А. озыпты, Қ. қуыпты


А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… «Ел-Жұрт» сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.

Сөйтіп, Бекболат ағамыздың бастамасымен, «Намыс» жорналының қолдауымен астаналық блогшылардың  арасындағы шаңғы жарысы сәтімен өтті. Аршат, Жанасыл, Рахатқа «көзге көрінетін» жүлделер тапсырылса, көрермен болып үлгерген бізге кітап пен дискіден тиді))).  Көк мұз, ақ қардың үстінде ұйымдастырылған дастарханнан дәм алып, термостан ыстық шай іштік. Алғаш жарыс болса да, ұйымдастырушылық жағынан мін іздесеңіз де, таба алмайсыз. Тоқетері, Бекболат ағамыздың арқасында шаңғымен дос болатын түріміз бар. Бәтеңкем дәулік етсе де, байғұс шаңғыны қинап, бір айналым жүріп қайттым. Құм басып үйренген аяғым шаңғы деген шудо-сайманмен осылай танысты 🙂

Біраз бұрын конькимен таныстығымды жазған едім, енді міне.. шаңғы! Біреу күлетін де шығар, бірақ осындай өркениет игіліктерін кеш те болса, меңгеріп жатқанымызға қуаныштымыз әйтеуір)))

Шемпиондар бір-бірін құттықтап жатыр (Аршат пен Жанасыл). Рахат кешір, кадрға сыймай қалыпсың)))

Advertisements

13 comments on “А. озыпты, Қ. қуыпты

  1. Оңтүстік жақта қыста қатқыш Есіл, Жайық болмағасын ба, жатсынғандай едік о баста… Бірақ ә дегеннен аяққа жапсарластырылған шудоға бойды үйретуге аз уақыт бөлінгесін, тез үйретуге тура келгенін жасқанбай ашық айтпақ шарт 🙂

    Біздікі отбасылық спорт мейрамы болды. Жарыс жолының орта белінде Кәмшат өкшелеп жетіп келді де, мәреге екеулесіп, жол-жөнекей әңгіме-дүкен құрып, әдемі жеттік. Басқа қатысармандар арқа еттері арша(т), борбай еттері борщ(а) боп жатқанын білем, әйтеуір :)))

    • «Арқа еттері арша(т), борбай еттері борщ(а)» ))) қатырдыңыз, Нұреке, Құдай бұйырса, сіздікіндей семья болуды Құдайдан тілеп отырмыз, отбасымен блогкер, отбасымен спортсмен деген сұмдық емес пе, а?

  2. Өреке, репортажды қатырыпсыз! Қаламистиканың хас шебері екеніңізді байқаттыңыз-ау, сірә! Тек А.озды, Қ.қуды деп жүріп, К-нің АБСОЛЮТТІ Шемпион болғанын ұмытып кетіпсіз ғой! 🙂 Әлде сіздер үшін Қыздар спорты спорт емес пе? 🙂
    Айтқандай, көктемнің ең шуақты мерекесі құтты болсын! 😉

    • Рахмет-рахмет! «Ең басты бәсекелесімнен» мұндай мақтау еститін де күн, сағат, майнут бар екен-ау.. 🙂 Ой, абсолют шемпион деген теңдессіз Елбасы дегенмен бірдей күпірлік болар деп жазбай қойып едім 🙂 кеше сал біздің қисынды…

    • Хе-хе, өзің ғой келмей қалған.. қыз атаулыдан Кәмшат Тасболат деген керемет жорналшы-блогшымыз әм Нұрғисаның жары болды))))

  3. Қайтарма үнқосу: Астана.Есіл.Блогшылар.Шаңғы.! « Жиған-терген

  4. өз басым спортты жаным суймейді, жүрейін енді аяғыма серейген бәлені байлап, қыстың қақаған суығында арамтер боп ырсылдап жүгіріп! онсыз да ауылдың күйбең тіршілігі жетіп артылады, соның өзі дап-дайын спорт бізге.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s