Путинмен жарысамын!


Біз Азиададан алтын жаудырып жатқанда, орыс көршіміз Түркияда өткен Универсиадада жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға жетті. Сол жарыста «жыртып» қайтқан спортшылармен Владимир Путин бейнебайланысқа шыққанда, «беру встречные обязательства научиться кататься на коньках«, – деп жігітше сөз берген еді. Путин қайда-а-а, Өркен қайда?

Бірақ, мен де көршімнің лидерінен «қалыспай, керек болса жарысайын» деп, алғаш рет аяғыма коньки байлап, көк мұзға тұрдым. Астанада бір жақсысы, қоршалған, қары аралас, жалтыр мұзды, төбесі жабық, ашық, очм неше алуан мұз айдыны толып жатыр. Таңдасаңыз болды! Содан өткенде салып ұрып, әріптестеріммен бірге «Қазақстан» спорт кешенінің жанында, кәдімгі Есілдің бетінде конькимен сырғанақтаттық. 500 теңге төлеп, бір сағатқа коньки аласыз да, әй да… құмарыңыз қанғанша, аяғыңыз талғанша, аяздан домбыққанша тебіңіз де тебіңіз. Лажы болса, өз конькиіңіз болғаны дұрыс екен (ары кетсе, 8-10 мың теңге тұрады спортдүкенде). Себебі, прокатқа беретін конькилердің аяғына шақ келмей, я үлкен болып, қанды ішетіні бар екен. Менікі дәуірек болып, үйректің аяғындай екі аяғым екі жаққа майриып жүрді.

Бейбіт, Қуат, Әсия и я

Байқағаным, ролик тепкеннен гөрі конькимен сырғанау оңайға түскен сияқты. Осыдан төрт жылдай бұрын Таразда ролик тебемін деп талай асфальтқа жамбаспен түскенім бар еді. Бұл жолы бір-ақ рет құладым. Сондықтан, «Путин, бросаю тебя вызов» деп қояйыншы, қызық болсын 🙂

Есіл ағады, Есіл ағады, көкала мұздың астымен...

Жатысымыз мынау, ертеңгі жиналыста не айтамыз десей

Advertisements

27 comments on “Путинмен жарысамын!

  1. ал сәттілік орыстын көзі көк баласын Есілдің үстінде көк мұзда есіліп жарысуға шақырайық! Ау ағасы Қазақтың намысын қолдан беріп қоймаңыз!

    • Ойбой-оу, қазақтың намысы дегенде қалатын жан бар ма, құрсын жөндеп дайындалайын, онйап айтып едім негізі 🙂

  2. мені басып оздыңыз, Өркен!
    Көптен бері мұз айдынына жиналып жүр едім.
    Путинді елеңдетіп қойғаныңыз тіптен қызық болды.
    Қара домалақ баласы тек жеңіске жетуі тиіс:))

  3. Мен ертен буйыртса Медеуге барамын ариптестермен 🙂 Бирак саган карап сени кайталайын деп жатканым жок :)))

    • бардым, конькиден соң таудан пакетпен сырғанап, денемнің бәрі ауырып бір қиналып, бір кайф ұстап отрм :))

      • Пакетпен сырғанадым дегеніңнен баяғы балалық шағым есіме түсіп кетті, таң азаннан қара кешке дейін шана сүйретіп, көк мұз жеп, сырғанақ тепкен балалық десей! Бекер еске түсірдің, өте ауыр…. қайтқың келеді, бірақ артқа қайтар люктің кілті ішінен жабылып қалған. Тек алға жүру керек

  4. Мұзға шыққандағы бірінші ереже – қолыңды қалтаңа салма! 🙂 2-суретті айтамын да. Бәрі әп-әдемі тұр. Біздің Өркен ғана… 😦

    • Қолымды қалтама салғым келмеген. Бірақ, қолғабымды ұмытып кетіппін, амалдың иоктығынан жемпірімнің женімен қымқырып, өйтіп-бүйтіп сырғанақтаттық 🙂

  5. kuwtiiiii! :)))) Suretter de super :))) KOmmentter de :)))
    Men omirimde bir ak ret tepkem konki, i to «TEPTIM» dep ozinwe aitkanym goi, wynyna kelgende bortiktin janynda jabysyp jurdim :))) Mektep kezinde mindetti turde baru kerek bolgan son bargam!
    Endi kaityp barmaityn boldym, birak juyrda gana dostarymmen tebemiz dep josparlap otyrgan edik. Aramyzda bir hokkeiwi bar, master klass korsetem dep uade bergen tugyn :))))

    • «Никогда не говори никогда».. Әлі талай коньки теберсің, иншалла, оның үстіне әрбір астаналықтың арсеналында басқа дүние болмаса да, коньки болуы керек, келер жылға жақсы коньки алып алмасам

  6. Ең рахаты конькиді аяғыннан шешіп, жай табанынмен жерді басқанында, әй, шіркін бір жанға жайлы күйді сезінесің (менің тәжірибемде солай)

  7. Здравствуйте многоуважаемый Дмитрий Анатольевич!
    Обращаюсь к Вам от имени российского курдского народа. После перестройки на территории СССР возникли независимые государства – Грузия, Азербайджан и Армения. На территории этих государств с древнейших времен и до недавнего времени проживало большое количество курдов. В 1923 году по указанию В.И. Ленина был создан Красный Курдистан (это территория районов Кельбаджар, Лачин, Шуша, Кубатлы, Джебраил, Зангелан). Однако сейчас внутренняя политика всех трех закавказских республик направлена на уничтожение, геноцид курдского народа. С начала конфликта в Нагорном Карабахе курдский народ был вынужден покинуть места постоянного проживания, а Красный Курдистан был полностью оккупирован армянскими войсками, которые превратили курдские села в руины, уничтожая даже память о том, что там проживали курды. Мы курды всегда верой и правдой служили России, всегда искали помощь и покровительство с ее стороны, но армянские и азербайджанские представители, засевшие в правительственных кругах России, блокируют доступ к властям России. Красный Курдистан всегда были в составе России и эти территории никакого отношения ни к Азербайджану, ни к Армении не имеют, поскольку никто не отменял акты, существовавшие с царских времен. С потерей Красного Курдистана Россия потеряет часть своей территории и частичку российского курдского народа. Тем более, что Армения, Азербайджан, Грузия усердно ищут покровителей за океаном и их руками хотят решать свои нечистоплотные замыслы. Если так будет продолжаться, то война в Закавказье никогда не закончится и эта зараза будет распространяться по всей территории России. Уважаемый Дмитрий Анатольевич, умоляю спасите курдский народ от геноцида, так как Вы спасли абхазский и осетинский народы, Надеюсь, что Ваше решение на саммите в Казахстане, решит вопрос создания Красного Курдистана и спасет курдский народ, который будет верой и правдой служить России
    Потомок курдских вождей шейх Какоев Рашид Манафович.——-

    ———–
    ——–Такое обращение было отправлено Президенту России Д. А. Медведеву от имени российского курдского народа Шейхом Рашидом. Ответ о получении письма получен.——-

    ——–ИНФОРМАЦИЯ на сайте—–http://www.azdiaspora.org/forum/index.php?topic=704.2100———-

    ————- http://kurdistanmap.narod.ru/05.html

    ———— http://kurdotv.com/

    • Спам ретінде келген кәментті іле салдым. Абхаз бен осетин ұлттарын аман сақтап қалған РЕсей президентінен енді күрділер өз бостандықтарын алу жолына араласуын сұрап отыр екен.

    • Иә, конькиге бір барсаң, барғың келіп тұрады екен, күргейлеп көбіне жұмыстан шықпай қалатынымыз, болмаса комптын алдында бүкірейетініміз жаман да. Ал Гулеке, маған сол ролик ұнағанмен, тебуін сол күйі үйрене алмадым. Әлде жөнді ықылыс болмады ма екен?

  8. Бір күні «Есіл ағады, Есіл ағады» деп әндетіп отырсам, ағам айтады «Есіл ақпайды ол тоқтау су» деп. Астанаға жолым түсіп, Есіл өзеніне барып көрсем, расымен солай екен. Жігіттер алған беттеріңнен қайтпаңдар, алда 2014 жылы Сочиде болатын қысқы олимпиада ойынындарына барып, қазақтың намысын қорғап қайтыңдар. Сочиге өзіміздің сары қазақтар барса күмәнмен қарайтын сияқтымын. Өркен саған шанс бар, 3 жылда меңгеріп аласын….

    • Бұлай сенім білдіргеніне рахмет, әрине. Бірақ сол олимпиадаға блогшылар құрамасының атынан бірге шығайық, саған шаңғы ыңғайлы сияқты ғой, мен сол конькиді көрейін ары-бері қызықтап)))))

  9. байкап уйрен конкиди,
    муз устинде монкиди…
    батырсыган талайлар,
    тыран асып тенкиди.

    созим емес теппеген,
    уйрен ауел еппенен.
    жас ботадай талтактар,
    бурин они теппеген.
    деп койсан а! байксам жас ботатадай талтактап кайткан сыяктысындар хе хе

    • Мына өлеңшігіңді әріптестеріме оқыттым, кеңк-кеңк күлкі сыйлағаның үшін рахмет, бүгін талтақтармыз, ертен ақ сымдай түзуленерміз деп қояйыншы

  10. «У Соединенных Штатов в Малой Азии есть один верный союзник- это курды. За смешные деньги они совершат любой переворот в стране, где проживают.Благодаря им Турция, Иран и Ирак держатся нами на коротком поводке.»- Збигнев Бжезинский. Цитата из выступления в конгрессе США. 1979г.

  11. Мәә, мынауың сұмдық ақпарат екен, Бжезинскийдің білмейтіні жоқ қой, расында күрдтер тәуелсіздікті сылтау етіп, Түркия мен Иран, Ирактың тынышын алып отыр ғой

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s