Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы


Арамызда үміткерлер ұсыну кезеңінің «тез» біткеніне басын тізесін қойып тұрып қайғыратындар табылатын шығар. Себебі, бұл шеруде сұр бетоннан шыланған саяси сахнамыздың сәнін келтірген сәттер молынан болып еді, білесіздер. Қызықты «сәттерді» мен де қызықтап, орын-орындарына қоюға тырысқан едік. Олай-бұлай ауытқып кетсе, айып етпеңіз. Бұл – Өркеннің таңдауы!

1) Сенатор Ғани Қасымовтың лингвистикалық комиссия мүшелерінің алдында ән салуы. Ол тіл білетіндігінің бір тәсілі ретінде Төлеген Мұхамеджановтың «Мен деп ойла» әнін шырқап тастады.

2) Тіл білу сынағынан тосылып қалған Толыбай Бимурзин жұмыссыздық күресудің тың жолын көрсетіп еді. Ол үшін астаналық күзетші Қазақстандағы облыстар санын арттыруды ұсынған. Құдайға шүкір, күзетшінің «тіліне келмей» қалып (емтиханнан құлады), еліміздің әкімшілік-территориялық бөлінісі қазіргі қалпында қалды.

3) Ал Бәзілбаевқа бәрібір. Сайлау дегенді ести салысымен, сөмкесін жинап, ОСК-нің есігін тоқылдатып тұратыны қаш-шан. Бәзілбаев бұл жолы «президент қылып сайласаңдар, келесі күні-ақ жасы 73- тен ауған қарттар пәтерақы төлемейтін болады. Телефон, интернет байланысы да олар үшін тегін. Ал жеті бала туғандарға қала ортасынан 4 бөлмелі пәтері дайын тұрады» деген ұсынысын айтып, таң қалдырды.

4) Астаналық тарих пәнінің мұғалімі Адалбек Құнанбаев сайлау жарнасын төлеу үшін астындағы жалғыз атын, кешіріңіз көлігің сатамын деген. Не деген жанқиярлық десеңізші….

5) Халық емшісі Гүлдана Тоқбаева лингвистикалық комиссияның алдында «жұлдыздар ырғағы бойынша, матриархат дәуірінің» орнап келе жатқанымен қорқытты.

6) Екібастұздық экс-механик Советқазы Нұрсила болса, емтиханды тапсыра салысымен, өз кандидатурасын алып тастады. Сондағы сылтауы, әрбір қазақстандықтың сайлауға түсе алатынын дәлелдігісі келіпті. Ал комиссия өткізбей қойса, журналистерге не деп айтар еді?

7) Жұмыссыз Қанат Есжанов емтиханда жығылған соң, журналистерге «Осы Америкада актер де президент болып жатады ғой. Оларда мұндай тіл сынағы жоқ шығар. Ол (президент) қазақ тілінің мұғалімі емес қой..» деді. Шыны керек, жас шағында киножұлдыз болған Рональд Рейганның кезінде АҚШ басшысы болғанын білгендігіне өз басым ырза болдым. Енді осыны орыстың емес, қазақтың Уикипедиясынан білгенде қатып кетер еді да.. Әбенов көкеміз бекер әлектеніп жүрген ғой жоқ қой 🙂

Өмірдің өзі әнек қой… Тақырып тұздығы ретінде Нұрлан Ерімбетов шығарды деген мына әнекті оқи салыңыз.

Орталық сайлау комиссиясына жындыханадан телефон шалыпты:

–         Сәлеметсіз! Қазірге дейін қанша кандидат тіркелді?

–         19!

–         Бізден 25 адам қашып кетіп еді… Қалған алтауы қай жерде жүр екен, ә?

Advertisements

4 comments on “Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы

  1. Сйлау сайқымазақтаға супер анедот бола бастадығой Өркен аға!!! сатира жанры тағы бір тәтті туындылармен толысатын болды..Әйтеуір бір салаға пайдасын тигізетін Сайлау!!:-)

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s