Көктен де көркем екен


Кімде-кім мені коллобрационист деп кінәлай қойса, кешіріммен қараймын 🙂 Осы жасыма дейін Астананың бірде сәулетін сықақ етіп, бірде мүсінін мұқатып келіп едім. Енді міне, «қала мэрі қабылдауына шақырып қалар» деген қу оймен мына суретті қойып отырмын.

   «Бұл қайдан адасып жүрген сүгірет?» деп сұрасаңыз, айтайын: Жердің аэрофото және жерсерік арқылы түсірілген фотоларын сатумен айналысатын «GeoEye» деген корпорация бар. Америкада, Даллас деген дәу қаласында пәтер-штабы бар көрінеді.

Төрт-бес жерсерігінен түсірген қала мен табиғат көріністерін сатып, қыруар пайдаға қарық болып жүр. Содан жақында осы компания биылғы жылдың «бест ин зе бест» күнтізбесін жариялап кеп жіберді. Соған лайықтап, көктен түсірілген 13 фотоның ішінде өзіміздің Астана жүр, Құдай-ау. Дубай, Санкт-Петербург, Венеция сияқты сұлу қалалардың қатарына қосып қойыпты. Бұл фотода байқағандарыңыздай, шаһардың «Қазақ елі» монументінен «Бәйтерек» ескерткішіне дейінгі жері қамтылған. Біле білгенге, бұл да бір мәртебе шығар, ә?

Advertisements

4 comments on “Көктен де көркем екен

  1. «Geoeye» компаниясына енді тура мағынасындағы жер бетіндегі серіктестер ұстауды ұсынамын. Мысалы, қаланы өздігінен аралап жүретін автоматты стансалар әлде құлтемірлер болса деймін де. Онда тіпті қызық фотолар боларына сенімдімін.
    Мысалы, құпия символдармен айналысатындар Астананы – масондық тылсым белгілердің ордасы дейді. Біреулер мұны сөз арасында айтады, ал тікелей тематикалық сайттардың форумдарында бұл тақырып сорпаша сапырылады. Әсіресе вокзал мен орталықта көп көрінеді.
    Ал енді, архитектурадан бірдеңе білетіндер біздің сәулет өнерін «жасандылығына найза бойламайтын, соншама жиіркенішті» дейді. Бір флоренциялық саяхатшы: «Неге монументалды құрылыстарды арзан материалдармен жасаған қазақтар? Осыны түсінбедім. Бұл елде ірі колонна көруге болады, жақындап көрсең – әншейін арматураны декоративті-косметикалық материалдармен көзбояу қылып қаптап қойғанын көресің. Мұндай бай елдің неге өздерін осылайша балағаттағанын түсінбедім» деп налиды. Шынымен, орталықтағы гранитсымақ фальш-тастар температура және күш әсерінен қақырап бара жатқанын көргенде жаның ашиды. Немесе, «Бәйтеректің» кіреберісіндегі қабырғаны зер сала қарасаңыздар. «Тендерлік архитектура» дейміз бе, қалай десек болады?
    Ал енді бүркіт биігінен, ауылда қалған құдайы көршім Сәлімгерейдің де ауласы шедевр болып көрінер. Ал оның шарбағында төрт қора, екі жем сарай, және олардың төбесінде үнемі қи жататынында жерсеріктің шаруасы бар дейсің бе?
    P.S. Бұдан Сәлімгерей нашар адам екен деген қорытынды шығармауларыңызды сұраймын, ондай көршісі бар адам бақытты шығар.

    • массонтанушылар сонда вокзал мен орталығымыздан қандай нышан байқап жүр екен,а? оны да сәулетшілер әдейі құпиялайық, қызық болсын деп жасай салмаған шығар. «Абайсызда», сәулеттік аборттың нәтижесінде шығар. Иә, жар дегенде жалғыз Мәжіліс пен Сенаттың ғимараттарының қабырғалары да мүжіліп барады жылдан жылға. Олардың қасында Ясауи кесені әлдеқайда жаңа көрінеді:-) Ал «тендерлік архитектура» деген терминіңізді қолданысқа енгізуді ұсынамын)))))))))))) Аййй , Ерлан ағам ғой, дана боп туған. Сондықтан, Геоайга аспаннан сұлу болып тұра берейікші

  2. Tirkelgen fotosuretti sagat tilimen 90 graduska ainaldyrsak, orystyn pravoslav krestin koremiz. Piramida sol krestin kosylgan jeri. Okinishti-ak…
    Kalai bolganda da bul kagaz juzindegi tauelsizdigimizdin bir korinisi goi.

  3. Иә, мұндай аналогияларды көктен түсіргенде көптеп кездестіруге болады. Себебі, симметрия заңдарын әлі ешкім қолданыстан шығарып тастаған жоқ

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s