Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, 
 

 

 

метафизикалық түбірсіз мезеттің кейпін беретіні тағы бар. Бізде де солай ғой. «Сайлау өтеді» десімен, саяси күштер «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» керіне салған. Қай саусағын қимылдатып, қалай сөйлерін ұмытып қалғандай әсер қалды ма, қалды. Абсурд мысалдан айта отырайық: «Алғаның» атаманы В.Козлов атышулы референдумға ерекше қарсы болғанның бірі етін. «Демократиялық принциптерге сай емес», – деді, «сайлау керек», –  деп сарнады. Жарайды деп ығына жығылып, сайлаумен «сүйіншіледік». Сөйткенше болмай, Козлов коммунист Ғ.Алдамжаровпен бірге президент сайлауына «против» боламыз деп мәлімдеді. «Күштің» көбі биліктің бұл жолғы «саяси қадамына» сай тәсілі болмай, біреу лыпасын  ұрлап кеткендей ұяла қарайды. «Ауыл», «Әділет», «Ақ жол», Қазақстанның коммунистік партиялары, тіркелмеген «Алға» партиясының сайлаудан бас тартуы, абсурд па? –  абсурд! Бұл нені байқатты дерсіз? Аталған «күштердің» тұлғалық персонификацияға кіндігімен байланғаны, тегі болмаса қиялын қаржы тапшылығы құрықтағаны, болмаса аты дардай болғанымен, амбициядан жұрдай екенін байқатты. Қателессек, түзеп қойыңыз. «Қысқа мерзім» деген қысыр сылтау, ИМХО.

         Бұл қатарға оппозицияның ең азулы ойыншысын да жатқызуға мәжбүр болдық. 12 ақпанда «Азат» ЖСДП-сы сайлауға кімді ұсынатынын іштей пісіріп алған. Іле-шала, ортақ келісіммен Болат Әбіловтің  кандидатурасын  ұсынып тұрғанымен, сайлауға қатыспаймыз деген шешімге келгендерін шартарапқа айтты. Шыны керек, шыдамымызды тауыса күткен съездің соңы «ешкім де түспейді» деген екі ауыз сөзбен түйінделгені өкінішті-ақ. «Тиісті жағдай жасалып, талабымыз орындалмаса…» деп екі қолын айқастырып алған партияңа билік «піштууу» деп, қоя салады… Бұдан кейін «Гу-гу» ақпарат агенттігі түрлі нұсқаны түрлендіріп әкетті. Соның бірі, тәуір сөйлейді деген Уәлихан Қайсаровтың өзі тестіден сұлап түскенде, қазақшасы былқылдап тұрған Болат іш жиып қалса керек. Мырзатай Жолдасбековтің мысы басты дер едік, бір сөзбен. «Жарайды, жарайдымен» үміткер табылып тұрып, сайлауға үлгермеуді де біздің абсурдтің қатарына қоса салыңыз.

          Ал Н.Назарбаев қазақ тілінен ел қатарлы емтихан тапсырып, «бес» деген баға алып шықты. Бірде-бір қате жібермепті. Баяндамасында бір ауыз артық сөз болмапты. Президент  бұл жолы да қазақ елін жиырма жылдан бері жетегіне алған саясаткерге тән сырбаздық танытып, басқаларға «болсаң, мендей бол» деген үлгі көрсетті. Ал Алаш арасында абыройы бар азаматтар, беделді саяси ұйымдар қашқақтаған сайлауға қалған-құтқан бармағанда, кім барсын? Дода арқасында атын доптай домалатқысы, я миллиондаған ақша миынан шықпай, авантюраға барғысы келетіндер, өзін шексіз сүйетіндер, альтруистер, жұмыссыздар… көп қой, құрысын. Қараңыз, үміткерлердің біреуіне Алла тағала аян беріпті, біреуі президент боларын түсінде көріпті, біреуі алдын ала жермен-жексен боп жеңілеріне сенімді. Енді бірі Амантай қажы жалғыз қатыспасыншы деп қосылыпты… қойшы енді, күлкіден қырылып қаласыз. Бүгінге дейін ОСК-ге өтініш әкелген үміткерлерді ойша саралап көрейікші. Алты адам. Елбасы емтиханын тапсырып, құжатын қаттап қойды, қол жинауды штабы қатырып жатыр. «Тілінен» таяқ жеген Уәлихан Қайсаров ОСК-ге екінші рет оқпанын кезеніп еді, бәрібір «Қайтпас Қайсаровты» қайта тіркемеді. Сәлім Өтен сынақтан өтті. Бірақ, бейресми сыбыс Сәлім мырзаның жұбайының «бәрібір жеңілетін сайлауға неге түсесің?», – дегенді күйеуіне түсіндіре алмай, ақыры қан қысымы көтеріліп, ауырып қалғанын  айтады. «Жедел жәрдем» шақырыпты… Аман болсын, апамыз. Ал эколог ғалым Мұсағали Дуамбековті тілдік сын тежемеген соң, енді қол жинау науқанына кірісіп кетіпті. Білуімізше, Мұсағали мырза алда жалда сайлауға «Руханият» сияқты жасыл партия түсіп жатса, дауыс бөліп жіберудің биліктік «пешкасы» болады дейді.

Кім білсін, бірақ кім болсын Мэлс Елеусізовтен титтей де болсын қорықпауына болады. Өзі ғой, «Президенттіктен еш үмітім жоқ. Бірақ бағдарламам бар. Экология мәселесіне бей-жай қарауға болмайды…», –  деген. Ауыл-аймақты аралауға ақшасы жоқ, былтыр бір жүздескенім жетеді дейді… Бұл азаматтың басында: «Ақшам да, қолдаушы адамдарым да жоқ», –  деп жыларман болғанын білесіздер. Аяқ астынан қандай ақша, кешіріңіз, батылдық ояна қалғанын біле алмай, біз дал. Амантай қажы болса, «аттандап» Ақорда қамалын осымен үшінші рет «алып көруге» бел байлады. Бірақ, алғашқы тестіге бармады. «Соткасы» өшірулі, өзі  қайтыс болған құдағиының жаназасында жүр. Сайлаушылар «Амантай қажының әлі де уақыты бар», –  деп ескертіп қойды. Соған қарағанда, сайлау Амантай үшін тағы бір «аттандату» үшін ғана керек-ау. Үміткерлердің арасында күректей дипломы болғанымен, екі жылдан бері жұмыссыз Қанат Есжанов та бар. Қанаттың сонау 1992 жылғы кезекті түсіне алаңқай мен Пирамида еніпті. Пирамиданың қасына жақындай берсе, маңдайы жарқырап, альпинистік сайманын асынып, Елбасымыз тұрса керек. «Келгенің жақсы болды», –  депті де, өзінің қалпағын Қанаттың басына бастыра кигізіпті. Содан екеуі Пирамиданың шыңына қарай өрмелеп кетіпті… деп бітеді Қанаттың түсі. Бұл түстің жалғасын Қанаттың қызы былтыр көріп, онда Президент қыздың әкесі болып шығыпты. Ту-у-у, не айтып кеттік өзі, мұндайда «түс – түлкінің боғы», –  деп қазекем жерге түкіруші еді. Тек ақтөбелік Қанат жерге түкірмейді, бұны «жоғарыдан келген белгі» ретінде тәп-тәуір сеніп отыр. Тағы бір үміткеріміз – 48 жастағы алматылық Қанат Тұрагелдиевтің туристік фирмасы бар көрінеді. Бұрынғы журналист. Телевидениеде, газет-журналда біраз жұмыс істеген соң, жағдайын күйттеп, қайырымдылық қорын ашыпты.

Әнші Марат Омаровтың досымын деп мақтанған ағамыз бұл сайлауға «Алла тағаланың қалауымен» қатысып отыр екен. Оның үстіне, Алматыдан тек Амантай қажының үміткер болып отырғаны шымбайына батыпты. Қысқасы, осындай шым-шытырық... Бір сөзбен, «абсурд театры». 
 

 

 

Advertisements

14 comments on “Алдарыңызда… «абсурд театры»

  1. Бұл сайлау меніңше несімен жақсы? Бұл сайлау меніңше шал болғанда: «…Е, жүгермек, шықпағыр көзім ондай сайлауды да көрді» деп, сақалды сипап жіберіп, қарттық көрсетіп отыруға жақсы… Шәйді сораптап қойып… Женттен алдырып, атауызбен набаттан сындырып… Па шіркін…

      • мынауың оригинал пікір екен, Қалдықыздан басқа ешкім жазуы мүмкін емес десең ия))))))

      • Біз де тарихтың бір бөлшегіміз дейсің ғой, дұрыс Алла жазса айтармыз

    • ғық-ғық 🙂 «Каламбур сайлаудың құлпырып тұрған кезі еді. Ал біз осы тұста қазақ блогшылары алғаш бас біріктіріп едік. еее, шіркін өмір» деп көзімізге мөлтілдеп жас келіп, малжаңдап немереміздің миын жерміз ,а 🙂

  2. Пай-пой-пой-ой…. Өркен, Қанат көкенің түсін айтсайш… Алдында мен бір тауық қуалап жүр едім, ол неге көрінді екен, а?

  3. сакскан уйреу артымен жузеды….
    бул жолгы сайлам егер атаккумарлыкка салынган Азат ЖСД быр жабысын косып жыбермесе быр талай шынайы омырды елге таныиайын деп отыр….

  4. «Азаттан» ешкім қатыспайтын болды ғой, олар сайлау туралы заңды, т.б. тосқауылдарды өзгерт деп отыр, өзгертсе Бутя мырза дайын отырған көрінеді

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s