Қалай ғана 4,7 млн доллардан қағылдым?


Иә, қалай ғана десей… Қайбір күні Фэйсбукке фэйсімді қаратып отырғам. Barr.Martins Burah деген азаматтан хат келе қалды. Қайдағы бір

М.С.Кенжебек деген көкеміз жүбайымен, жалғыз қызымен бірге көлік апатына ұшырапты. Шіркін-ай, қайда десеңізші, Қара құрылықтың Того деген туу қияндағы тупигінде. Тогоның астанаы Ломе қаласында өмір сүргенімен, құрғыр біздің азамат екен-мыс. Аман қалған ешкім жоқ енді (Құдай сақтасын). Ал, мынау Мартинс деген соның 2007 жылдың 26 желтоқсанынан бері жеке адвокаты әм заңгері екен… Артында тігерге тұяқ қалмаса да, Кенжебек көкемнің жеке қорында 4,7 млн көк қағаз қалыпты. Енді оны кәмпескелеп, я басқа қылмай тұрғанда, бөлісіп алайық дейді Мартинс. Несін жасырайын, бір сәтке көз алдыма доллардан үйшік салып, Феррари FXX-пен жүрген.. очм, тәтті қиялдың тұманы басты да қалды. Тырмалап ашсам да, тез кете қоймады (ақшаның буынан әшкиім терлеп кетті :-)) Оның үстіне ол «Я не знаю вас, но я чувствую, вы будете человеческого достаточно, чтобы быть честным со мной по крайней мере для чего вы в дело способны что-то выборка» деп адамгершілігіме тиісіп тұрса ше? Туған-туысқан дегеннен ешкім болмаған соң, енді фамилиялас деп маған шыққанын, «марқұм» Кенжебектің туысы қылып көрсетіп, жеке салым ашып беретінін жазыпты. Сәл болмағанда, сызып көрсеткен телефонына хабарласып, «Того, қайдасың» деп тартып тұрайын дегем 🙂 «Бәрін құртқан» – Мұхтар Жанұзақ ағам. «Ой қарағым, аптығыңды бас, бұл қарапайым ғана алдау. Ол ақшаны адал еңбегіңмен де табасың. Бір қызығы, дәл осындай алдауларға көптеген білімді деген, ақылды деген адамдар түсіп қалады» деп қояды.

Рас қой, Тогода қаңғырып жүрген туысқаным жоқ сияқты еді 🙂 Анша-мұнша емес, 5 лимоны бар иеще


Advertisements

10 comments on “Қалай ғана 4,7 млн доллардан қағылдым?

  1. Мұндай хат маған де келген, Ореке. Бірақ сюжеті сәл басқалау. Әлгі шетелдік қызбен бар білген, ойдағы-қырдағы орысшамды қосып, біраз жерге дейін хат жазысып барып қалдық. Менің орысшамды түсінбеді ме, әлде қыл-қылдап сұрай бергенім ұнамай қалды ма, білмеймін, оның тарапынан хат жазу үзіліп қалды. Енді не істеймін? «Хат жазып тұр, хат жазып тұр…» дедім қалдым… :))

  2. Бұндай хат менің yahoo-дағы почтама келген. Лапша екенін белгілі ғой.Сатылбадыша кет на… деген жауап жібергем.

  3. Ай, Өркенжан шансты құртыпсың ғой, баруың керек еді, құрығанда қара құрлықты көріп, ауылдың баласы болып келетін едің))))

  4. Мұндай хаттардың талайын көргенмін. Бұрын ағылшынша келетін Қазір орысша аударатын болып жүр. Өткен жылы Нигериядан жолдаған бір хатта көрсетілген адрестерге мен де хат жаздым. Әрине, ағылшынша. Содан олар өтірік-шынын құдай білсін, банктің шотын да жіберді. Мен оларға біздің эрамыздан бұрын жабылып қалған Халық банкінің карточкасының нөмерін жаздым. Қысқасы, кімнің жүйкесі қаншаға дейін сынайын дегенім ғой. Соңында олар Western Union-мен 465 евро жібере қойыңыз деп адрес жіберіпті. Ақша аудару үшінбіраз шығындар кететін көрінеді-мыс. Ал, мен оларға «давай сендер маған 450 евро жібере қойыңдар, сосын мен сендерге өздерің айтқан ақша маған келгенде үш еселеп жіберемін» деп ағылшын тілімнің жеткен деңгейінде хат жазып едім. Әлгі адвокаттар ұшты күйлі жоғалды. Қызық емес пе, ә? Өркен мырза, сен де сол «адвокаттардың» миын ашытып көрмедің бе?

    • Бәлесін қарашы, мен де біраз жерге дейін әуреледім. Сенбеймін сендерге деп қойып, деректерімді жазып та жібердім, жауап күтіңіз деген, капутос болды содан бері

  5. Қорқақтығымның да пайдасы бар екен ғой. маған да келген Қасымов деген біреу авариядан өліп қалды деп. Артынан көөөөөөп ақша қалды деп. Айдалада жаткан куйрык бұл неғылған батпан құйрық. Көк жәшіктен осындай алаяқтар туралы қақсап жатады ғой, әкемнің түнерген кезін елестетіп, айдалада жаткан куйрык бұл неғылған батпан құйрық деім де, дереу әлгі хатты өшіріп тастағам. Басым қатты істейді екен, ә?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s