Акимс. Сергей Кулагин


Нұрлану деген науат дәуірде, Қазақстан деген елдің, Қостанай деген жерінде Сергей деген сабаз өмір сүріпті. Тегі Кулагин, әкесі Виталийдің баласы Сергей (шатасып кетпеңіз) Қостанай облысында әкімс болып, абыройы атан түйені ұрып жығардай болған дейді біздің үйдің «Қабары»… Обшм, осы жерден ертегіні үзейік те, Кулагин уәлаятындағы керім журналист Абылай Маудановқа сөз берейік.


 

Мұқаңның, біздің Мұқағали Мақатаевтың “Әй, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей” деген өлеңі бар еді. Есенинге арнап шығарған екен. Соны оқып, менің де шақша басыма шапшаң бір ой келе қалғаны. Мен де неге бір Сергейге жыр арнамасқа? Ойлап, ойлап Кулагиннен артық Сергейді таппадым. Туған облысымның тізгінін ұстап отырған одан артық қандай тұлға керек.

Әй, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей…

(Мұқағали Мақатаевтың ізімен)

Әй, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей,

Тілім дімкәс неліктен дербес елде?

Қазақ тілін дәл бүгін қолдамасақ,

Ұшырармыз қарғысқа мен де, сен де!

 

Сізді қайдам, мен өзі ызадамын,

Жиын сайын тартамын тіл азабын.

Ұлты қазақ, тілі өзге уәзірлерің,

Ана тілдің аша алмай жүр ажарын.

 

Мен-дағы ауылданмын, ауылданмын,

Ауылдың суын ішіп ауырғанмын.

Әркімге зарын айтып шағынады,

Шалшықты суат қылған бауырларым.

 

Ел кезуден демеспін болдырып ең,

Экраннан сермейсің қолды кілең!

Қырманынан әркімнің қарпып алып,

Тұрақтандыру деген бір қор құрып ең.

 

Жағдайымыз жақсы деп бұл жақтағы,

Жүрген жерде өзіңді кіл мақтадық.

Сеніміміз желге ұшып, ех, Серёга,

Қостанайда нан тағы қымбаттады.

 

Ұлтараққа жарымай жауған бөзден,

Өкініштің тамшысы тамған көзден.

Сендей әкім, байқасам ешқайда жоқ,

Аптасына алты рет аудан кезген.

 

Ашуыңа тап болсам қапелімде,

Қорқу деген жоқ менің қаперімде.

Фариза апам ақын деп бата берген,

Ап қоятын жоқ тағы пәтерім де!

 

Әй, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей, Сергей,

Осы елден су іштік мен де, сен де.

Тілім үшін ашынып, алаңдаймын,

Әкім таппай жүргем жоқ сермесерге.

Арнайы «Өркен Таймс» үшін өлең жызған:

Абылай Мауданов

Advertisements

4 comments on “Акимс. Сергей Кулагин

  1. Иә…
    көзін бақырайтып қойып басшылары,
    өз тіліне өзін зар қылған қайран елім…

  2. Солай болып тұр ғой… Бірақ, Кулагинді өткен жылы жиналыста «Ладтың» облыстағы шовинист жетекшісіне ұрысқанына қарап, ұнатып қалып едім.. «Қаламасаң, кет анау Украинаға я Литваға. Бізде бар жағдай жасалған. Нечего шум поднять» десе керек

  3. Сергейлерді серейтіп түрып өлеңмен ұрыпсыңдар, жарайсың Абылай және Өркен!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s