«Цирк кетті, клоундар қалды»


Орыстарда осындай сөз бар еді ғой… Клоун осы қалпында ұнағандықтан, қазақшалағым келмеді. Айдос Сарымның «бұрын … спектакльмен, кейін киномен салыстырушы едік, енді циркпен теңестіреміз. Сонда бұл кері қарай эволюциялану, жанрдың энтропиясы, саясаттың девальвациясы емей, немене?» деген пікірін оқып қалып едім. Рас қой. Әбүйір болғанда, «әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылдының» керін келтірген сайлаудың әдепкі кезеңі бітті. Кеше президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталып, көш бастауға артық-кемі жоқ 22 адамның ниет білдіргені анық болды. Бұрын-соңды болмаған жағдай десе де болады.

2005 жылы президент болуға 15 адам тілек білдіргенімен, үміткерлік мандат бесеуіне ғана бұйырған еді. Сонымен, сіздерге ұғынықты болсын деп былай жасадым.

Емтиханнан «екі» алғандар

Кандидаттың аты-жөні Туған жылы Ұсынылған күні Жіберілген қате саны
1 Уәлихан ҚАЙСАРОВ 1965 06.02.2011 28
2 Қанат ЕСЖАНОВ 1962 12.02.2011 36
3 Толыбай БАЙМУРЗИН 1962 15.02.2011 52
4 Майя ҚАРАМАЕВА 1957 16.02.2011 41
5 Адалбек ҚҰНАНБАЕВ 1968 16.02.2011 46

Бәсекеден бас тартқандар

Кандидаттың аты-жөні Туған жылы Ұсынылған күні Канд.-сын алып тастаған күн
1 Советқазы НҰРСИЛА 1955 15.02.2011 17.02.2011
2 Зәуре МАСИНА 1947 14.02.2011 15.02.2011
3 Амантай АСЫЛБЕК 1942 10.02.2011 Бүгін ОСК қабылдамай қойды

Партия атынан бәйгеге түскендер

Кандидаттың аты-жөні Туған жылы Ұсынылған күні Ұйым атауы
1 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 1940 11.02.2011 «Нұр Отан» ХДП-ы
2 Жамбыл АХМЕТБЕКОВ 1961 14.02.2011 Қазақстанның Комм. Хал. партиясы
3 Ғани ҚАСЫМОВ 1950 20.02.2011 Қазақстан Патриоттар партиясы
4 Құрманғазы РАХМЕТОВ 1965 20.02.2011 «Желтоқсан» халықтық-патриоттық қозғалысы

Байқағандарыңыздай, «оза шауып, бәйге аламын» деп үмітін үкілегендердің төртеуі ғана қоғамдық ұйым (партия) атынан түсіп отыр. Қалғандары өзін өзі ұсыну жолымен «президент болуға» өтінішін білдірген еді. Төменде солардың тізімі…

Кандидаттың аты-жөні Туған жылы Ұсынылған күні Лауазымы
1 Сәлім ӨТЕН 1951 05.02.2011 Кәсіпкер
2 Мұсағали ДУАМБЕКОВ 1965 06.02.2011 Эколог
3 Қанат ТҰРАГЕЛДИЕВ 1962 14.02.2011 Кәсіпкер
4 Гүлдана ТОҚБАЕВА 1954 16.02.2011 Халық емшісі
5 Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ 1950 16.02.2011 Қоғамдық ұйым төрағасы
6 Мейрамкүл ҚОЖАҒҰЛОВА 1961 17.02.2011 Қоғамдық ұйым төрайымы
7 Жақсыбай БАЗЫЛБАЕВ 1952 18.02.2011 Қоғамдық ұйым төрағасы
8 Мұрат ТЕЛІБЕКОВ 1958 19.02.2011 Қоғамдық ұйым төрағасы
9 Біржан ДІЛМАҒАМБЕТ 1961 19.02.2011 Әскери зейнеткер
10 Серік САПАРҒАЛИ 1952 20.02.2011 Кәсіпкер

Үміткерлердің жарыққа үймелеген көбелектей көп болғанымен, олардың жарыстың түзу жолына дейін төрт-бесеуі ғана қалатыны айтпаса да аян. Амантай қажы бірде құдағиының, бірде жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жаназасында жүремін деп, қазақ тілінен тапсыруы тиіс емтиханына үш мәрте (!) бармапты. Қажының бұл қылығына қапаланған Мырзатай Жолдасбеков енді оны үміткер ретінде тіркеткізбес үшін қаулы жазып қойыпты. Мырзатай ағамыздың мырза көңілінен шыққандарың сапын, әрине Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап тұр. Бұл жерде де тіркелуге тиіс 91 мың адамның орнына, «сыдықовшылар» 700 мыңдай сайлаушының қолын жинап тастады.

Ал, мемтілден тест тапсыру кезегінде «желтоқсаншыл» Құрманғазы Рахметов, ақтөбелік Мейрамкүл Қожағұлова, антижемқор Жақсыбай Бәзілбаев, діншіл саясаткер, немесе саяси діншіл Мұрат Телібеков, «құпия» зейнеткер Біржан Ділмағамбет және соңғы болып, сайлауға үміткер болған ұлтшыл саясаткер Серік Сапарғали тұр. Сәттілік тілейік, ендеше!

Advertisements

5 comments on “«Цирк кетті, клоундар қалды»

  1. Амантай қажы емтиханға әдейі келмей жүргені түсінікті жайт емес пе? Болат Әбілев түскенде, Амантай қажы екінші болар еді. Ал ол түспегеннен кейін оны мүлдем алып тастады. Меніңше, әдейі кілең осындай «ығай мен сығайды» тауып алған. «Елдің тағдырын мұндай адамдарға қайтіп сеніп тапсырамыз, осы күнімізге шүкір» деген әңгіме ғой.

  2. Тоқтар Әубәкіров сынды ағаларымыз түскенде және мемтілсынақтан құлап қалғандай жағдайлар болғанда бұл сайлау қызық әрі шулы болар еді

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s