«Каспий» суалып, Нұрлан мен Мұрат қосылады


Қайтадан дейікші… Қайбір жылдары құлақ барабанымызға құрт болған «Нұрлан мен Мұрат» деген дуэт бар еді, білесіздер. Екеуі ендігәрі жолымыз бір болмас деп екі жаққа кеткен.

Енді бүгін естіген «свежий» жаңалығыммен бөлісейін. «Каспий» тобы тарап, ал Нұрлан мен Мұрат қайта қосылады екен.

Бұл өсек те, төсек те емес (ващще не в тему ұйқас), сенімді ақпарат көзінің аузынан ас ішіп отырғанда алынған. Былай ғой, бүгін «Хабардың» «Сонымен, солай» деген хабарына барғам. Қонақ ретінде құрметтеп шақырған соң, қалмадым. Амантай қажының бүгін жігіт жасы – жетпіске толып жатқанына байланысты жиналыппыз. Түнде мақала жазып, таңертең амантайтанушы болып оянған менен бастап атамызды саяси клоун, қуыршақ, «тағы бірдеңе» деп айыптадық. Отыздың үшеуіне келген бір қыз Амантайға тоқал болуға дайынмын деді. Итпақшы, Амантай аға, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын, жүз жасап, отырыстың гүлі болып жүре беріңіз! Сонымен, сарапшының бірі, экс «Нұрлан мен Мұрат» – Нұрлан болған. Анау көзінен қара әшкиі түспейтін, еңсегей бойлы, төртпақтауы ше? Ммм, сол Нұрланмен түскі аста сорпа сораптап отырғанда, өзі «Нұрлан&Мұраттың» перезагрузкасы туралы әңгіме бастады. Қателесіппін, бастайын деген жоқ, бастап берген, «Жеті күннің» жебеушісі Ринат Думанұлы еді.

Содан, қысқасы деп ұзағы, Нұрлан мен Мұрат қайтадан жұп болады. Қазір өңірлеріне жалтырақ темірден салып, тамаша костьюм тіктіріп жатқан көрінеді. «Мынауский, рокерский» болад дейді 🙂 Одан кейін Нұрланның связкалары арқылы Украинадан (!) мелодия іздеп жатыр екен. Тапса (табамыз дейді), сөз жазып, Мәскеуден сәндей салады. Мәскеуде 400-500 долларға аранжировка жасату Алматыдағы 1000-2000 долларыңнан әлдеқайда арзан һәм сапалы деседі. Екінші жаңалығы, жаңа айттым, 2007 жылы құрылған «Каспий» тобы тарап тынатын көрінеді. Мәселе қаржылық қиындықта-мыс. Батыстың жігіттері пәлен жерден патриот болса да.. бесеуінің бір адам болып жүріп-тұруы қиын екен. Екен деген Нұрлан көкем. Содан жұмыссыз қалатын Мұрат Қожа досы Нұрланды тауыпты.

Енді жұлдызды дуэттің құрылғанына он жыл толғанда, қайтадан «жұлдыз» боламыз дейді)))) Болсын. «Лейла», «Шашы ұзын қыз», «Махаббат» секілді хиттерінен кем түспейтін әндер жазсын. Ал, «Каспий» суалса да, ондағы жігіттер орын таппай қалмас…

Сіздер үшін шоу-бизнес шолушысы болған Өкен (р-сы түсіп қалды)

Advertisements

26 comments on “«Каспий» суалып, Нұрлан мен Мұрат қосылады

  1. О несі? Талағыңыздан талқ айырылып!))))))))))))) Батыстың боевой жігіті болдыңыз ғой, сірә!?)))))))))))))))))

  2. Осы біреу батыс туралы бірдеме айтса, менің де қаным басыма шаба бастайды… Дегенмен, рахмет, сіп-сібежи хабарыңа!

  3. Дегенде Нұрлан Мұрат, Мұрат Нұрлан.
    Дуетке тарап кетіп сызат қылған.
    Қайтып келген дуетте береке бар,
    Бас қосып ел құлағын шұнақ қылған!

    • Қайтып келгенде береке бар деп көрейік ақырын, не де болса, саясат пен шоу бизнестің заңы бір ғой, келеді кетеді, қосылады-ажырайды дегендей

  4. hehe, kiwi juzdin `otli4itelnyi 4ertasy` goi. 😀 Birdenke desen kandary kainap, tulap wyga keledi. Ozim de solardyn katarynan bolgan son erkin aita berem 😀

    Nurlan men Murat degen jaksy top edi. ehh, kezinde super bolatyn. Kaspii tarkasa tuk bolmaityn sekidli. Beseui de jeke anwi bola alatyn jigitter goi, Lukpan agamyz onsyz ak `zvezda`)))))

  5. Туһ, шіркін-ай! Саяси сарапшы деген атағыңа амантайтанушы деген лақабыңды енді қоса бергенде тағы бір қырың ашылып сала берді-ау. Сені «ХитТВ» ге (немесе «Жұлдыздар отбасына») бастық қылып қойса, тайпалмай жүріп кететін сияқтысың ғой. Енді бір спорт туралы мақала жазшы.

    • «Жұлдыздар отбасынан» бас тартпас едім)) (дәл қазір біреу беріп тұрғандай орын), бірақ болливуд отбасы болып кете ме деп қауіптенем өзімнен.. Ал спорт жайында, Шумахер туралы шерлетсем деп жүрмін. Бір сәті түсер

  6. Қайдам, қосыла қоймас… Жеке басыма Нұрлан мен Мұратқа қарағанда, «Каспийдің» өнердегі өрнегі ұнайды

  7. Каспи суалып дегенде шошып кеттім ғой тәйірі. Нұрлан мен Мұрат 100 қосылып, 100 ажырасса да бәрі бір. Каспи теңізі аман болсыншы өзі. 🙂

    • Иә, бәрі құрсын, осы Каспий теңізі аман болсынч, бекіре уылдырығы мен түлендеріне жау келмесін, шағаласы шаңқылдай берсінч

  8. Бас жарылса бөрік ішінде дейді ғой. Нұрлан да, Мұрат та, Каспий де өзіміздің әншілер. Лұқпан ағаның өзі эксперимент жасағанды жақсы көретін адам ғой. (Өз аузынан естігем бұл сөзді) Ақылбекті жіберді, Мұрат кетсе де қайғыра қоймас. тағы да кішігірім эксперимент жасап, замена тауып алар…

  9. Лұқпан быраттың еңбекқорлығын ұнатамын, сазгерлігі де мықты, «Табиғатымды» айтқандағы дауысы да ерекше еді, қызы қайда жүр екен? Сәпсем көрінбей кетті?

  10. Ай, ӨРКЕН өсекке көп елти бермеші, құрсын сол батыстың жігіттері, Тараздықтар құсап жүрші, «Формула – 1» тамашалап.

  11. Өркен бауырым маған жаңалығың емес, оны жазуың ұнады. Тамаша. Сықылқтап күліп отырып оқыдым.

    Ал, енді Нұрлан мен Мұрат қайта қосылса, бақытты болсын!

  12. Иә, Лұқпан аға, ілмиіп жүріп қызын да, ұлын халыққа танымал етті ғой. Молодец! Кез-келген әкенің қолынан келе бермейді бұл!

  13. Эй, Табиғат, батыстың жігіттерінен не жамандық көрдің?! Оттай берме артық! Сосын , Өркен, сен де сондай пікірлерді жариялай бермей, кішкене қарасайшы.

  14. Ал,мен сіздің свежий жаңалығыңызда шындық бар екеніне күмәнім бар. Егер менин сөзіме сенбесеңіз, Masa.kz сайтында жарыкка шыккан сол Мұрат ағамыздың «Қазақтар өз байлығынан қағылған» атты сұхбатын оқыңыздар!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s