«Зордан зор шықса…»


Іскер қауымның аузынан іркіт аққандарын «Forbes» жорналы іліп алып, жылда рейтінгісін жасап жүреді. Биыл наурызда белгілі болған бай-бағлан арасында Қазақстандық бес азаматтың қарасы көрінеді. Олар кім еді десеңіздер, келесі тізімге қарай салыңыз (мәліметтер http://www.forbes.com cайтынан алынған). Тізімде алдымен рейтингтегі рет саны, аты-жөні, содан соң байлығы (В – млн.), жас мөлшері, кіріс көзі (mining-кен игеру, banking-банк ісі),

қай елдің азаматы екені көрсетілген…

Біз үшін бірінші орында тұрған «Қазақмыс» қожайыны Владимир Ким бір жылда қалтасына млрд доллар салыпты. Салыстыру үшін оның өткен жылғы капиталы 3,7 млрд болса, биылғысы, міне – 4,7 млрд доллар. Әрине, бұл ақша аспаннан жауған жоқ. Ким 2010 жылдың қазан айында «Қазақмыстың» 11 пайыз акциясын мемлекетке сатып жіберген болатын…

Ал 297-ші позицияны ұстап тұрғандар ішінде «тамаша үштіктің» аты-жөні әр қазаққа таныс шығар. Әлижан Ибрагимов, Патох Шодиев және Александр Машкевичтің байлықтары теңдей – әрқайсысының қазынасында 3,7 млрд доллардан бар. Әрине, Шодиев Бельгияның, Машкевич біраздан бері Израильдің азаматы екенін ескерте кеткен жөн.
Топ-менеджер Тимур Құлыбаев пен оның жары Динара Құлыбаева рейтингттің 938-ші орындарынан табылып, бар тапқан-таянғаны 1,3 млрд долларға жетіпті. Былтыр бұл көрсеткіш 1,1 млрд долларға тең болатын. 1140-ші бағанда «Қазкоммерцбанктің» негізгі акционерлерінің бірі Нұржан Субханбердин жайғасыпты. Былтырға қарағанда қалтасы 100 млн-ға жұқарып қалған банкирдің байлығы 1 млрд доллар болыпты. Әлі де болса, «қазақстандық Рокфеллерлер» қатарына 2008-2009 жылдардан бері қон жинай алмаған банкир Бақытбек Байсейітов пен Болат Өтемұратов қосылмай тұр. Сәттілік тілеп қояйықшы!

Айтпақшы, биылғы миллиардерлер көшін 74 млрд доллар капиталмен мексикалық Карлос Слим Хелу мен оның отбасы бастап тұрса, сіздер үшін таныс болуы мүмкін үнділік Лакши Миттал алтыншы орында, 31,1 млрд доллар байлығымен былқып отыр.

Advertisements

10 comments on “«Зордан зор шықса…»

  1. Бар байлығымызды сорып жатқан сүліктердің рейтингісі бұл…басқа айтарым жоқ…ренжімеңіздер..

  2. Е, сорлы қазақтар жөйтті, өзбекті, кәрісті млрд қылып, қазақты ең соңына қалдырған. Әлде мұнда бір қулық бар ма?

  3. анау Машкеевич дегендерің Семей полигонын жабу кезінде біраз ақшаны қымқырған деген қауесетте бар…

  4. eger Orken Kenjebek Togadagi tyiskanin izdegen bolsa sol kazakstandik millarderlerdin katarinda ozin de korip otirar edi iaid=429 alt=’:Подмигиваю:’

    • Соған өкініп отырмын-ей, чиним, екі айлығымды алдын ала алдырып, достарымнан қарызданып, Тогоға тартып кетсем бе екен

  5. Жер домалак кой. Пушкиннің «алтын балығындағы» асып-тасқан кемпірдің соңында жыртық астаумен қалатыны бар еді ғой. Бұлардың да дәурені өтер бір куні, бұлар да жыртық нәскимен, қатқан нанмен, қара сумен отырар…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s