Қазақ лаңкес пе? Талқы-тебіс


Қазақ кім еді десең, қой ауызынан шөп алмас момақан халық деген мінездемесі бар. Арғы-бергі тарихқа бинокль салсаң, бетім құлпынай болатындай қылмысымыз да жоқ сияқты… Қысқасы, бүгінгінің әңгімесі былай: көрші-қолаңға «қазақ лаңкесі, қазақ жамағаты» деген жаманатымыз шығып жатыр. Әнеубір жолы әріптесім Кәмшат Тасболаттың осы тақырыпты тістелегені бар. «Айқын» газетіне «а» мен «б» деген әріптердің басын қосып, мен де мыртиып пікір білдіріппін. Соны таратып айтайын десем, ауыз толтырып айтатындай түк жоқ.

Айтпайын десең, тағы болмас. Очм, Дағыстанда бес лаң­кестің мерт болғаны әм олардың жанқалтасынан Қазақстан төлқұжатының табылғаны туралы таласа жаздық. «Жаңаөзеннің өрімдей жігіттерін өлімге апарған не?» деп мұрын шұқып міністрлер қалды. Мына жақта «ә, салафиттер, әнесс…» деп туфлиіне шырт түкіріп біз қалдық. Биыл тағы да Дағыстан жерінде қазақтың қос азаматы Альберт Әбдікәрімов пен Райымбек Ержановтың қолдарына кісен түсті. Жас шамасы жиырма-жиырма бірден енді асқан бозбалалар не жоғалтты десей? Тергеушілерге «Битіне дейін блатной» Ақтөбеден қайдағы Мақашқалаға ақша іздеп бардық», – депті. Тротилдік қуаты 500 грамм болатын бомбаларын тәркіледі. Тағы да бес-алтауын жасауға әлдекімдер тапсырыс беріпті. Қысқасы, оларға қарсы РФ Қылмыстық кодексінің 208, 223 баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, тар қапастан бір бөлмелі «пәтер» сыйламақшы екен. Альберт пен Райымбекті 9 ақпанның кешінде, Мақашқаладағы Имам Шәміл даңғылы, 36 әдіресіндегі үйден ұстап алған болатын. Қызық болғанда, «Қазақтар» командасы сарбаздарға бейбіт түрде беріліпті. Шынымен, шахид болса тротил-мротилдерімен бірге жарылып кетпей ме екен? «Қазақстаннан баратын қарулы топтар Ресейдің оңтүстік аймақтарындағы қуат өндіру нысандарын жарып жібермек болған». Олар осыны айтыпты.  Ал «Деловая неделяның» жазуынша, бұл азаматтар сыбайластары бар екенін мойындапты. Атап айтқанда, үш сыбайласының үшеуі де Қазақстан азаматтары, тіпті біреуі Алматыда тұрады екен-мыс. Ал енді бұған не айтасыз?

Осы сөздердің  дәлеліндей, іле шала екі қазақстандықтың саны төртеуге артып шыға келді. «Комсомольская правдаға» сенсек, «қазақстандық лаңкестердің екінші тобын Мақашқаланың Акушинский даңғылында ұстаған. «Лада-Приора» көлігінің  ішінде болған Қазақстан азаматтарының біреуінің жасы 23-те, келесінікі 27-де екен. Екеуіне де қарулы топтарға қатысы болғаны үшін бұрыннан іздеу салынған». Анық болғаны, бұлар ақтөбелік Альберт пен Райымбектермен «дос» болып шығып, осымен «қазақ жамағатының» (ресейлік басылымдардың теңеуі) құрамы төртеу болып тұр.

Осымен біткен шығар десек, камикадзе-лаңкес болуы мүмкін деген қазақстандық қызды құрықтапты деген ақпарат аяқ астынан пайда болды. Тағы да «Комсомол шыңдығын» тілге тиек етсек, бұл жобамен – 1991 жылы туған Динара Мәулетова… «Ол радикалды ислам жолын ұстанған, «кәпірлерді» жарып жіберу мақсатында өзін өзі суытып жүрген», –  деген ақпараттың айтары аз болмай тұр, білгенге. Мәулетова басқа емес, біздің Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болуы мүмкін екенін «Деловая неделя» газеті де жазды. Бірі расталған, бірі расталмаған ақпараттардың рас-өтіріктігіне күмән келтірумен-ақ көп деректердің көбесін сөкпей қоялық деп отырмыз.

Мүмкін, бұл біздегі Президент сайлауына орай қасақана  ұйымдастырылған арандату шығар деп те айтарсыз. Мысалы, танымал дінтанушы Гейдар Жемал осындай  пікірде. «Орыс пен қазақ арасындағы татулықты біреу бұзғысы келіп жүр», – дейді ол. Кімде-кім Матье Кассовицтің «Біздің дәуірдің Бабылы» деген кинофильмін көрсе, есіне түсіре жатар: еліміз келешекте қаптаған лаңкестің ордасына айналады екен… Сол фильмнің сценариі бойынша Қазақстанда орналасқан Троицкінің темір жол вокзалында жарылыс болады. Негізінде, Троицк – Ресейдің Челябі облысының Қазақстанмен шекараласатын тұсындағы қала. Жақында ғана сол Троицкіде «Қазақстандық лаңкестер бір көлікпен шекарадан бері өтіп, қала ішінде жүр», –  деген қауесет тарап кетіп, жұрт аяғынан тік тұрыпты. Тіпті, «лаңкестер» мінген көліктің мемлекеттік нөмірі «509» деген де ақпарат шығып кетті. Ақырында, бұл дүрлікпе ақпарат сол күйі расталмады. Айтпақшы, «қазақстандық лаңкестер» мінгескен көліктің Орынбор губерниясындағы мұнай зауыттарын жармақшы болып жүр деп жақында шуылдасұқан болатын. Ол да расталмады.

Кино мен өмір арасындағы «кездейсоқтықты» сыртқы күштердің еліміздің сынын бұзып, тыныш жағдайды тұрақсыздандыруға талпынысы деп білуге болар еді. Бірақ, бұл – «жәннатқа жетудің жолы – өзіңді жарып жіберу» деп білетін теріс ағымдардың тірлігі емес деп тағы айта алмайсыз. Кәлимаға тіл келтірсе, қалғанын парыз деп білмейтін, «келешекте елді басып алсақ» дегенді дұғасына қосатын «діндарлардың» бізде бары жаңалық емес. Атыраулық «ахи-браттардың» (интернеттегі ағайынның айтуы солай) мола талқандауы біздегі радикализмнің көрінісі емей, немене? Маңғыстаулық 21 тұтқынның қашып шығуы,  әлдебіреулердің Әулиеағашты өртеуге тырысуы… Иә, лаңкестің мұсылман емес екенін, ал мұсылманның лаңкес болмасын саналы жұрт біледі. Осыған сайсақ, қазақтан лаңкес шықпайды деп тұжырымдай аламыз ба?  Ал енді,«Қазақ – лаңкес» дегеннің өзінде, қазақтың мұсылман екенін қайда қалдырамыз? Сауал көп, жауап жоқ…  Қазақстандық азаматтардың қолы таза болмаса, Доку Умаровтың атақты «Қапқаз Имаратына» қатысы бар ма? Бәрінің Мақашқалада қолға түскеніне қарап, олардың «Шариғат жамағатымен» байланысы бар деп топшылауға болатын шығар. Естеріңізде болса, 2002 жылы құрылған «Шариғат жамағатының» Дағыстандағы әрбір жарылыс пен билікке қастандық актісіне қатысы бар.

Неге десеңіз, көршіміздің ІІМ-дегі «көз-құлақтың» айтқаны бойынша ұсталған төрт қазақстандықтың да Солтүстік Қапқаздың әлдебір қарулы топтарына қосылуға бет алғанын білгенбіз. Бұл мәселенің қаншалықты дендеп отырғаны туралы тереңдеп айту, діни басқарма мен ресми билік ләм-мим демей отырғанда, әрине қиын. «Жихадтың» жаңғырығын үнсіздік минутын жариялаумен жеңе алмаспыз. Сіз қалай ойлайсыз, бұл талқы-тебіс еді, өзім мылжыңдап кетіппін ғой 🙂

Advertisements

41 comments on “Қазақ лаңкес пе? Талқы-тебіс

  1. Өте қиын мәселе.
    КМДБ мен тиісті министрліктің үндемей отыруының сыры неде екен? Жағдайдың саясилануымен байланыс болы мүмкін бе? деген сұрақтар туып отыр.

  2. Жазбаңдағы продакт плейсмент болған киноны қайдан көрсе болады 🙂

    пысы. қиын мәселе. Дінмен емес, дінсіздікпен күресу керек деп біреу айтып еді.

    • Интернеттен «Вавилон н.э.» десең, атып шығуы керек. Вин Дизель ойнаған басты рөлде, болмайтын кино негізі, бірақ әлгі сәйкестікті айтамын да

  3. bul maselede bizge lankes dep jala jauip otr dep emes,kayta bizge sol din tonin jamilip lankestikti ugittep,oni taratip,din arkili bizdin jastardi jenkeshtilkke tartip jurgan zansiz isslam sektalarin katan baklauga alu kerek.kazir aktobe,manstau ,batis kazahksatan obilstari san turli isslam dinin jamilgan saktanttardin uyasina aynalgani jasrin emes.bygunnen bastap maseleni ashikka shgaru kerek,erten bari kesh boladi.bylikte endi ayagin andip baspay jalgasty kalikty basina berse,mazak kila berse elde oraydan paydalangan isslam sektanttari bas koteredi…

    • «bygunnen bastap maseleni ashikka shgaru kerek,erten bari kesh boladi»… өте дұрыс айтылған сөздер, бұл мақаламды терең зертттеу деп тұрған ешкім жоқ, бірақ осындай мәселенің бар екенін жұртшылыққа айту, ой салу еді, рахмет бауыр

  4. Айналдырған төрт-бес адамның әрекетінен орыс-қазақ қатынастарына сызат түседі деп ойлау – меніңше бос сөз. Гейдар Жамал дегеннің кім екенін білмедім, бірақ, «Сіз не ойлайсыз?» деп кенеттен келе қалғанда тапқан жауабының міскіні қанағаттандырмай тұр.
    Кинодан не деректі фильмнен болашақта болуы мүмкін оқиғалардың моделін саралауға тіпті болмайды. Лаңкестің психологиясы мен себеп-салдарлық тізбегін түсінуге атақты лаңкес, азамат соғысының жарқын кейіпкерлерінің бірі Борис Савинковтың «Конь бледный» атты тамаша шығармасын оқып көруді ұсынамын. Дінсіз-ақ, саясатсыз-ақ мотивация көресіздер. Басқа жолмен жүрсе талай шыңды бағындыратын адамның, кенет қанды әрекетке неге баратынын көресіздер. Және «терроризмде ұлт жоқ!» деген сөздің, басқа халықтарды ренжітпеу үшін айтылған қаңқу емес, шынымен солай екенін көресіздер.

    P.S. Сарапшылардан аталған кітапты оқуды жалына сұраймын. Бәлкім, осы күнгі «үйту керек», «бүйту керек» деген бос сөздеріңізді қойып, телевизори-радиои-газети мәлімдемелеріңізге салмақ қосылып қалар. Сол кезде лаңкестің ұлтын атамайтын боларсыздар. Сол кезде лаңкестің ұлты аталса да, чешен әлде қазақ екені маңызды емес болар…

    • technosyndrom durys aitady. Osy jurnalister baibalam saludy kawan koiar eken? Bukil el koi da tek kazak kana kaskyr eken. Arine, terroryndy da, ahi-bratyndy da aktaudan aulakpyn. Degenmen, Islam, din degen kezde osy otyrgan el ketip kalamyz. Odan da zory, andamai aitkan arbir sozin uwin ana jakta ozinnin basyn ketedi. Sondyktan, anau bylai depti, mynau bylai depti dep osek-walys angime aitkanwa, birauyk bul takyrypty talkylamai-ak koiudy usynar em. Oitkeni, ozin biletin Bakhytjan Kosbarmak pen Oraz Alimbekov te Ismatullawylar dep atalatyn mahdiwi jamagatty ekstremisterdin kataryna jatkyzady. Al olaryn bizdin auylda ynyp jur. Sonda eki kazakhtyn biri ekstremist bop wykkany ma? Zingittei bozbalanyn molaga kol koterui arine maldyk bolar. Birak ony da bireu arandatkynyn ugynuyndy jane osyndai takyryptardy kozgaimyn dep otyryp ozin de Islamga karys bagyttalgan, alemge Islamdy kubyjyk etip korsetudi maksat etetin alemdik mass-medianyn arandauyna tusip kalma degim keledi. «Adam aitpagan sozinin iesi, aitkan sozinin kuly» depti goi Paigambarymyz…
      ..Geidaryndy men de birinwi estuim. Sen okugan ne suhbat algan sarapwynyn barlygy «tanymal» bop ketetini kyzyk eken…
      Jalpy terror ne lankestik areketterdi dindarlar nemese jamagattar ham kasietti wahid sozin korlap wahidtar dep emes, karapaiym baskeser-banditter dep karastyru durys bolar. Sen sanaly ham sanasyz turde Islamga karsy media sogysynyn jandaiwabyna ainalmagyn! Allah barlygymyzdy da tura jolga salsyn!

      • Байбалам салған бедел ме екен? Қайбір жетіскеннен жазамыз дейсің, осыны Тимур? Біріншіден, бұл өсек-шалыс әңгіме емес, ресми орындар мақұлдап, баспасөздің бәрін шарлап жүрген ақпараттар. Екіншіден, кеңесіне құлақ салып, осыны қозғамай-ақ қояйық делік. Бірақ, қазір дін тақырыбы әрбір үйде әбсуждение болып, әркім өзінше пікір қадап жүрген заман, білесің. Сондықтан, үндемей құтылсақ өтіп кетер деген позициямен әсте келіспеймін. Басым аман болса ,құйрығым ештене етпейді деген түйеқұстай болмайық. Бұл мәселені көтерген сайын, жұрттың көзі ашылып, діни сауаты артқан сайын лаңкес болудың да алдын аламыз. Әйтпесе, сол Батыстың аз уақытта бұлдіргі жастарға толып кеткенін немен түсіндіресің, бауырым? Үшіншіден, мен Қосбармақ үшін жауап бермеймін. Жауап беретін өзінің басы бар. Менікі жай ғана констатация фактов, егер бұларды факті деп айтуға келсе, әрине. Гейдарды бірінші рет естіп тұрғанын қызық екен, ол ресейдегі дін ғұламаларының ішіндегі бізге ең танысы деп ойлаушы едім. Мынау Уикипедияны дерегі:
        Гейда́р Джахи́дович Джема́ль (6 ноября 1947, Москва) — российский исламский деятель, философ, политолог, поэт и общественный деятель. Председатель Исламского комитета России.
        Осыдан біраз жыл бұрын Ерімбетовтың «Айтпаркіне» келген. Өз басым бара алмадым. Бірақ, танымал қылған оны мен емес тағы да. (уикипедия дерсің)
        Ал, «sanaly ham sanasyz turde Islamga karsy media sogysynyn jandaiwabyna ainalmagyn» деген сөзінді құптаймын. Бірақ, жандайшапқа айналмайыын деп ауыз жабып, бізде бәрі керемет деп жұре берсек, жүре береміз. Бірақ, қашанға дейін?

      • Negizi sala-kulaw jauap jazgam. Birak, osyndai aitys-tartystarga jaman jynym keled. Sosyn «Ai, koiw…» dedim. Tek aita ketetinim, masele problemany aitpai, bugyp jatyp alganda emes, kai kyrynan kotergeninde degim kelgen. Sektan da, baskasy da aspannan aiagy salbyrap tusken jok. Bolgan, bola da beredi. Demek bul jerde masele banditter turaly emes, dini sauaty makyrym halyk ham «Sen timesen men timen» biliktin dinge katysty ustanmynda emes pe? Sen bul takyrypty juz ret aitsan da problemanyn etimologiasyn emes, saldaryn gana aitasyn. Al jurt onsyz da korip-bilip otyrgan jagdaidy aitkannan ne bolady? Osy uakytka deiyn sen de, men de «Islam – korkem din» dep okyp kelgen asyl dinimizdi halykka kubyjyk etip korsetuden aulak bolgyn degim kelgen. Mysaly, senin suretindi alaiyk. Kim anau? Musylman ba? Titpi, kaidagy bir maldar uwin jihad, shahid sozin koldanudy da durys dep tappaimyn, kara basym. El senin «Etek jenin kymtasyn…» degen smsindi kaidan bilsin. Sony ugynatyn bas bar ma? Tannyn atysy, kunnin batysy jumystan, kewkisin serialdan bosamaidy. Olar uwin senin messagin «Baldaryndy dinnen aulak ustandar, namaz okymasyn. Tipti Islamnan armen jursender tipti jaksy» degen magyna beredi. Koz aldaryna kolyna myltyk ustatyp odan saiyn Islamnan urkitesinder. Jihad pen shahid sozin osylai uktyrasyndar. Sosyn baryp ozine psiholog ham jolsilteuwi kerek kazirgi ata-ana balasyna ultimatum koimaganda kaitsin? Soitip otbasy wyrky buzylady. Wyndygynda ata-ana Islam turaly sauatty, lajy kelse ozi durys musylman boluy kerek edi. Al mass-medianyn armany «Mine, Islamdy kabyldasan osyndai kaniwer bolasyn» dep jarnamalaudan tayar emes. Nadandykka, napsisine karsy turar kaukary jok bizdin halyk sosyn en sonynda «Ai, koiw sol dinindi! Korip jurmiz, aityp jatyr tilbizirin. Olgen son korip alarmyz!» dep kolyn bir-ak silteidi. Sonda senin kozdegen maksatyn osy ma? Masele birdi-ekili maldardyn wykkanynda emes, masele olardyn kalai wykkanynda. Ozin aitkan momyn kazakh kalaiwa bir kunde terror bop wyga keldi?

    • Әрине, әзірге олар 4-5 болып тұрғанда, екі елдің арасына сызат тұрмақ, өзіміздің қауіпсіздігімізге көлеңке төніп тұр деп айта алмайтын шығармыз. Бұл жерде, шыны керек, Гейдар көке мейлінше жұмсақ айтамын деп нақты жағдайдан жалтарып кеткендей көрінді. Бірақ, осы 4-5пен террористердің тұқымы тозды деп ойлайсыздар ма? Жарайды, кітапты оқырмыз, ұғынармыз.. Бірақ, бір күнде бәрінің түсінігінде «террористе ұлт жоқ» деген ұғым қалыптаса қояр ма екен. Кім болсын, қалтасынан төлқұжатын алады, бастықлары қай террорлық ұйымның мүшесі екенін мақтана айтып жатады. Әрі десе лаңкестер де халықтың атымен барынша ойнауға тырысып бағады емес пЕ? Мысалы, Ноғай жамағаты дегендей. Сондықтан, ол лаңкестің этникалық құрамы қашанда бірінші планға шығып тұрады, біз қалайық қаламайық. «Конь бледныйды» екі қайта оқысақ та, ұсталған террористің ұлы кім еді дейміз ғой тағы

      • Өреке, соңғы тұжырымыңызға таласым жоқ, әрине, тіпті Путиннің өзі «лаңкесте ұлт жоқ!» деп айтқан болғанымен, орыс халқында қалыптасқан «террористтер әдетте чешен келеді, чешендер әдетте террорист келеді» деген ұғымды жоя
        алмайды. Ондай психологиялық ахуал кешегі Ельцин бастаған бейбастақ соғыстан емес, сонау Қаһарлы Иоанн заманынан бүршік атып, әбден санаға бекіген.
        Жәй, айтпағым мынау: біздің саяси анализде сандық аппарат атымен жоқ, және ол қауіпті болып барады. Мысалы, орыс-қазақ қатынастарына сызат түскен кімге тиімді деген ой ашық қалып тұр. Шын айтам, өз сұрағыма өзім
        міңгірлеп жауап бере алмай, бейшара бов тұрм. Дачы.
        Мысалы жұрт, Қытайды шынымен Каспий мұнайына қызығып, күні-түні аңсағаны сол деп ойлайды. Шынымен Ақтөбенің сапасыз юральс мұнайы Қытайлықтарға кәдімгідей қызық, әні өліп бара жатыр тіптен деп ойлайды. Бізде әмірикандарды да Каспий мұнайына қызығып, мұхит асып келіп жүр деп ойлайды. Бірақ сандық дәлелі жоқ. Логика былай өрбиді: «Ақтөбеге неге келед? – Себебі Ақтөбеде мұнай бар». Ал дәл сол Қытайға мұнайдың үстінде қалқып жүрген (© Губкин) Сібірден тасымалдаған әлдеқайда тиімді екені назардан тыс қалады. Ол назардан тыс қалған соң, қақпасының алдында сапалы мұнай тұра, шын мәнінде майдан гөрі – күкірті көп мұнайға инвестор тапқан Елбасының еңбегі назардан тыс қалады. Әрі қарай, мұндай «тұжырымдар» қоғамда қытайдан құбыжық жасайды. Қытайлықтар аң-таң. «Әкесін өлтірген жоқпыз, шешесін өлтірген жоқпыз, Шығыс Түркістандағы қазақтарға қытайша оқытсақ, несі бар, Америкада қытайлар ағылшынша
        оқып жүр, өз мемлекетіміз емес пе?». Бұдан, қытайға орыстан гөрі азиаттау біз жақын болудың орнына, орыс жақын болады. Қашан біреу қолына калькулятор алып, қарапайым өндіріс есебіне жүгінгенше, қоғам асханалық «саяси анализдерден» жіктеліп бара жатыр.
        Жоғарыдағы жазып отырғаным тым формалданған түрде, блогкаммент жанрында шұбалаңқылықты жөн көрмедім. Бірақ 4-5, 10-15, 100-200 адамның сызат түсіру ықтималдығына бекітілген дәлелдер керек. Егер сызат түсіру үшін жасалған қастандық десек, онда қазақ-өзбек шекарасындағы оқиғалар – қытай жансыздарының жасап отырғаны. Және кеше менің үйімде жарықтың бір-рет өшіп жануы да астыртын ұйымдардың әрекеті. «Ха-ха, жарықты өшіргенше, өзіңді өлтіре салады ғой, кімге керексің сен» деп күлмей тұра тұрыңыздар. Қисын сендердікі ғой…

      • Шыны керек, мен де, басқа орыс-қазақ журналистері де осы дін мәселесін қай қырынан қозғау жағын білмей келеді, өзің айтқандай. Бірақ, солай екен деп, айтпасаң, жазбасаң тағы болмайды. Постфактум дүниелер болмаса, болжам жасаудың өзі қорқынышты ғой қазір. Барлық масс-медианың арманы Исламды құбыжық қылу деп білген дұрыс емес деп ойлаймын. Әркімді өз ішіндегі месседжі алға итермелейді. Сондықтан, қателіктерден үйренерміз, иншалла!

      • Асханалық “саяси анализдер” жайында жақсы айтыпсыз, бұл жайында Досым Сәтпаев та айтыңқырап жүр, расында сіздей ерек ағалардың осындай ойы керек қой қоғамға.. ал біз мүмкіндігінше бұрмаламай жеткізіп тұруға тырысамыз

    • Техносиндромға!
      кешіріңіз Техносиндром, Б. Савинковтың «Конь белый» (бледный), «Конь вороной» немесе «Записки террориста» деген кітаптарын оқу психологтар мен тарихшыларға болмаса жұрттың барлығына керегі жоқ. Бізге өз террористеріміз басымызға пәле болып жүрсе, Сіз сол саяси террордың аталарының бірінің кітабын оқуды ұсынасыз…көпшілікке мұндай ұсыныс айтуды дұрыс демес едім, себебі бұл пікіріңізді әлі қалыптасып үлгермеген жастарда оқуы мүмкін…сондықтан мұндай кітаптарды оқуға кеңес бермес едім…
      Сараптама мақалаға келсек, қазақ лаңкес пе деп қарабайыр (банально) сұрақ қоюдың өзінен ақ кеміс-кетік байқалады…Жылқы ішінде ала да болады, құла да болады, бес саусақ бірдей емес. Әрине елдің барлығына бірдей діни сауат ашып бермедің деп Дін басқармасын да кінәлау дұрыс емес. ҚМБ қолынан не келеді? Жәй бір қоғамдық ұйым ғой..ақ пен қараны айырып береді деп оларға қарап отыра берсеңіз, Мәліметтер айтпақшы олар бәрібір үндемеген күйі үндемейді…
      Өрімтал дұрыс айтады «дін қиын мәселе»…

      • …немесе “Записки террориста” деген кітаптарын оқу психологтар мен тарихшыларға болмаса жұрттың барлығына керегі жоқ…

        Мұндай кесімді сөз айтуға көпжылдық тәжірибеңіз құқық беріп тұр деп сенгім келеді.

      • Бұл материалды сараптама мақала деуге келмейтін шығар (олай жазуға негіз қайда?), содан кейін барып, отвязный көңілден «қалайша қазақ лаңкес болды?» деген баналь сұрақ қоймағанда, қайтеміз? сізді қайдам, мен байыпты түрде, иә қазақ – лаңкес деп айта салмағым келмейді. Бұл менің таза ИМХО пікірімнен туған сұрақ еді, айып етпессіз….

  5. Дінмен де, дінсіздікпен де емес, рухсыздықпен күресу керек шығар. Даласында мешіті де, түрмесі де болмаған қазақтардың рухы қандай болған деп таң қаламын.

  6. Жау жоқ жерде жау іздейтін орекеңдердің баяғыдан бергі әдісі емес пе? Кезінде құл тобырлар өздеріне жақпағандарды «халық жауы» деп құртып жіберді. Қай халықтың жауы екендігі белгісіз, алайда құлдарға қарсы болғандығы үшін қанша адам зардап шекті.

  7. «Қазақ та адам баласы» деп пе ед, нәнбай шал?! Қазақ-лаңкес дегенге неге таң қаласың, Өркен?! Есіңде ме, бір кездері бүкіл медиа қояр да қоймай «қазақ-жезөкше», «қазақ-нашақор» деген тақырыптарда әңгіме айтып ед… Қазір, жезөкше көбеймесе, азайған жоқ. Ал, сол сарындағы материалдардан қазір басредтер қашатын боп жүр. Қызық емес – пипл не хавает! Мынау да соның керін киетін дүние сияқты. Ертең, әсіре экспрессивті ой-топшымызды доғарып, тек, өзің айтпақшы, фактілерді констатациялайтын боламыз.
    Мейлің, қазақтан лаңкес шықты дей бер, бұл бір кезі қазақтан блоггер шықты дегенмен бірдей. Кезекті тренд қана. Сенші маған, жаһандану жүріп жатыр, қазір…

    • Өзің де жауап беріп тұрсың, біздікі кіндігіне өлсе жетпейтін топикті төмен тартқылаған наив қыздың тірлігіндей болып тұр ғой. Сен айтқандай, «Қазақ-лаңкес» бола тұра, олай да емес дегім, дегіміз келеді ғой баяғы… Амал жоқ, бағынармыз жаһан заңына

  8. Orken ozekti maslelerdi jazasyng! Kalamyng ushtala bersin.
    Senderdei kalamgerlerge takyrypty kalai koiu kerek ekenin aitkym kelmeidi, birah myna takyryp magan unamady. Arine bireuge unar bireuge unamar, Talgaga tartys jok degenge kelisemin.
    «Jihad» Sozding maganasyng terrorge katysy jok ekenin, bul sozding islamda ulken mani bar soz ekenin Imamdardan estigenim bar edi. «Kazakh Jihad» degen takyrypty ashkanda terrorshyng suretin koru kolaisyz eken. Kersinshe kutken edim, mumkin shyn manindegi «Jihad»dy kutken edim.

    Bilesignder me? USA de EU de khabarlarda «Islamic Jihad» nemese «Islamic Terror» degen sozder kop koldanady. Olar ushin bul eki tirkesete birdei. «Islamic Jihad» dese terror, al Islamic terror dese de terror siakty bolady.
    Shet eldik medianyng «islam»dy terror bolgyzyp korsetti dep kinalaimyz, birah, ozimziding media da sondai bolmasa ekendep tileimiz.

    Jogarda aitylgan «islamic jihad» bul muslimannyng basty mindeti dep estidim. Birah muny mumkin sauatsyz desem duryspa bilmeiin sondai ozderin muslimanmyn degen adamdar alemge teris tanyty. Kazirgi alemedegi nagyz muslimnadardyng tek jane jalgyz masaty osy «JIHAD» sozin alemge durys tanytu dep te estigen edim. Sondyktan osy bir sozge bola 2-3 paraghraph jazdym, birah bul sozden kitaptar jazyp jatkandar ushin arine az.

    Al «Islamic terror» degen aste bolgan emes, batysytyng provocative nemese sauatsyz journalsisterding shygargan tirkesi. Islamda Terror bolmaidy, Terrorda Islam bolmaidy.

    Kazakh mumkin terror ister, birah onyng istegenin «Kazakhtyng Jihad» dep aitu kate dep oilaimyn. Arine sening ol magandada jazbaganyngdy tusinemin. Bul takyrypty jondiesing be jondemeising be ony ozing bilesing. Birah «Jihad» siakty sozdi terrorga katystyrmasa jaksy bolady dep oilaimyn.

    • Жанарбек мырза, мына пікіріңізге мың да бір рахмет! Дереу түзеп қойдым. Арзан сенсацияның тақырыбындай ұрып жіберіппін, айым сорры 🙂

  9. Дұрыс. Қоғамда жаңа атаулардың пайда болғанын да, радикалды топтардың дін атына кір келтіріп жүргенін де ашып жазу керек. Сен жазбасаң, басқа жазады. Теріс таным, бөтен пиғылмен жазады. Жұрт оқымаса да, естиді. Әулиеағаштың өртенгенін, моланың қирағанын естиді. «Бүйткен дініңе рахметтің» көкесі сонда болады. Әлдеқайдан ағылып жатқан сол теріс пиғыл ақпарат, комментарилердің қай тұсы бұрыс, қай тұсы бұрыс екенін айтқан адам да айыпты боп шыға келмек пе? Исламды мұсылманнан артық ешкім түсінбейді қанша ғұлама болса да. Сондықтан Өркен секілді мүмін жігіттердің жәрдемі жүдә керек!

  10. Бауырлар мен былай ой корытып отырмын да! Не терпимость, озге дін, ен сонгысы оз бауырларына кысастык жасау неге пайда болды дегенге…..

    Ислам дінін жана келген жігіт (мен бул созім аркылы казах Мусылман болмады деп айтайын деп откам жок. Ары карай оки берініз) дінге катты ынтык болып турады!!! Эйфория десекте болады муны! Намаз окып, тузулене бастаган бар муминде болады бул дуние!!! Бір разылык, куаныш…тау копарар куш!!! Дал осы уакытта кей адамда такаппарлану дегенде басталатын кез бул!!! …..Муны дін адамдары…имамдар… «уас-уасаның сыбыры» дейді. Ягни шайтан озінін амірі журетін бір катарластан айырылып, бар амалы таусылганда…шайтан ішіндегі ен озбыры, ушкыры «уас-уаса» деген баласын жібереді екен. Ол намаз окып, такуалыкка умтылып жургенге….- «машаллах, сен кандай кереметсің!! Сенін достарынды кара, олар алі карангыда жур!!! Ал сен адамнын асылысын!!! ал олар кімдер!? татымайды саган.!! Созі соз бе олардын»…..- деп кеудеге такаппарлык салып кояды да…сен оган илансан, алгашында созін кулакка ілмейсін. «надан» деп! сосын….кейін оларды кафір деуге дейін баруга жагдай жасайды….
    Бул 1-шісі, шайтан ісі болса, провокатор деп аталатын адам шайтандар да бар…Эйфория дедік кой! Жана мумин болган Исламга шын манынде комек еткісі келіп турады!!! Білмейді калай комек етерін!!! сол кезде теріс агымдагы біреуі – «Ислам журтын кан-каксатып жатыр. Шешенді кырып жатыр. Ауганды астапыралла, астан кестенін шыгарды…сен мусылмансын!!баска мусылман киналса комек етпеймісін!? акыретте жауап бересін – деп… эмоциясын журек бетіне калкытып шыгарып кояды да!!! Еріктен айырылады адам сойтіп… Айтарым адам кашанда ерікті жібітіп алмауы керек!!! Бугін провокаторга еріксіз ерсек, ертен ДӘДЖАЛ (бізше ТАЖАЛ) келсе кайтеміз!? Хадис бар еді гой – «такуа деген адам тәжжалга еріп кетеді» деген…. Ойланган дурыс!!!

    Иа, Ислам дінін устаган жамагаттын жыртысын жыртып, созін сойлеп журу керек!!!себебі акыретте солармен бір катардан турасын гой иншааллах!!! Бірак мынау ланкестердей комек ете алмайтынымыз айдан-анык мусылманга!!! Кайта еш кунасыз тагы мусылманды кафірдін олтіруіне жагдай жасаймыз!!! Вообщее – Джихад куш тен келгенде гана ДЖИХАД!!! точнее дін согысын ГАЗАУАТ дейді. ал казіргідей душпанында артобстрел…ушак, танкі турганда….калашпен шауып журу озінді озін олтіру. (суицидке кандай патуа берілгеннін білеміз гой иа?!)
    Пайгамбар Мухамед с.а.с алгаш дінді насихаттап жургенде..мушриктер тарапынан кандай кинау жасалынды иа!? он шакты уйді кинап жіберді. Байкот жариялады. урып-сокты. Меккеде сабалап олтірілген де сахабалар болды!!! сол кезде жас жігіттер колына кылыш устап…- Ай Мухаммед мыналардын иттігі отіп болды! Руксат бер! кескілесіп олейік!!Шахидпіз дегенде…пайгамбар руксат бермеген еді..себебі он шакты гана еді мусылман саны!!! Кырып тастауы мумкін еді!!олай болса, Ислам куні бугінге дейін жетпес еді!!!
    Казір де сол жайт!!Куш тен емес!!! Бір міндет -максат бар мусылманнын!!! Бас біріктіру!!! Кім болса да, корлыкка калдырмау!!Дос болу!!! Егер мусылмандар мыкты дос болганда: – бізді РЕсей басып алар ма еді?!?! Қоқаны бар, Хиуасы бар..аргысы Турік турегеп жасыл жалау тубіне жиналар еді гой!? Ен сонгысы Иракты итше езгілегенде, букіл араб неге ай карап жатты?! Ауганстанга Америка келгенде. бомбасы бар пакістан ….табанын тисе басынды осымен жарам десе бірдеме ете алар ма еді?!?!? барын айтта, бірін айт!
    біздер, кей бауырлар, осы «достык» деген ГАЗАУАТТАН да мыкты куралды умыт калдырамыз да!!!

    Иа, Өркен айтпақшы!!Сізге айтарым бар еді!! Мола қиратқандарды көрсетті Асыл арнада!!! жап-жас жігіттер (жігіт деуге келсе игі..бокмурындар гой алі белі катаймаган) сол провокаторлардын кесірінен кетті гой!!! Олардан жауыз жасаудын керегі жок шыгар!??! Енді, жазасын алатын шыгар!!аулие агаштын да жайы сол!!! Журт табыныg журген агашты шапканмен, аулие деп баскасын тауып алады!!! Кеудеге тамыр жайган «отірік агашты» шабу керек кой біздерге!!!
    и ваще…мола сындырып, аулие-амблиермен куреспей турып..журекті жібітіп алу керек!!! Пайгамбарымыз пален жылдар бойы, пут толы болса да, намазын сол кагбада окып журді емес пе?!?! Путтарды бірден киратып тастаган жок!!уакыты келеді!!! Журтта арылады!!асыгыстык болмау керек!!! Куранда бірден тускен жок!!бір бірлеп тусіп азгындыкты тамшымен жугандай тазартты!!! Біздер осындай дуниелерді ескергеніміз дурыс! Ореке сізде акырын акырын жазсаныз!!! акпарат сізде мола да!!!кейбірі айтпагынызды бурыс тусініп калуы бек мумкін!!!

    Коп сойлеп кеттім шамасы….кыскасы!!! Жумак жолы оте ауыр емес!!! АЛЛАХ женіл еткен! КУРАН ОКЫ!! ПАЙГАМБАР СУННЕТІмен жур!!! БЕС парызды оте!!! калганы майда іс!!! осыны іні-бауырларга да айта журейік!!!каргыс аткыр ланкестіктен осылай кутыла аламыз!!! Білімді болуга умтылайык бауырлар!!!!

    • «5» деген бауырыма 5! Бәрекелді! Санадан бастау керек. Мола қиратқандар мен камикадзелер туралы айтқанда да сөздің піссімілләсін «ахи-браттардан» емес, санадан, малдық түйсіктен бастау керек. Қазақ, әсіресе мен мұсылманмын деген журналистер «Джихад», «Шахид» деп тақырып қозғағанда бір діни топтың екінші бір діни топты күстаналағаны секілді, ана жамағат мына жамағатқа қарай стрелка бұрып айтпаса екен. Өйткені, айтқаным айтқан, Ресей болсын, АҚШ болсын, сырт елдер мен Исламға жау өзіміздің де надандар «терроризм – Ислам, Ислам – террор» деп тұтастай алып қарайды. «Өркен жақсы топта, Тимур күмәнділеу» деп бөліп жармайды. Осы ғой қылқынып айта алмай жүргенім. «Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?» деген…

      • Жағдайдың шиеленісуіне кім кінәлі сонда? Оларды сол Қапқаз тауға жіберген де БАҚ па? Пәлен қазақтың Қапқаз тауға барып қан төкеніне де медиа жауапты ма? ал барып өлген екен, осындай да сұмдықтар болып жатыр деп айтқаны үшін медиа тағы кіналә ма?
        «Журналисттер жезөкше» деп айтушы еді бір бюрократ, аздап жемқор, аздап мейірімсіздеу бір ағамыз, неге олай айтады деп ойлаушы едім, сөйтсем гәп осында екен ғой. Жанына жақпайтын сөзді айтқанның бәрін аутқа жіберіп отыра береді…

    • Мына пікірің мықты! Расында, ерікті жібітіп алмауымыз керек!!! Айтқан кеңестеріңді құлағыма құйып алуға тырыстым, рахмет!

  11. P.S. анау жерінде мен – «ақпаратты сіз молынан қолданасыз, әрі әдеби жазасыз!!сол кейбіріміз қорыта алмай мүлдем басқаша пайымдауымыз мүмкін гой!!абайлап жазарсыз Исламга келгенде дегім келіп еді!!!»
    Ал Актаудагылар озін жарып, атып-кашып шыккандар…- Жамбылда журіп ,»такфир уаль джамагат» деген топ кургандар еді!!! Олар нагыз кафір істегілер де!!! Ал анау, акымактыкпен мола кираткандарды, эмоцияммен агаш шапкандарды осы катарга кіргізіп жібермендерші!!!Жас балдар гой!!!

  12. Жігіттер біз мында, мынау дұрыс, ал анау бұрыс деп отырғанда. Бізсіз де шешіп жатыр екен!!! Ресей, әскер кіргізбек біздің батыс өңірге! Террористердің базасына сөйтіп «жақсылап» соққы бермек!!!!

    http://www.masa.kz/article/view/id/1047

  13. Иә, бұл да осы тақырыптың жалғасындай болды, газетіме «Батыста боевик бастала ма?» деп ақпарат түрінде бере салғам. не де болса, әліптің артын бағайық

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s