Балқарағайдағы бір күн. Фотобаян


«Не дейміз, сөзге кедейміз. Одан да жазып жіберейін» деп жаланып тұрған жорналшының біріміз (солай деп ойлап қоямын да). Жұмыс орнымның «Халық сөзі» екенін білесіздер, ал қаншалықты халықтың сөзін айтып жүргенімізді білмедім. Сонда да ақпарат сеңінде сенделіп, жүйкең түтіліп жүргені сол. Содан да, тайлы-тұяғымыз қалмай, табиғат аясына шығуды біраздан армандап жүргенбіз.

Құдай жарылқап, коммерциялық нәсяйнигіміздің туған күні келе қалғаны… Қыстап жібердік, «қатырамын» деді. Қысқасы, өткенде Астанадан 18 шақырым алыстағы «Балқарағай» демалыс аймағына тартып тұрғанбыз. Естеріңізде болса, бұл жерге бұрын да келген едім. Төрт қабырғалы офис-тордан соң мына табиғаттың сұлулығын көріп, жынды адамдай жымың қағып жүрміз.

Қарағай жұпарын құшырлана иіскеп, саф ауадан кеудеміз созылған жеріне дейін толтырып тастадық. «Первобытный» түйсіктеріміз пүльс беріп, қыздарды «қасиетті қармен шомылдыру» рәсімінен өткіздік (онсыз бола ма). Әйтеуір, олар да, біз де ырза 🙂 Шоғыр-шоғыр тал-дарақтың арасын аралауға болар еді, амал не, күн қақап тұрды. Бөренелі үйдің біреуін жалға алыппыз. Самаурынның шайын ішіп, ырзығымыз күркетауықтың ысталған еті болды. Жігіттер жағы атпен шапқыласа, қыздарды шанаға салып қыдыртты. Тілектер айтылды, «тамырымыз тереңге бойлай берсін» деді…. «Мафия» ойнадық, көбісі алғаш рет ойнағандықтан, кеш түссе де, көпке дейін ойын қызығын қимай отырдық. Ұят болғанда, «ұлы мафия» басқа емес, қой аузынан шөп алмайтын дизайнеріміз Елтай болып шықты… Бұдан былай ол – Дон Елтай )))) Міне, осылай дем алып (ортасын бөліп жіберсең де, сөз шығады екен) қайттық. Мынау, содан түскен кәкір-шүкір суреттер еді, қабыл алыңыздар (шырт-пырт шапалақ). Мәдени шолушы, бас редактор, бухгалтер, дизайнер, саяси шолушы.. Кімнің кім екенін өздеріңіз танып аларсыздар)))

Қар атыстың «құрбандары» (1941 жыл, 12 жануари )))) Астымдағы атым «Рапунцельдегі» Максимустен аумай қалыпты. Оқыранып тұр. Тек Паскаль құбылғыш жетіспей тұрғаны.. жаль Байғұс аттың құйрығы ғана түсіпті.. Міне, қатені түзедік. Мынау сол құйрық тиесілі аттың анфасы «Қанышер Франкенштейн». Рөлдік ойын «Романтик Ромео». Рөлдік ойын. Қуғынбай фотосессияның көбінде режиссер өзім болғанымды да айта кетейін, ия? Ал, астындағы суретті салайын ба, салмайын ба деп біраз ойландым. Кейін «компра» қылып алдымнан шығарса қайтем деп, алдағы жылдарға ойша саяхат жасап та қайттым. Очм, былай оғаш ештеңе жоқ сияқты. Ойын ғой))))

«Мойынқұм апалары» ансамблі. Рөлдік ойын. Ал, енді мына сурет сурет емес, «фотоляп».. Мына екі қыз өздерінше сұлуланып, симметрия заңын, светокоррекция ережелерін сақтап суретке түскен екен, қайтсін, бәрін мен құртыппын. Онда неғып жүрмін десей? 🙂 «Халсөзниктердің» XXVI съезі. Қорытындысын «Егемен Антаркиданың» ертеңгі санынан оқи аласыздар

Advertisements

18 comments on “Балқарағайдағы бір күн. Фотобаян

    • түнгі жазбаның бірі еді, басқа оқырман түсінбей қалған шығар, алдымен баяны түсіп, расында суреті екі күннен кейін шықты-ау))) Айым сорры

  1. Ееей, Өркен, как будто өзің қарға шомылдырғандай болып жазыпсың ғой. Құдай куә, сол жерде қолың қып-қызыл болып (биялайыңды да алмапсың) асыр салған жұртқа қызығееееп қарап тұрып ең ғой. Ал ана жерде «құрбан» болған екеу өзара қар атысып жүгіріп жүрген)))

    • Қап-ай, бүкіл құпияны ашып қойдың ғоЙ)))) Бұл құрығанда, Әсия деген әріптесім, жұмыста қарсы алдымда отырады, бір-біріміздің жынымызға тиіп отырғанды жақсы көреміз. әй, сонда да қолымда қар болды-ей деп мойындамай қойған ба

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s