Рейтингіңе риза бол!


Ренжісеңіз де (кімге?), рейтинг деген (пәле?) рулить етіп тұр. Қой-бизнестен шоу-бизнеске, саясаттан секске дейінгі санаттың бәрін осыған бағындырып қойдық. «Нарықтың талабы» әм «жариялылықтың көрінісі» дей ме, сондай очм. Қарап жүрмей, Гуглден сурет қарап отыратыным бар емес пе? Сол ғадетпен арғы күні ме, көзіме өзіме өте таныс жігіттің фотосы жылыұшырай кеткені. Жата қалып,

жер иіскемесем де, оның астаналық «Нұр Астанада» (таптализм) жарияланғанын білдім. Айтпақшы, «Нұр Астана» деген нұрлы қаламыздан шығатын жастар кәзеті һәм кіл жастан құралған ұжымның мүдірі Ғабит Мүсіреп (классик Мүсіреппен туыстығы жоқ) деген мықты (анықтама үшін). Құдай-ау, сонымен өткен жылдың қарашасындағы «Үздік үштікте» шаңдатып жүрген шамамыз бар екен. Азды-көпті қағаз шимайлап, (перне) тақта тоздырып жүрген соң ба, жылтырап жүрген жастардың қатарына қосып жіберіпті. Естеріңізде болса.. болмаса айтайын, мына біздің Асекең (А.Еркімбай) былтыр емес, арғы жылы екінші орыннан көрінген. Осы «Нұр Астананың», осы «үштігінде». Алдын орап кеткені, ұят та болса Нұрлан Өтешов, артында Жанболат Мамай тұр. Жаман кампания емес, әрине 🙂 Әсіресе, екеуінің де екі басқа жолмен болсын, саясаттың сүрлеу салып жүргенін ескерсек… Мұны қайдан білем десейш? Біріншісі, Асекеңнің биографы болсам деген арман бар (кішкентай), екіншіден, «Жас алашта» осы жайында (кішкентай) мәтериал шыққан.

Асекең салған ақ жолмен, мына пақырыңыз да екінші орында еліріп тұр екен. Если што, алдымда КиВиН-ның көсемі Нұрлан Қоянбаев. Арт жақта, амиго Әнуар Нұрпейісов… Анау «Розовый заяц» ше, 🙂 жас актер, жақсы актер. Әрине, «Нұр Астана» «Forbes», тіптен «Newsweek» те емес. Әрине, бұл Эло рейтингісі емес, ал біз Цукерберг я Жебіс (Джобс) емеспіз… Дегенмен, сәл-пәл басыңды қылтита бастасаң, рейтингтетіп тастайтынын кеш те болса, түсініп жатырмыз. Жаңа жылда анау, «Хабардағы» «Таразы» бағдарламасы «жыл журналисін» іздеді ай келіп. Кәмшат Тасболат («Айқын») бар, Дина Төлепберген («КТК»), мына Өркен бар («Халық сөзі»), бәрімізді ары-бері қотарып жатып, Дәурен братты (Қуат) үздік деп үкіледі. Жарыстырмай-ақ қараңдағы жарық сияқты белгілі ғой солай болары. Өркенді Таразда тырбаңдап жүрген жерінен журналистиканың қазанына тастап жіберген осы Дәурен ағам болатын. Ақпараттың аласапыранында адастырмады. «Жай ғана материалым шықса жетеді» деп жүрген «Жас қазақтың» жаухатшысы қылды. Сенім артты, секеммен күрестірді, жаңаша ойлауға жетеледі ғой, жазар болсам.

Сол үшін, Дәурен ағама триллион да бір алғыс айтамын! Және мен үшін ол әрқашан «үздік журналист». Ал, рейтинг.. оны қойшы. Рейтингке шықсақ, ризамыз!

Advertisements

24 comments on “Рейтингіңе риза бол!

  1. Ай, красабшік, құтты болсын, амиго (с)!
    Радпын сен үшін.
    Көзіміз қызарып, көшеден сенің суретің ілінген билбордтарға қарап телміріп тұрайық))))

  2. Кимдер ілінген Форбстың рейтингінде сен неге көш бастап тұрмасқа?! Уақыт оған да әкеледі. Тілектеспін! Только мемлекеттің ақшасының арқасында тұрмасан болды. 🙂

  3. Мяссаган!!! Бұл расында қызық екен. Шоу бизнестін тентектерінің арасынан журналисттер қауымынан бір азамат көрініп жатса неге қуанбасқа? осыдан былай үштік одақтың ортаншы ұлы деп атайтын болармыз.

  4. Құтты болсын, ағасы! Орта толсын, оқырман көбейсін! 🙂 Желпініп сөйлейтініңізге таңмын, елдің айтуына қарағанда, өмірде ондай емес сияқтысыз… 🙂

  5. алдында бир курбымнын(оны Оркен де таниды) «койш сол козилдириктини, унамайды жазганы демеси бар ма?!» жатып кеп ренжидим. Оркенді мойындамау ушин одан асып жазып ал ауели дедим! короче, Оркен братан ушин турдым гой! сен маган ен жаксы достарымнын, көшбасшы журналистердің бірісің! буркыратып жаза бер! каламын мукалмасын, то есть клавишан!

    • Мен үшін тұрып беретін қарындасымның бірі де бірегейі осы Ақырыс қой, айналайын! Аман бол, рахмет тілекке, сен де менің ең жақсы достарымның бірісің, ал анадай сөздерге мәу деп назар салмай-ақ қой, менің баршаға ұнауым міндет емес))))))

  6. Алды болмағаныңыз қандай жақсы болған – көз тиер еді, арты болғанда – сөз тиер еді. Осылайша ортанбай болыееееп жүре беріңіз, Өрнек-аға!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s