Құ-құрр. Ққ-құрм-мм-ет-тіі!


«Ты так красиво заикался, что я не могла тебе отказать»

Георгтың әйелінің айтқанынан

Уильям Сомерсет Моэм, Льюис Кэрролл, Демосфен шешен, Мұса пайғамбар (с.ғ.с.), Уинстон Черчилль… Тізген мықтылардың тілінде мүкістігі болғанын тарихтан білесіздер ғой. Ал «Оскар» алып, озық тұрған «Король сөйлейдінің» өзегі кекештікпен күресу екенін кеше біліп жатқандар да бар шығар. Өзімнің де, өзгенің де жүйкесін жұлмалап қайтейін, жаңа фильм жақты! Очм, Том Хупердің туындысы жалпақ жұртқа мәлім королева Екінші Елизаветаның әкесі турасында.

Құдай сынақ қылған да, герцог Алтыншы Георг хат танығаннан тілінен таяқ жеп келеді. Қарап тұрсаң, король әулетінің мүшесі ретінде көсемситін-ақ кезі. Алайда, кекештігінен жұрттың алдында ұятқа қалып жүргені сол. Қаралмаған емшісі қалмайды. Қайта әйелі мен екі қызының қызығына көңілін аулатып жүргенде, Лайонел Лог есімді логопедке тап болады. Ол да жүрген «шірен», талабы мен ережесін тықпалап жатса да, Георгтың кінәратын түзеуге бар білігін салады.

Сөйтіп жүргенде, суық тиіп пе, алжып па, кекеш герцогтың әкесі – британ королі дүние салады. Дәстүр бойынша, билік Георгтың үлкен ағасы Сегізінші Эдуардке қалады емес пе? Қалғанымен, қара халықты ойлайтын Эдуард жоқ. Ішуге шарап таңдап, мемшаруада шаруасы болмайды. Қутың қағып, стақан соғыстырып жүріп, екі байдан ажырасқан америкалық әйелді аламын деп бәрімен араз болады. Ақырында, Эдуард тақтан өз еркімен бас тартып, Америкасына тартып тұрады. Амал жоқ, тіл мүкістігімен алысып жүрген Георг таққа отырады. Қысқасы, әлгі логопед Логпен достығының арқасында ол дауысын түзейді. Ағылшын елін фюрердің соғысына бастайды. «Б-б-Бертиден» (туыстары оны осылай еркелеткен) тамаша басшы қалыптасып шықты… Сюжеті осы. Ал ұнағаны:

+ Актерлік ойын. Кекеш адамның рөлін керемет сомдап шыққан Колин Ферттің (Георг) өнеріне шапалақ аямадық. Алтыншы Георгтың рөлі оның бенефисі десек те артық болмас. Мүкістігінен ұялу, өзіне деген сенімсіздік, мойнына артылған жауапкершілік – осы сезімдердің бәрін онымен бірге біз де өткердік. Логопед (Джеффри Раш), Георгтың әйелі (Хелена Бонем Картер), екінші пландағы актер-актрисалардың барлығы да аянып қалмапты. Айтпақшы, Уинстон Черчилльдің фактурасын тегі айнытай тапқан (сол үшін жекелеген алғыс). Түр-бітімі, сөз саптауы, сигарасына дейін атақты саясаткерді ана жақтан алдырта салған сияқты)))

+ Режиссура. Баяу музыка, солғын түс, сюжеттің ақырындап ширатылуы, шыны керек фильмге ағылшындық шарм бере ме, сондай очм. Оператордың да қолы қалтырамады. Әсіресе, Георг пен Лайонелдің саябақ ішінде серуендеп жүрген кездегі пландары өте тамаша алынған)). Әрине, сценарист Дэвид Сайдлер тарихтан алған өзекті жоғалтпай, беллетристикамен ауырмай, байопик жасамай, қарайым түрде баяндап бергеніне үлкен рахмет.

+ Диалогтар. Мысалы, Георг пен әкесінің арасында болған мына әңгімеден үзіндіні оқи кетіңіздер.

В прошлом королям надо было лишь достойно выглядеть в форме и не падать с лошади. А теперь мы должны вторгаться в дома людей и втираться к ним в доверие. Наша семья стала самым низким, самым подлым видом существ. Мы стали… актёрами!

– Мы не семья, мы — фирма. И в любой момент каждый из нас может отойти от дел.

Қысқасы, «Король сөйлейді» – классикалық, биографиялық, салмақты, терең құдық сияқты драма. Бар жоғы 15 млн долларға түсірілген фильмде өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Англия тірілетініне таң қаласың (міне, аз қаржыға жақсы кино түсіруге болмайды деген қағидаға қайшы келіп тұр). Ең болмаса, биылғы «Оскардың» төрт сыйлығын алып кеткен фильм қандай болды екен деп тамашалап қайтыңыздаршы. Еш ұтылмайсыздар!

Advertisements

6 comments on “Құ-құрр. Ққ-құрм-мм-ет-тіі!

  1. Жазбаңның басын ғана оқыдым. Сосын жылдам соңына кетіп қалдым. Ұнамағандықтан, яки қызықпағандықтан емес, құрылымын біліп алып, болашақта киноны көрген сәтте болайын деп тұрған қызықты немесе алынайын деп тұрған әсерді кемітіп алам ба деп қорықтым. Сондықтан әзірге «фильмді жақсы талдап берді деп ойлаймын» деген пікірмен шекетелем 🙂

  2. Уинстон Черчилльмен жуздес1п, шай-пай 1ш1п журген адамдай жазыпсыз гой… /фактурасын дал тауыпты деп танкалганызды айтам…/

  3. Хе-хе, шай-пай ішуге үлгермедік қой уақыт жағынан, ол да , мен де))) Бірақ, менің миымдағы сипаттауымда Черчилль тура «Король сөйлейдідегі» образ еді, тура тауыпты, соғын ырза болған тұрім ғой)))))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s