіп.)))
    сонда бейнеге бола ұнатпай қалдыңыз ба?)))

    корей әртістеріне келеді екен түр/әлпеті 😉
    бұдан бастап менде ғашық болсам бұл қызға, ешкім қарсы емес шығар… 😉
    негізі маған қапқарашкамен айтқан Жанар ұнаушы еді)))

    • Иә, сол қыз, мүмкін жас кезінде түскен де шығар, күшік білсін)))) Бірақ, осыдан кейін көңілім қалды, ойнамайм енді онымен

  4. «Кайгына» ортакпын, Өркен! Бораттың құрығы не деген ұзын еді? Қазаққа тиігізген кесірі аздай, енді браттарын жіберіп сенің қиялыңның күл талқанын шығарыпты. Тегін кеңес: қиялыңа әркімді Салтанат құрғызғанша, бір Мөлдір махаббат тауып алмаймысың. Әсем қыздардың әрқайсысын ойлай бергенмен, қала аруы боп кетер деймісің. )))))))))))))))))))

    • Басын жерден алмай, жылап жатқан сары семіз смайлик))))) Борат бұрын жалпы масштабта ешкім емес еді, енді жеке жауыма айналды деп қуып кеткен бе, Құдай сақтасын))))) Жөн айтасың, Мөлдір махаббатыма бір-екі қадам жасау ғана жетпей тұр, бәрі дұрыс болар, иншалла

  5. Бір қарағанда, далбаса… Жиіркенішті, әрине
    Дегенмен, кейде ойлайсың, түк жоқтан гөрі осындай далбаса жасап, бәсекелестік туа ма деп…

  6. Бұны Хит-тв-ден көрсетті бір күні… Салтанаттың не дегенін айтайын ба? «Әркімнің өткені болады! Менің өткенімді қазбалағаннан не табады ел?»деді. Бұл клипке түскен кезде Салтанат әлі «жұлдыз» емес еді…

  7. Германияда бірнеше рет «Үздік актриса» аталымы бойынша жүлде алған Сибель Кекилли («Тутамазды» айтатын Мурат Кекиллиге қатысы жоқ) деген бір түрік актрисаның да кезінде порнофильмдерге түскені әшкере боп қалғаны бар-тын. Оның қасында бұл не, тәйірі…
    Бұл клипке түскені үшін Салтанат емес, анау ербеңдеп билеп жүрген екі жігіт ұялсын. Ұялмаса өздері білсін. Өз шаруалары :))

  8. Әркімнің өткені болады ғой. Жас болып, шалыс басқан болар. Ақтағаным емес, бірақ қазір өзі де өкінетін ұқсайды. Осыдан өмірлік сабақ алып, болашақта жақсы жақтарын көре жатармыз.
    Пы.сы. Өзің сүйіп көретін Анджелина Джоли де жас кезінде наркоман, әрі жеңіл жүрісті қалайтын болғаны белгілі. Кейін ғой қайырымдылықпен айналысып, бала асырап, ел қадірлейтін тұлғаға айналды.

    • Әрине, жүз пайыз сөзіне келісемін, осыдан сабақ алып, тәубесіне келіп, жақсы амалдарға келіп жатса, қандай жақсы! Қайтадан жақсы көріп кетсем де, әжеп емес))))

  9. Қойшы Джолидің періше екеніне сенбеймін. Салық төлемес үшін қайырымдылық шарасымен типа айналысып жүрген шығар. Ал мына жабайылар не істесе оны істесін.

  10. Шынымды айтсам, бұл видеоны көрген жоқпын, көрмесем де не туралы екенін білген сияқтымын. Бәлкім оған ақша керек болған шығар деген ой сарт ете қалды. Әлде қызық көріп, балалықпен істеді ме екен? Адам аласы ішінде ғой, бәлкім пиар жасау үшін қасақана жасады ма екен… Әй, қайдам, мұны бір Алла мен Салтанаттан басқа ешкім білмейді

  11. «Арсыз болмай атақ жоқ, атақсыз болмай бақ қайда?» деген хакім Абай.Өреке,блогына кіре салсам,не сап қойғансың?!Мұндайды енді жарнамалаудың да қажеті болмас,сірә.Салтанаттың да өткені үшін өкініші бар екенін сезіп отырмын.Мына клиптен мен Салтанатты емес,ана қорбаңдаған алпамсадай екі жігітті аяп отырмын.Осындай арзан нәрсеге баратындай бұл қазаққа не болған.»…Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат,,,» Өтірік уайымдаған болмасақ та,өкініштен жарылып кетердей болып отырмын.

    • Осындайларды да тезге салып тұру үшін салып қоймасам, болмайды енді. Дұрыс түсін. Бұл жарнама емес. Сіздер абзал жандардың жүйкесін жұқартып қояйық деп қоямыз да, басқа еш арам пиғыл иок

  12. «У Соединенных Штатов в Малой Азии есть один верный союзник- это курды. За смешные деньги они совершат любой переворот в стране, где проживают.Благодаря им Турция, Иран и Ирак держатся нами на коротком поводке.»- Збигнев Бжезинский. Цитата из выступления в конгрессе США. 1979г.

  13. мда. Ұяттан бұрын туылған екен мыналар. Барлығы да. Салтанат маған ваще ұнамайды. Анау, Шіркін лайфта, майысып, қазақшаны жаңа үйреніп жүрмін деп, өзінше боп қалып еді ғой. Аж бесит.
    Негізі, өзіне де сол керек! Сол кезде ұялмаса, қазір несіне ұялады? Ұқпаймын.
    Есть вещи, которые нельзя делать, жас бол, ақымақ бол, просто әркімнің өз «рамкалары» бар, ол қызда рамка жоқ екен.

    Ех, Жанар десеңш))
    Жанардың даусын жақсы көруші ем.

    • Жанар да негізі жетіскен қыз болды деп ойламаймын. Бүткіл әлемге Нұржанмен тұрып жатырмын деп жариялағаны да ибалы қыздың іс-әрекетіне жатқызбас едім. Әрі тікелей эфирде Нұржанға жынданып, шығып кеткені өзінің тәрбиесінің қандай екенін көрсеткен сияқты.
      Адамды ғайбаттауға болмайды. Бірақ оның бәрін жұрт көрді, біледі, өздері де жасырмаған. Айтарым, әр адам шалыс басса да содан сабақ алу керек д.о. Бәлкім, бұлар қазір де ерлік жасадым деп ойлайтын шығар. Осылай бір жағынан қателіктерін айтып отыруымыз да қажет шығар.

    • Хе-хе-ха деп күледі мұндайда))) «Есть вещи, которые нельзя делать, жас бол, ақымақ бол, просто әркімнің өз “рамкалары” бар» деген сөзіне сұқтана тұрып, таң қалдым. Неткен ақыл десейш))

  14. Кәдімгі «Кавказская пленицаның» қазақшасы ғой мынау. Тек мына үш қазақ жігіттерінің жанында әлгі Никулин, Вицин, Моргуновтар таза періште сияқты…

  15. Салтанатты жактап турган тугім жок. Біраз уакыт бойы коре алмай жур едім міне енді карадым. Даненесі де жок. Жай гана екі тентектін уятынан безгені. Ал Анші сымак Салтанаттын досы деп ойлаймын. Болмай койган сон тускені болар.Бураттын филімінде буркырап жургеннен, жаланаш жындыны шыркыратып жургені артык.Конілім баягыдай )))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s