Көш кері кетсе, ақсақ түйе алдыға шығады


Алдағы сенбі – бесінші наурыз Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы болған Әлихан атамыздың бұ дүниеге келген күні… Биыл, міне осы мерейлі дата дөңгеленіп, 145 жылға келіп қалыпты. Кәк всегда кербақай үкіметтен қайыр жоқ қой. Тілеуің бергір Тұрсын Жұртбай, Серік Ерғалилар тұрғанда, Астана жастары

саяси гедониядан сауығудың жолы деп, «Отан-Ана» монументінде еске алу рәсімін өткізбек ниетте. Әрине, Әлихан атамызды. Осы хабар жеткен астаналық жастар сенбі күні, сағат 11.00-де «Отан-Ананың» алдында тұрса дейміз тізіліп.  Біз боламыз. Бұйырса. Сіз де болыңыз. Қалтаңыз көтерсе, бір құшақ гүл аларсыз. Көтермесе, ешкім кінә тақпайды. Алаш рухын аңсайтын, Алаш идеяларының орындалуын қалайтын азаматтар бұл шарадан тыс қалмаса дейміз. Негізі айтпағым бұл емес еді (Бекболат ағамның мысалы жұғып кетті).

Айтарым, жақында «Аманат» пікірсайыс клубы жиын өткізген. Бөкейхановқа қатысты біраз әңгіме айтылды. Алаш ардақтылары арман еткен қоғам ұстындарынан әлі де болса алшақтығымыз, алашшылдардың бес ұстанымының бүгінде бір де бірі толығымен орындалып отырмағанын Тұрсын ағамыз талдап берді. «Мысал керек десеңіз, жеріңіз анау – жекеменшікте, шұрайлы жердің 64-72 пайызына дейін шіренген шонжарлардың иелігіне өтіп кетті», –  дей келе, Тұрсын Жұртбай түсті металлургияның 74 пайызын Ким секілді «крутойлар» қадағалап отырғанын айтты. Қара металлургияның да 78 пайыздайы Машкевич бастаған «үштіктің» қолында тұрғанын да қаралы хабардай естіртті. Ал азаттықтың басты қорғаны – экономикалық тәуелсіздік десек, Кеден одағына кіргелі бері «Газель» мен «Жигулидің» ғана бағасы түсіп, шетел көлігінің бағасы шарықтап шыға келген… Қайтадан Ресейдің экономикасына тәуелділігіміз артып келеді екен мұнымен. Қысқасы, «қара аспанды төндірген»  Тұрсын Жұртбайдың сөзін отырыс қонағы болған, сенатор Ғарифолла Есім не қостамады, не қолпаштамады деуге болады. Cенатор: «Айналайын, енді саған Тұрсын Қайғы деген ат қойдым. Бұрын Асан Қайғы еді, енді Тұрсын Қайғы бар», –  деп, жұртты жабықтыра бермей, жадыраңқы сөз айтайық деген пәлсапасынан жіберді. Одан әрі сенатор: «Біз денемізде болмаса да, санамызда таңбасы бар ұрпақпыз. Енді қазақ болып тарих санасында қалуымыз үшін сапалы болуымыз керек, – деген ойларын ақтарып, тұлға мен идея турасында көп толғанған еді. Ақырында, «Мен дағдарыстың философымын. Осы дағдарыстың арқасында адам болдым. Бұл дағдарыс деген жақсы» деген мағынада сөз айтып кетті.

Бізде қайбір Есімнің басындағыдай ес бар дейсіз, дағдарыстың жақсы дегеніне сәл-пәл тұшынбай әм түсінбей қалдық. Очм, осы сөзін естіген есімі өте таныс (сол үшін айтпай-ақ қояйын) зиялы ағам «Оу, онысы несі? Қазақта «Көш кері кетсе, ақсақ түйе алдыға шығады» деген сөз бар. Ол дәу де болса, өзін ақсақ түйеге өзің теңеп отырған шығар» деп кейігендей болған. Одан кейін «Мынау Қытайдың ең жаман қарғысы «Өтпелі кезеңде өмір сүр» деген. Сондай дағдарыс, күйзелістен адам қатарына қосылсақ, жетіскен екенбіз. Жақсыдан сүйіншілемей ме?» дегені жадыма жатталып қалыпты. Расында, сенатор мырзаның дағдарыс-күйзелісті дәріптегеніне сол отырыста аң таң болғанымызбен, ауыз басып кеткен болатынбыз. Қазір қарасақ, Есім екеш, Есім де «қуған» секілді ме қалай өзі?

Мынау сол отырыста айтылған сөзінен үзінді еді. Телефоныммен түсіргем.

Advertisements

9 comments on “Көш кері кетсе, ақсақ түйе алдыға шығады

  1. «Алихан Бөкейханұлы өз жанұясымен тыныш өмір сүргенде, ол жақсы өмір сүрер еді. Жоқ, ол елдің шаруасына араласады да содан қамалады. Содан тұлға болады.»
    Дұрыс емес тіркес сияқты.)

  2. Алашы ардақтамады арда ұлын. «Қарағандыдағы Ленин ескерткішін алу керек , орнына әлихан қойылсын «деген де әңгімелер өрбіген. Ленин орнынан кеткенімен орыныны Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монумент қойылмақшы. Дұрыс та шығар, бір білгендері бар болар? Ленин көшесін сол кісінің атына береміз деп еді, шу ете қалды шұлығын жіппен байлаған жұрттар.Осылай боларын білгенде Әлекеңдер әдемі өмір сүрер ме еді кім білсін?!

    • Иә, Әлекеңе лайық құрмет әлі көрсетілмей келе жатыр. Осы жиын соңында да үкіметке талап түрінде Астанада Бөкейхановке ескерткіш орнатылуын және оның мерейтойын мемлекеттік дәрежеде атап өтуін ескерттік.

  3. ммм… Сеніп жүрген серкелеріміздің түрі осылай болса басқаларынан не үміт күтуге болар екен,а? Осы күні халық сеніп тапсырған биліктегі кейбір шенуніктер Әлихан Бөкейхановтың тырнағына да татымай жүр ғой…Мақаланың тақырыбы да сәтті қойылыпты.

  4. Иә, тіпті 500-600 шенеунік жиналып, бір Әлиханның біліміне, тіл меңгеруі, халық мәселесін түсінуіне жетпейтін шығар деп қоямын ғо

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s