«Ағайындылар-2» (Бекболат Тілеухан, Мұхтар Шерім, …)


Есінеп тұрып, еле-еле кереуетінен кеудесін көтеріп алған ел-жұрт, қалайсыздар! Армысыздар, бармысыздар демекші, таңғы эфирде – «Бармысың, блогшым» хабары. Бүгін де дым қызық жоқ. Блог құрылтайға дайындық қызып жатыр. Айжаннұр алты грамм алтын жалатылған айнасын жоғалтып алыпты (Скотланд-ярд адам салыпты, қызық-ей, біздің ҰҚК қайда қарап отыр?). Амангелді Абылай ханмен спириттік байланысқа түсемін деп, киізде ұйықтап, кіреуке киіп жүр екен.

Папарацци Қисықты Лео ди Каприомен покер ойнап отырғанда түсіріп алыпты. Сапасы онша емес, сондықтан салмадық. Сонымен, кеше айтуға кеш болды, мына Бекболат пен Мұхтар ағаларымыз бар ғой, бауыр болып шықты… Мм-м, Жаңаарқаның Бекболат Тілеуханы мен Түлкібастың Мұхтар Шерімінің түбі бір екен. Осы Уордпресс жазығының ол бір жағында, анау мына жағында отау тігіп, кеше екеуі де екі-екі жазбадан қабырға қалапты дейді. Ашығы керек, аң-таң жұрт қарбыздан қан шыққандай қорқып, бір-екеуі қылуетке түсіп, бес-алтауы «Мен Өркен емес, өрмекшімін» деп қуған көрінеді (астапыралла десейші). Қысқасы, ағайын, ағалар арамызда… Хош келдіңіздер дейміз. Халқының ұлы екенін дәлелдеп жүрген хас ағалар ғой. Бірі, әне жыр боздатқан, қобыз ыңыраңтқан жырау, сазгер, қазір мәжілісмен, саясаткер. Блогы міне, http://btleuhan.wordpress.com/ Бірі, тілі у сойқан, шымшымасы, қағытпасы, мысқылдамасымен белгілі сұмдық сатирик. Блогы міне, http://mukhtarsherim.wordpress.com/

Е-е-есінееп… ұйқы кетейін деп жатыр. Үлгеріп қалайын. Қабар бітті. Таңғы сағат 7.28. Сіздер үшін Өркен пақыр, оператор… ол аузынан сілекейі ағып, сілейіп жатыр.

Advertisements

24 comments on “«Ағайындылар-2» (Бекболат Тілеухан, Мұхтар Шерім, …)

    • Леомен бір алдағы жобалары жайлы әңгіме жасап тастайын деп едім Кино блогы үшін, журналистер жырпылдап онда да маза бермеді, шорту:))))) Көңіл-күйі көтерілсін деп ұтылып отыр едім әдейі:))))
      Өрімталдың пікіріне «+».

      • Лео «Остров проклятых» пен «Началодағы» рөлдері үшін Оскарды алуға асығып отырған шығар.. Екеуің жақсы дос болсаңдар, біздің блог құрылтайға ерте кел. ЕҢ болмаса ,екі ауыз сөз айтып, құттықтап кетсін

  1. Мұхтар ағамыз өзі естіп үлгермеген шығар әлі, блогы барын.Кеше екі кеште Аққыз екеуміз отырып шимайладық.Бүгін Аққыз «естіртуі» керек болатын. Құтты болсын блогыңыз Мұқа.

    • Ербол інім, Маңдайыңның тері екі шелек болып, ағаң үшін блог жасап бергендеріңе қуанғанымнан қуалай беріппін. Кімді дейсің бе? Есік алдында жүрген итімді! Ол байғұс иесінің қуанышын қайдан ұқсын, қыңсылап, қолымды жалап жатыр, бірдеңе тастайды ма деп, жан-жағына қарап жатыр…
      «Ит тіршілік-ай…»дедім ішімнен. Әйтпесе, мына тұрған Алматыға барып, қолдарыңды қысып,қысыр әңгімелерді өй бір гөйтіп қайтар едім-ау… Несі бар, Алла жазса, «көкетай» деп көктем келе жатыр, көктемде қол тимесе, жымиған жеңешемдей жазымыз бар…
      Ербол, блогың тамаша екен! Тілің «хроническии» қотыр ма деп қалдым, блогыңа береке, дұшпандарыңа келеке тілеймін! Аңқылдаған ағаң Мұхтар ШЕРІМ.

      • Ой, Мұхтар ағамыз «в своем репертуаре»… тілі сұмдық қой, сұмдық)))))))

  2. Иә, Ербол, ағама түнде айтып түсіндіре алмай есім шықты. Болмаған соң өзі хабарласып, бәрін сұрап жатыр. Жарытып ештеңе білмейтін мен пақыр да шатып-пұтып түсіндірген болдым әйтеуір…. Бірақ, байқаймын бәріміздікінен Мұхтар ағаның блогы озатын сияқты…

    • Аққыздың менен сүйінші сұрағаны: «Аға блогыңыз құтты болсын!»
      Шынымды айтсам, ол екі күнде дайын болады деген, дәл осылай жылдам болады деп ойламаппын. Рахмет Аққыз! Көп жаса! Тісі кетік кемпір бол, жасың жүзге жетсін!
      Мұх ШЕР.

      • Ал Мұхтар аға, блогыңыз құтты болсын, енді тек сатиралық әңгімелеріңізден бөлек, ой толғам, пікір-көзқарастарыңызды да қоса салып жүрсеңіз, қатып кетер еді…

  3. Сіз «Қайырлы таң» айдарын ашып қойсаңыз қайтеді осы? 🙂 Осылайша әрбір таңда жағымды жаңалықтарыңызбен бөлісіп тұратын… Есесіне ұйқыңыз да еееееееесінеп кетеді сосын…)

    • ой құрсын, Мұрат бауырым айтпақшы, күш қуатты компиторге сорғыза бермей, келешек әйелімізге де қалдырайық. Бұл бір «исключение» жағдай еді, жазбаса болмайтын…

  4. ай, жарайсың, сенің жазгандарына окып отырып айызын канады, бір созді біртүрлі етіп, біртүрлі сөзді балдай кылып жіберетін ерекше касиетін бар, жалпы любоой ангімені лента байлап, жіпке тізіп, моншак кадап, коз тигізбейтін тосбелгі тагып, татымды туынды етіп шыгарасын. егер сендей сен болмаганда кім болар еді! алға қазақ жігіттері!!!!
    Бекболат аға – енді ол тарихта тағылым алар тұлға болып қалатын біртуар азамат қой, саған осы асыл азаматтың жолын тілеймін.

  5. Өреке, Абылай ханмен спириттік байланысқа түсіп, мына хабарды естідім. «Бұрынғы бабаларың қазақтың ұл-қыздарының интернетті қазашалап жатқаны жақсы болды. Біз жан-тәнімізбен қорғаған, ежелгі дұшпанмен алысып жүріп сақтап қалған елді қорғаңдар. Тым болмағанда Дәруішөлген автономиясын сақтаңдар. Сонда Қазақ елі түзеледі. Биліктің бір тармағынан келген Бекболат пен Мұрат Әбеновке, Алдаркөсенің сендердің замандарыңдағы мұрагері Мұхтар Шерімнің блоггерлердің қатарына қосылғаны жақсы болыпты. Бабалар баталарын беріп жатыр деп айт» деп сәлем жолдап жатқан кезде түсімнен оянып кетіппін. Сөйтсем, үстімде кіреуке де, астымда киіз де жоқ екен. Комптың алдында ұйықтап қалыппын. Дегенмен, Бекболат пен Мұхтардың «жас сарбаз» атанғаны құтты болсын! Өркен, Асхат, Қисық, Қатыбалды сияқты демблдер «духтарға» тиіспейтін шығарсыңдар деп үміт етемін

  6. «Тым болмағанда Дәруішөлген автономиясын сақтаңдар. Сонда Қазақ елі түзеледі» кеңк-кеңк)))) қатырдың бауырым

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s