Спорт. «По блату»


«Блатной» жазбалардың бүгінгі сериясындаАхерес Сеид Хосе десең, ия 🙂 Ақырыс Сейтқазы ғой, айып етпеңіз. Алғаш «Жас қазақты» құныға оқып жүрген кездері, кәзеттің соңғы беттерінде, спорт материалдарынан осы ныспыға жиі кірпігім шалынысатын. Мені қайбір спорт материалдарын жарытып оқиды дейсіз… көз алдымда «А.С.» көбедей көбейіп кеткен соң, сөз саптау, стилистикасын

білейін деп бір мақаласын оқып көрдім. Тастай! Жазысы ұнады. Спорт тақырыбына қалам сілтеп жүрсе, көз алдымызға жігіттің бет-бейнесін сызатынымыз бар ғой. Солай деп мен де жүргем, кейін редакцияға келіп, «ал, Ақырыс деген мен» дегенде, орнымнан атып тұрғаным есімде. Көзім атыздай болып, ке-кее-кеш-тееніп қалғаным бар )))). Алдымда уылжыған қыз тұрды. Бұған дейін қыз баласы спорт тақырыбына қызығады-ау, қызыққанда да сараптап жаза алады-ау деген ой басыма бір кіріп шықсайшы. Содан бері сырлас доспыз. Ақтөбелік (Аршаттың қарындасы). 80-ші онжылдықтың соңғы жылының, соңғы айының, соңғы күнінде дүниеге келген. Биыл ма, келер жылы ма, ҚазҰУ-дың журфагын аяқтайды. Кезінде «Жас қазаққа» жазды, «Дала мен қалаға» ауысқанымда, сол кәзеттің спорт бетін толтырып жүрді. «Ел спорты» сайтында да жүрді-ау, қазір Abai мен Masa секілді модный сайттарды спорти ақпаратпен қамтып жүр. Қысқасы, Азиаданың ашылуынан жазған мына түртпелерін түртпектемей қабыл алсаңыздар болды!

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген. Алаулатып-жалаулатқан Азиадамыз да көзді ашып жұмғанша өте шықты.  Басқаларын қайдам, өз басым алтын жүлдеден  үй саламыз деп ойлаған жоқпын.  Алматыда, әсіресе, Солдат сайы жақта, Дәурен ағайша (Д.Қуат – ред.) айтсақ, «Қар аралас алтын жауды». Қысқы Азия ойындарында 14-тен артық алтын алып  көрмеген, 12 жыл бойы ақ Олимпиаданың медаліне зар болып, Ванкуверде Хрусталеваның күмісін қанағат тұтқан Қазақстан құрамасы, қысқасын айтқанда кішігірім сенсация жасады.  Осыдан 25 жыл бұрын жапондар жиған 29 алтыннан да асып түстік. Жә, жарайды, алтын алғанда тұрған не бар дерсіз?  Мәселе мынада. Үш жылдан соң алауы жанатын Сочи Олимпиадасында сол отыз екінің , ең болмаса екеуін еншілей алар ма екенбіз?! Менің күмәнім бар. Азиадада 8 алтын таратқан шаңғымен спорттық бағдарлау бұл Олимпиаданың бағдарламасында жоқ. Сондай-ақ, шаңғышы «қыздардың» жасы қырықты алқымдады. Биатлоншылар ішінде іліп алатын Елена еді, соңғы кезде ол да жарытып жүрген жоқ. Жарқ ете қалған Евгений Левкин, Денис Кузиндер  қара үзіп кетеді демесеңіз…

Денис Тен. Түрін құрсын))))

Азия ойындарының артықшылықтары да аз болған жоқ. Мысалы, Денис Тен мен Денис Кузин. Қос Денис  бір күнде Азиада алтынын ұтып алып, Астана жұртына әнұранымызды тыңдатқан болатын. Кузин конькиден Олимпиада чемпионы кореялық Мо Тае Бумды басып озып, Азия рекордын түзетіп қойды. Ал, Теннен алтын күтпегеніміз рас. Жалпы, Денис балалығына қарамай, кәдімгідей алға басып келеді. Журналистер қойған құйтырқы сұрақтарға қысылмай жауап бергеніне риза болдым. Қанша дегенмен, Америкада, Фрэнк Кэрролдан тәлім алып жүр ғой. Тек, еркін бағдарламада құлап қалғаны өкінішті.  Алтынды «достойно » алуы  керек еді. Жұптасып мұзда билеген Қазақстандық һәм экс-ресейлік Виктор Адонев пен Виктория Кучеренко жұбы құлап қалып, тым жақсы бидің шырайын шығармады. Алдын ала мамандар қолынан қола алып қойған олар  айналдырған 4 жұп ішінен төртінші орынға табан тіреді. Білетіндердің сөзіне сенсек, Виктор бір күн бұрын қатты «қызулапты». Бірақ, бізді қызықтырғаны бұл емес. Сол сайыстан бір күн бұрын шорт трек жеңімпаздарына медаль тағып жүрген самбошы ағамыз Мүсілім Оңдағанов мәнерлеп сырғанаушы жұбымызды мұзға шығарып салып тұр. Оңдағановтың мұндай да өнері бар екен деп таңдай қаға бергенімізде, Адонев пен Кучеренконың Оралдан екені ойымызға сарт ете түсті. Очм, Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының төрағасы «ас талғамайды» екен.  Спорттың қай түріне салсаң да, өзін судағы балықтай сезінеді. Мүмкін, бұл дұрыс та шығар.

Ли Сюн Хун деген осы

Осы кәріс жігітіне «құламаған» қыз жоқ шығар (мені қоспаңыздар :-))… Еріктілерден бастап, «оргкомитеттегі» майлы жіліктен ұстаған бикештердің де басы кетті оған. Ли Сюн Хун – Ванкувер Олимпиадасының жеңімпазы! Азиаданың алтынын үш рет алды. Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде, қарсыласын шаң қаптырып кететін Лимен кәріс телехикаясында ойнайтын жігіттерге деген сезімдері көл-көсір қыздар ақыры суретке түсе алған жоқ. Қанша дегенмен, жұлдыз ғой…

(Пыс-Пыс: Ақырыс, негізі суретімді қоймашы деп еді, суретін қойып жатқанда, ұмытып кетіппін бұл ескертуді. Айым сории)

Advertisements

30 comments on “Спорт. «По блату»

  1. Иә, сөйлеу құрауы «мен» деген талай журналисті артында қалдырады. Бұйырса, жақсы спорт шолушысы шығады деп отырмыз үміттеніп, ал Ақырыс Айжаннүр екеуімізді жерге қаратпа)

    • Биздин ауылда Акырыс деген есимди иеленгендер коп-ак! Бирак солардын ишинде осы — «Ахерес Сеид Хосе» сынды синлимиздин аты озып тур. Онын жазган «шимайлары» спортсуйер кауым тарапынан жаксы пикирге ие. Дурыс арине. Бул онын тынымсыз енбеккорлыгынын аркасында деп ойлаймын. Акырыс тек кана алга! Актобелик Аршаттын карындасынын баскаша болуы мумкин емес!!!

      • Иә, Ақырысты көрсем, ешқашан шаршамайтын Энерджайзер батарейкасы есіме түседі 🙂

  2. Ақырыспен журфактың жатақханасында бірге «Лига чемпионовтың» талай матчын бірге тамашалап едік. Мен таңқалғам сонда, қырғын жігіттің ортасында бәріне футболистер жайында тәптіштеп айтып отыр…

    • Мен де қырғын қыздың арасында отырып, үнді киносы жайлы бастасам, осылай таң қалатындар болатын шығар, ә ))))))))))

  3. Открытием отечественной журналистики можно назвать эту молодую, но дико талантливую властительницу пера. Писать на тему спорта, и делать это интересно и доступно для несведущих в теме спорта читателей- может не каждый. Акырыс это удается с лихвой. Желаю Вам большого успеха на этом поприще…и с нетерпением ждем новых материалов!

  4. Ақырыспен бірге оқимыз деп, төрт жыл бойы қазақ спорт төңірегіндегі даулы мәселелерге әбден қанық болдық қой. Футболдан бізді ойсырата жеңгені үшін «ағылшындарды жек көретін», спорт пен қазақты жан-тәнімен сүйетін курстасыма «алға!» дегім келеді!

  5. Көз алмай оқылатын жақсы жазба екен. «По блату» болғасын ба, әлде… Таныстыру да, жазбалар да «жынды» жазылған. Одан кейінгі каптағанның пікірдің өзінен біраз нәрсені ұғуға болады.

  6. Назерке Сұлтанбек деген қарындасымыздың да бар екенін ұмытпайық.Бірақ, бізде қыздардың арасында комментатор жоқ.Осы бастаманы домалатып алып жүретін, сауатты әрі сапалы репортаждар жасайтын қыздар болса екен дейміз де.Футболды қазір екінің бірі тәтпіштеп жаза беретін болды ғой.Сол үшін бір спорт түріне бейімделген жөн.Назерке мысалы ұлттық спортқа байланысты жақсы жазады.

  7. Әрине, Назерке екеуі қателеспесем, Ел спорты сайтында бірге жұмыс істеді… Бұйыртса, Ақырыс, Назеркелерден үмітіміз мол, ал Жандос ағанның кеңесін оқыған шығарсың, бір спорттың түріне бейімдел дейді

  8. Акырыс сен спорттан кетпе))) Спорттан сен кетсен спортка шай тамак жасайтын назик жанды калмайды)))

  9. Ау, Жандос нени мензееееп отсын))) Назерке болек алем, Акырыс болек алем гой. Аркимнин оз тандауы озинде! Сенин такырыбын Азиада еди. Азиада битти енди не жазарынды ойлансайшы. Азиада Азиада деп жазгандарынды бирнеше газеттен окып мези болып едик… Ренжиме братишке(((

  10. Жандос ау еки арудын жолы ек болек гой. Хотя бир жерден. Биреудин такырып тандауын талкылаганша оз такырыбынды тауып алсан етти. Азиада еди сенин суйииииктииии такырыбын! Азиада битти енди не жазасын а? осыны ойланып койшы бир сатке))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s