Жамбылда Каплан мен Герман да жүріпті…


Қазақ жастарының Альбина Жанабаевамен мақтанатын жөні бар шығар, ә. Танымал «ВиаГРА» тобының ұзын сирақ, бүйрек бет әншісі Еділградта туғанымен, түп-тегі өзіміздің Атыраудан екенін айтып жүр ғой. Бастысы, Жириновский секілді жиіркенбесе болды да. Тегі болмаса, «МузТВ-ның» жұлдызы Лера Кудрявцеваның Өскеменде туып-өсіп, сондағы музыкалық училищені тауысқанымен бірталай жас мақтанатын көрінеді. «Қой» демейміз, қуана берсін.

Менің де көкірегіміді кере мақтаныш қылатын мәменттер бар екен-ей. Жершіл деп жерге көміп кетпеңіз 🙂 Мысалы, мынау пролетариат лидері В. Лениннің өміріне 1918 жылы қастандық қылған еврей қатыны естеріңізде шығар әлі. Сол Фанни Каплан кезінде Жамбылдың көшелерінде тұрып, ыстық бәліш сатқан деседі. Ол да қайсыбір оңғаннан сатты дейсіз, сәбет өкіметінен қашып-пысып жүргенде қылған кәсібі шығар. Все-таки Каплан біздің Таразда болыпты, тұрыпты, жүріпті… Ал атағы әлем шарпыған әнші Анна Германді кім білмейді десейші? Оның шырқауындағы «Когда цвели сады», «Надежда», «Эхо любви» секілді әндері өз заманының өшпес хиттарына айналып еді, шіркін.

Айтпағым мынау: жақында «ОРТ» арнасынан екі серияға бөліп, «Анна Герман. Махаббат жаңғырығы» деген деректі фильм көрсетті. Білгенім мынау: менің сүйіп тыңдайтын әншім 1945-1946 жылдары біздің Тараз шаһарында (бұрынғы Жамбыл) тұрып, бірінші сыныпқа осында барған екен. Аннаның анасы да екінші рет тұрмысқа осы Тараздан шығыпты. Анның отбасысы да қайбір жетіскеннен қазақ жеріне келді дейсіз, қым-қиғаш заманның тепкісінен қашып жүрген ғой сол. Қысқасы, оның Жамбылдағы өмірінен жырлай бастаған жерінде экранның төменгі жағынан «1946 год. Город Джамбул. Узбекский ССР» деген титр атып шықты. «Ал, не істейсің енді» дегендей әлгі сөздер экраннан «кәм он» деп қолын шығарып тұр (хронический ұлтшылдықтың белгісі ме екен бұл?) )))) Бір көрінсе мейлі, екі-үш рет жылпылдаған соң, фильм редакторларының Жамбылды өзбектерге жығып беріп отырғанын түсіндім. Қолыңнан не келеді… ары кетсе, айналып келіп телебезерді тебесің. Тепсең – төлейсің!

Әйтпесе, Әулиеата қашаннан өзбектің жері болып еді? Бір сүйініш пен бір күйініш деген осы шығар, сірә. Әйтеуір, Анна Герман да Тараздың мектебіне барыпты, төж пәшектей болсын приәтно екен..))))

Advertisements

3 comments on “Жамбылда Каплан мен Герман да жүріпті…

  1. Е, қанша трайбализм-пантүркизм-жерлестік-бауырластық-ұлтшылдықты мейлінше шеттетіп, өзімізді – объективтілердің объективтісі етіп көрсеткіміз келгенімен, әлдебір шыңды бағындарған жерлесің-отандасыңды естігенде, «әне біздікілер!» деп, қипақтап жасап қалатынымыз рас енді, хе-хе, дөп түсіпсің-ау…
    Ал енді сусыма құм арасындағы ауылымды айтып, жөнді-жөнсіз бөскім келіп тұрғаны менің де… Әлгі кім еді, Лев Давыдович Троцкийді айтсам… Сол кісі иен далада нақ біздің стансадан түсіп, салтанатты сөз сөйлеген екен…
    1962 жылы Свердловск (қаз. Екатеринбург) аспанында әмірикан тыңшысы – «U2» ұшағы атып түсірілді. Сонау Пәкістанның Қарашиінен бері қарай рақаттанып ұшып, оянный нысандарды суретке Ал енді ол ұшақтың радарға дәл біздің ауылда түскенін кім білсін. Орекеңдер апптаритетті өздері алғысы келіп, Жем бойындағы ұшақтарды көтерткізбей, Ресейдің жеріне кіргенін күткенге ұқсайды…
    Енді айта берсем көп…
    А, айтпақшы бір уақыттары қылмыс, Мистер Кредоша айтқанда: «Рэкет, бомба и шпионаж, Контрабанда и шантаж» бойынша министрлердің аузына ілігіп жүрдік. Көк жәшіктен ауылымыздың атын атап тұрып, айқай салған кезде – бізді қойсайш: «Әнеки, біздің жігіттер!» деп, кәдімгідей жасап қалғанымыз рас. Ол енді бозбалалық шақ, не ми болды дейсің бізде… Ох не деп кеттім мен, логаутты басып шығып, жұмысыма кірісейін…

  2. Міне, кішкене ғана ауылдың өзінде қаншама тарих бар десеңші.. Орыстың журналистері осындай майда шүйдеден сенсация жасап жатады ғой, ойбай, анау осындай, не дейсің, Сильвестр Сталлоненің әжесі украинка екен деген сияқты.. «Братоктармен» де мақтаныпсыздар ғой, біз де Тараздың есімі 90-шы жылдардың аяғында топ-листтен түспей тұрғанда, соның «буымен» біраз жерде сесіміз бар еді. ))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s