Хамелеон


«Соғыс басталды! Ақпараттық» деген жүз жол жазба сүйкеткен едім. Кеше. «Сәуірде сайлау өтетіні белгілі болысымен, жариясыз түрде осы соғыс жариялануы керек еді» деп басталады. Созып қайтем, Қазақстандағы ақпараттық соғыстың салт-дәстүріне тоқталып, Әлиев, Әбіләзовтың билікпен арадағы қағаз қақтығысына сәл кідіргем. Ол материалым оппозишн болып кетті-ау, кәзеттен ырғып түсті (кейін шыға жатар).

Сонда айтам да, осы тақырыпқа сөйлеп берер сарапшы таппай қиналғаным. Айдос ағам болса да, жалғыз оның аузын баға беруге болмайды ғой. Ойлана келе, «осы дұрыс ау» деп, пәлен ұйымда, түген жерде істеп шыққан, сөзі ірі деп жүрген саясаттанушыға қолқа салдым.

– Ағасы, Астанадан едік. Кәмент сұрасақ, қалай болады? Уақытыңыз бар ма? Бір минут, бес минут?

– Уақытым бар. Ал мұршам жоқ.

– Қалай сонда?

– Министрлікке жұмысқа тұрып едім… Сондықтан, ешқандай кәментарий күтпей-ақ қой менен.

– Бұрын талай пікір алып жүруші едім ғой, ағасы…

– Айттым ғой, министрлікке жұмысқа тұрдым.

– Жарайды онда, құтты болсын қызметіңіз!

Сөйтіп, осы кезге дейін суперобъектив боп келген саясаттанушым «сынып түсіпті». Аты-жөнін айтпай-ақ қояйыншы, ғайбат па, ұят па, бірнәрсе болар. Айтарым, кәзеттен түспей, қырғыз жағдайына да, оппозиция ахуалына да именбей пікір айтып жүрген азамат еді. Білім бар. Тәжірибе бар. Нағыз пісіп-толып, ақыл айтар шағында ауыз қуысына құлып салғаны қиын  екен… «Сочувствую». Осы Ерекең  (Қаринді пример қылып, қоймадым-ау) мемлекеттік емес, саяси қызметте жүрсе де, «Свобода словаға» сұхбат беріп, Ерімбетовтың қисық сұрағына арқасын төсеп жүр ғой. Бекболат ағам да «Алтынбектей саясаткер, әлдекімдей батыр болмаса да» (өз сөзі) батыл сөйлеп жүр емес пе?

Анау Сатыбалды ше? Мынау Патик ше? 🙂 Очм, карьера деп шығармашылық тәуелсіздігін жоғалтатын, жұмыс деп өз пікірінен бас тартатын адамдарды аяймын. Әйтеуір, аман болсынш, ағалар!...

 

Advertisements

6 comments on “Хамелеон

  1. Өткенде мен де, бір жігітке интервю бер десем, министрлікке жұмысқа кірдім деп күледі (амалсыздан шығар). Мен де күлдім.

  2. Әрине, ешкім өз тыныштығымен, отбасы тыныштығымен «рисковать» етпейді ғой. Мен болсам да сөйтер ем, қайсысымыз болсақ та. Ол айдан анық.
    Бір саясаткер кезінде айтқан екен: саясатпен тек жалғыз басты адам айналысу керек. Билікті де сондай адам ұстаса жақсы деп. Расындада, әр кімнің «ахилесс тобығы» бар ғой. Ол жанұя, жақын адамдар, кем дегенде жылы кресло, былғары портфель. Таң қалмадым. Өмір солай.

  3. Сонда да, оларды сыртынан тұлға дейміз ғой, оның үстіне соншалық оппозишн пікір сұрап жатса, бір жөн. Мемлекеттік, саяси қызметте жүрсе де айтарын айтып жүрген кісілер баршылық. Соларды батыр деп те айтуға келмейді. Түптеп келгенде бізде сөз қадірі түскен ғой, кім не айтса да бәрібір. Содан ғой, сөз сөйлемегені үшін нервничать еткенім

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s