Акимс. Қанат Бозымбаев


Әнебір жолы Жамбыл облысының әкімі жайында түрткенмін. Біреуге ұнапты, біреуге ұнамапты. Типичный жағдай. Қорықпаңыз, материалымды копи-паст қылайын деп отырған жоқпын. Әңгіме болсын деп жамбылдық әріптесіммен сөйлесіп қалғанмын. Агентте. Аты-жөні.. маңызды емес, маңыздысы еркін ойлайтын, орысша жазатын журналист. Сонда Бозымбаевты бас-көз демей

ұрған жеріме ол араша түсіп, өзі көріп, біліп жүрген бірер жайттан айтып еді. Сонымен, сөз өзі Бозымбаевтың облыста он аудан бар десек, сол әкімдердің бірде-бірінің есебін тыңдамағанынан шықты. «Онысы несі? Аудандардың ішкі құрылымының ішек қырындысына дейін берілген баяндаманы тыңдауға Бозымбаев неге құлықсыз болды екен?» деп, өтірік бас ауырта қалдық. Астар жоқ жерден бұзаужалақ астар тауып алып, ал қопардық ай келіп… Мысалы, аудан әкімдерінің бетін көргісі келмеген Бозымбаев біз секілді Есілдің мұзында шаңғылатқысы келен шығар дедік. Бұған орыс журналистім бүй деді: «А что их слушать – их же по телику крутили каждый день – в подробностях. И потом, все доклады ему занесли на стол – он с ними ознакомился. А вместо него на отчеты выезжали замы – которые протоколировали, какие проблемы у кого накопились.. Его там не было, но его уши там сидели 🙂 Уж поверь мне, он Штирлица переплюнет.. :-)».

Шыны керек, Жамбылдық әкімдердің кейбірі «атың шықпасаң, жер өртенің» ар жақ бер жағында жүргені бар. Мысалға, Мойынқұм ауданының әкімі Болат Рысмендиевтің бір елді өзіне қарсы қойып, «вахталық әкім» атанып жүргені анау. Алдына келген адамды қабылдамайды, аптасына 2 күн ғана жұмысында отырып, қалған уақытын қияндағы Меркіде, жанұясының жанында өткізетін көрінеді. Алматыда, Таразда қызмет жасағанда да, отбасын көшіріп алмай, жұмысты жол үстінде атқарғанды жақсы көреді деседі. Енді осыны тығын жұлғандай тип-топ қылса, Бозымбаевқа кім «тоқта» деп айтады екен? Болмаса, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ермек Бықыбаевты алайық. «Астана» мөлтекауданындағы тұрғын үй құрылысынан 26 млн. теңге «үнемделгенін» біле тұра, қабылдап алыпты. Жемқорлыққа қарсы кеңеске шақырылған Бозымбаевтың өңі бозаң тартып: «мен өзім тағайындаған адамдар үшін ғана жауап беремін», –  дегенде, маңдайынан суық тер ытқып шықты (спецэффектілер әрине, автордың қиялынан). Ауызекі тілде айтсақ, Қанекең қанатының астындағы «команда» үшін ғана жауап береді екен де, басқалары… беш тиын деп жазғанбыз. «Демек, Жамбыл облысы жемқорлық меңдеген аймақтардың үштігінен қара үзіп шығуы үшін, кофе қайнататын хатшысына дейін Қанат ағамыздың танысы болу керек шығар, ә?» деп қақтыққанбыз ғой әлгі жерде.

Әрине, Бозымбаевтың «әлсіз» тұсы – тендер. Құрылыс, көше безендіру секілді облыс үшін «стратегиялық маңыздағы» салаларда беймәлім алматылық фирмалардың бағы жана беретін болыпты деген сөз есіп тұр. Осы жәйттерді тізе отырып, атын жасыруды өтінген кәсіпкер: «Да тут он  все тендер в одни руки отдал», –  деп налыған еді. Нақтырақ мысалдарды «Жас алаш» газетінен жата-жастанып оқып алсаңыз болады. Әрине, әкім тендердің 70 пайызын жергілікті фирмалар алды деп айтып ақ жатыр. Бұл турасында орыс журналисім «Напротив, он отметил, что теперь местные больше выигрывают тендера, чем раньше» деп қарсылық білдірді. Әңгімелесушімнің айтарына сенсек, «В любом случае я вижу, что перемены есть в лучшую сторону, но там, где Бозик не может что-либо изменить – например, вмешиваться  в политику телеканала Казахстан – там творится бардак».

Телеканал дегеннен туады ғой, досымның облыстағы БАҚ атаулының бәрінде болған астан-кестенге қатысты пікірі де оң шықты /«он никого не меняет – он пытается заставить работать глредакторов. Вот смотри, сейчас в Знаменке новый главвред – газета стала передовой – в прямом смысле слова! на телеканале тоже новый – но его поставили сверху – ни с Бозумбаевского, а левого какого-то – качество сюжетов едва на 2+ тянет – ужас….»/. Әйтеуір, Бозекең әйел журналистердің де көңілін тауыпты /«Представляешь, он в прошлом году на 8 марта всем женщинам журналисткам подарил чек на 15000 тенге, чтобы мы сами пошли себе и выбрали подарки из Французского дома – а раньше нам дарили всякую хрень.. дешевую»/.

Ал облыстағы көзі ашық біраз азамат облыстық Мәдениет басқармасына Айнұр Сәденова деген қыздың бастық болуына наразы болған. Бұл турасында әкім өз есебінде: «Батыста оқыған, белгілі скрипкашы», –  деп мақтауын асырса да, «Айнұрдың мұрнына қазақы салт-дәстүр мен мәдениеттің иісі бармасы белгілі», –  деп сырттай сыбаған әріптестер бар еді (Айнұр 1983 жылы туған). Ал орыс досым не деді десең, ол «А насчет молодой культурницы – ты б знал, какое у нее образование и опыт работы – не удивлялся бы!!! Умнейшая баба! Я вообще за то, чтобы руководили молодые – ты посмотри, к чему старперы привели нашу область!!!!» деген жауап берді. Айтарым жоқ! «У него конечно, не все получается как хотелось бы. Но он расставил везде свои уши и глаза – он контролирует всех и знает, у кого где может возникнуть ЧП.. Он всю прессу читает по ночам» , – деп қоса кететін айтсайшы әпшемнің.

Ақырында әпкемнің мына сөзіне сабағымнан қиылып түстім ғо)) «Ну сам посуди, когда бы в Таразе бесплатно ремонтировали детплощадки?? Он откаты с тендеров не берет – говорят, стройкомпании вместо этого, за свой счет сами ремонтируют их. Бесплатно на спонсорские средства около 400 контейнеров под мусор закупили для таразцев… Да куча всего, что раньше бы ушло в карманы акимов. Ему очки зарабатывать нужно – поэтому старается!». Бұдан кейін Бозымбаевты қалай жақсы көрмейсің, ей))))

Тараз менің туған жерім, тұрған жерім, қайта айналып баратын жерім, сондықтан мына сөздеріне басым айналып, Дирол шайнап жаттым. Ендігі мақаламды «Бозымбаев – Жамбыл облысының мәңгілік мүдірі болсыншы» деп бастамақпын…  Сөйтіп, шыны керек, әзілсіз, сериос қуанып қалдым. Сіздерде осындай әкім бар ма, откат алмайтын, түнімен кәзет оқитын, жастарға жол ашатын, а?

 

Advertisements

12 comments on “Акимс. Қанат Бозымбаев

  1. Ассаллаумагалейкум бауырым Оркен! Таразда болмагалы жылдан асты, бирак жана акимнин казакшаны мангурттене сойлегенинен бастап, онын халык ушин емес, озинин «ханымы»ушин келген жайы бар ау. Тараз таза кала, корикти кала деймиз, сол коркимен тамашаланар кошелеримиздин жайы не болып жатыр?

    • Уағалейкумассалам! Иә, Қанат мырза тілге шорқақ дейтін, келе салысымен енді үш ай берсеңіз, кез келгеніңізбен айтысамын деп уәде беріпті деп еді. Әлі жөндемеген бе тілін сонда? Ұят екен()))

    • Расында, ұзағынан сүйіндірсін, бірақ біреулер Бозымбаевтың максимум планы 2 жылмен бітеді дейді, одан кейін қайтер екенбіз, Жамбылдың шығысынан күн атар ма екен, атпас па екен?

  2. Сіздерде осындай әкім бар ма, откат алмайтын, түнімен кәзет оқитын, жастарға жол ашатын, а?

    Ой бір жасап қалдым Өреке, рахмет ))))
    Не ғой, хыххыххыххых, Өреке, ренжімесең, откат алатын-алмайтынын маған чатпен айта қоятын адам жоқ, сондықтан кепілдік бере алмаймын. Бірақ қазақ губернаторы үшін меніңше өнердің шыңы – алмайтын, бермейтін һәм жұма намазда жиі көріну емес сияқты. Жақсы да, жаман да иммиджді БАҚ бір сағатта қалыптастырып береді. Облыс Әкімі үшін өнердің шыңы – қалыптасқан жүйеге жаңа ереже енгізбей-ақ, қолда бар мүмкіндіктерден халықтың әл-ауқатын арттыру.
    Орынтақ тие сала, әулиенің шуағы шашыраған тәж киіп алып, мәңгілік бақыт орната салатын мүмкіндік есі дұрыс мемлекетте әсте болмас. Бұл жағынан шүкір, есі дұрыс мемлекетпіз бе деймін.
    Ендеше, жаңа: «Әкімдерің қандай?» дегендей болдың ғой, соған айтайын: ағымдағы ықпалдық топтар, қаржы алпауыттары, бұрынғы партократтар мен жаңа формациядағы іскерлердің арасында орнаған тепе-теңдікті бұзбай, «кедейдің жоқтаушысы», «жәбірленгеннің жарылқаушысы» болмай-ақ, қолда бар күрекпен тау қопарып жүрген Әкім деп – Ақтөбе Облысының Әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықовты айтар едім.
    P.S. Көзқарасым таза субъективті, облыстасыма бүйрегім бұрып тұрғанын мойындаймын, және жазар алдында орыстілді жақсы журналистпен сұхбат болмады. )))

  3. Әрине ағамыз келіп Таразымыздың атмосферасы өзгерді деуге болады. Коп өзгерді. Менім қалам деуге де дареже жетті. Тазалықты жаны сүйетін адам құсады. Көп мақтадым ау шамасы? ))). Көкем емес Жақсының жақсылығы ғой бұл жерде.

  4. Осы Ерлан ағам пікір жазса, әр сөзін қызыл блокнотыма жазып алуға тұрарлықтай қылып жазады, шіркін! Мисалок, «қазақ губернаторы үшін меніңше өнердің шыңы – алмайтын, бермейтін һәм жұма намазда жиі көріну емес сияқты», немес «Облыс Әкімі үшін өнердің шыңы – қалыптасқан жүйеге жаңа ереже енгізбей-ақ, қолда бар мүмкіндіктерден халықтың әл-ауқатын арттыру.» Толықтай келісемін. Ал Елеусін Наурызбайұлын басқа емес, Елбасы мақтап кетті ғой, өзгелерге үлгі деді. Оның үстіне Ерлан Оспан мақтап жатса, шо та не то)))))))))))

  5. Қанат Бозымбаевтың екі сөйлемейтін жігіт екенініе халықтың көзі жеткен сияқты. Қазақша жақсы сөйлейтін болыпты.Тілі де жатық болып төселіп қалыпты. Болар жігіттің артынан болмас өсек сөз айтқанша, оған айналасындағы шенеуіктер көмек беру керек.Тапсырылған жұмыстарын адал атқаруы тиіс. Облыс экономикасын көтеретін жаңа ойлы , жаңа басшы осы Қанат.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s