Айып болмасын, Әлихан ата…


Бүгін, яки 5 наурыз қазақтың тұңғыш үкіметінің басшысы болған Ә. Бөкейханның туған күні екенін біреу білсе, біреу білмес. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 145 жылдың жүзі толып отыр. Бұл бір жағынан, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отырса, екінші жағынан Алаш зиялылары Жақып Ақбаевтың туғанына да 135 жыл, Әлімхан Ермековтің дүниеге келгеніне де 120 жыл толады екен. Айтарым сол,

Астана қаласындағы «Отан-Ана» монументінің алдында атамыздың туған күнін елеп, еске алу рәсімін жасағандай болдық. Жасырып жауып қайтеміз, жиынға бас-аяғы 40-45 адам қатысты. Бұған да шүкір. Қақаған аязда қолымызды үстіре жаздап, жарты сағаттан көп, алпыс минуттан аз уақыт тұрдық та, үйге қайттық (басқа не істейміз енді?). «Шіркін-ай бір, кемінде 150-200 адамның қарасы болып, міністіріңнен студентіне дейін жиналса» деп те арман қылғанбыз… Тұрсын Жұртбай, Дихан Қамзабек, Серік Ерғали секілді ағалар да аяқ астынан жолға шығып кетіпті. Ерлан братқа (Қарин) ескертілгенімен, жұмысы қауырт қой, келмады. Депкорпустан жалғыз Жарасбай Сүлейменов келгенімен, адам жиналмай жатып, қайтып кетіпті. Мәжілісте маңызды отырысы бар екен. Сонда да бірауыз сөзімізді жерге тастамай келіп-кеткеніне блог әкімшілігі атынан үлкен рахмет айтқым келеді. «Келіңдерші» деп хабар жеткен жорналшы, жорналшы емес достарым үйге келсем, агенттен «Қалай? Нормально өтті ме?» деп сұрап жатыр да. Не дейін, «нормально бәрі»… «Әәә, бопты». Жылы үйді қимай, жұмыстан сұрануға жүзіміз батпай, жеке шаруамыз шешілмей, «әй, бәрібір адам жиналмайды соған, мен бармасам да ешкім байқамайды» деп жүрсең, жүре бересің. Бірақ, бұдан «отлично» боламыз ба десейші.. Әйтеуір, Серік Жолдасбай бар, Бүркіт Нұрасыл бар, мен де бір жәрдем қылғандай тиіп-қашып жүріп, жасаған шаруаның сиқы ғой. Бауыржан Сегізбаев, Заңғар Кәрімхан, Мұрат Алмасбекұлы деген достарымыз да барын (теңгесін, ақылын, бензинін) аянбады. Бәрекелді! Біз күткендей болмағанмен, ырымын жасап, Құран оқыттық. Қалампыр гүлден қойдық. Жиынды жүргізіп тұрған жас алаштанушы Серіктің «Негізі, Алаш ардақтысы Ә. Бөкейхан ескерткішінің алдында бас қосуымыз керек еді. Бұл әрине «Отан ана» монументін қомсынып отырғанымыз емес. Қазақта «Алыпта анадан туады» деген қанатты сөз бар емес пе? Әлихан да анадан туды. Әйтсе де, 2011 жылдың аяғына дейін Әлихан Бөкейханға арнап ескерткіш ашу және алаш ардақтысының 145 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өту керектігін Астаналық жастар жауапты азаматтарға ескертеді», – деген сөзі есімде қалыпты.

Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы мен Ықылас Ожай отты жырларынан оқыса, саясаттанушы Әбдіжәлел Бәкір, «Ақ жол» партиясының лидері Әлихан Бәйменов те Әлихан атаға сөздерін арнап жатты. Әбдіжәлел ағамыз «бүгінгі заман талабы тудырып отырған буын сендерсіңдер» дей келе, жастарға қарата жақсы-жақсы сөзден жіберді. Әлі де болса, Астана жастары ұйымшыл бола түссе деген тілекті іштей тілеп, біз қалдық.

Әлихан Бәйменовтың сөзінен үзінді. Телефоныммен түсірілген.

Advertisements

15 comments on “Айып болмасын, Әлихан ата…

  1. Осы студенттерді күштеп, сабақтан босатып, түрлі «маңызсыз» жиындарға апаратын Жоғарғы оқу орындарының басшылары бұл жиынды маңызсыз санағаны ма? ЕҰУ-ден кімдер болды? Алаштанушы Д.Қамзабек, Т.Жұртбай болды ма?

  2. Ол кезде бәрң НАНның әйелдерді құттықтағанын тамсана тамашалап отырған болар.

  3. «Жылы үйді қимай, жұмыстан сұрануға жүзі батпай» бар(а ал)маған пенделердің ішінде мен де бармын. Екі бетіме құлпынай жағып отырмын…

  4. Жылағың келеді осындай әрекеттерге. Крутойдың иті өлсе де жаназсын шығаруға баратын бір топ адамның қарасы мұнда көрінбейді. Өзінше тұлға болып жүрген саясаткерлердің көбісі қуыршақ секілді. Қуыршақ иесі қалай бұрса, солай бұрылады.

  5. 10 000 адам жиналса да Әлихан Бөкейханға оның қажеті жоғы анық қой. Бірақ оның өмірі мен қазақ елі үшін атқарған еңбегін айтпаса да ұғынуға болады. Ал сондай тұлғаны еске алуға менмін деген қазақ азаматтарының таяқ тастаум жерде тұрса да бармаулары өте өкінішті.

    Не деуге болады?!

    • Не дейміз.. бізде «өлер адам өлді и че» деген топас писихология тәждік құрып тұр ғой, биліктен бастап «бұратанаға» дейін… Ал қуыршықтар 5 наурызда болған суықта үсіп қаларын сезіп, келмеді))))))))))))

  6. Өркен атаған қазақ жас зиялыларына Алла разы болсын! Бұдан да зор жетістіктерге жетіңдер, достар! Әлихан Бәйменов секілді ағаларымызға рахмет! Әбдіжәлелге де рахмет. Серік Жолдасбайға көп алғыс білдіремін. Қайда анау: «Мен!!!» дейтіндер? Бірақ ондай сапасыз самопалдардан МЫҢ ЕСЕ АРТЫҚ осындай (Серік Жолдасбай, Мұрат Алмасбек, Бауыржан Сегізбаев, Бүркіт Нұрасыл, Заңғар Кәрімхан) Алаштың ұлдарына шын ризамыз!

  7. Дұрыс айтасың, мың сан сапасыз самопалдардан осындай аз ғана жастарымыз МЫҢ ЕСЕ АРТЫҚ!!!!!!!!!! Иншалла, бағыттарынан жаңылмасын,

  8. Толықтырулар мен өзгертулерің жөнінде айтып құлақ қағыс жасап па едің… Мынау Заңғар мен Бауыржан дегендер ЕНУ-дің түлектері ғой. Бұрын осылар университет қабырғасында жүріп «Алқа» деген ұйым құрып ед… Қазір де әдебиеттің ауылынан алыстамаған болу керек. Бұлардың жанын салуы заңды! Т.Жұртбай мен Д.Қамзабектің болмағаны болмаған екен. Әйтпесе Д,Қамзабектің студенттерді жиып әкелетін күші бар ғой. Дегенмен «көш жүре келе түзелер»…

  9. Иә, екеуі де әдебиетке жақын, Бауыржаны сыншы болуға дайындалып жүр-ау, маладес жігіттер негізі, жанып тұр

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s