Махаббат мәселесі. Кеңес керек-2


Бұның қаншалық махаббатқа жататынын білмедім. Бірақ, белгілі «брендім» арқылы бір мәселенің шешімін шұбатып көрмекпін. Досым десем дау туып кетер, 

араласып тұратын танысым деп айтайыншы. Жынысы – әйел. Жұмысы – журналист. Астанада тұрады, аты … маңызды емес. Очм, сол қыз бір отырыста көзіне жас кілегейленіп, «ей» десең, еңіреп жылайын деп тұр. Жыласа, ана жерді топан су басарын тағы біліп тұрмын. «Аса қиын саяси ахуалдан» шығуда Президент көрсеткен прим.-ге салып, «не болды, біреу аяғыңды мыжып кетті ме?» деп күлдім (ыржидым-ау). Маған жанарын тіктеп қарады да, «тыңдайсың ба?» деді. Әрине, ол Шакираның «Лока Локасын» тыңдатайын деп тұрған жоқ, жан сырымды, жүрекжарды сөзімді тыңдашы деп тұр.

Ұзын сөздің қысқасы, танысым өзінің жыныстық ориентациясына күмән келтіретін болып шықты. Қалай десеңіз, Аша Матаймен сүйіскім келеді дейді. «О-о, сұмдық, оның несі ләззат? Қызбен қыз…» деп шайқасықты шайнап қоя жаздадым. «Ерні дәу емес пе? Қатты ұнайды. Сонымен сүйіскім келеді» де-е-еп қарап тұр. Оны қойшы, студент кезінен қыздармен жанасқанда белгісіз сезімге түсіп, бойын игере алмай кетемін дейді. Әрі басқа қыздарды да бұл магнитше тартып, «манить» етіп тұратын сияқты… Өзі солай дейді. Студент кезінде жатақхананың бөлмесінде бірге тұрған бір қызбен дос болыпты. Кім кіммен дос болмайды дейсің, бірақ ол әлгі қызға жігіттер көңіл білдірсе, кәдімгідей қызғанады екен. Керек болса, кез-келгенін ұрып жығуға даяр едім дейді. Бірақ, танысым өзін лесбиянкамын деп санамайды. Неге десеңіз, «әрбір қыз сияқты жақсы жігіттің қолынан ұстап, жарасымды отбасы құрып, 5-6 бала туғысы келетінін» жасырмайды. Бірақ.. «брагы» әлгі біртүрлі сезімі болып тұр. Ол тұрмыс құрған соң тарқап кете ме, кетпей ме, Құдай біледі. «Сондықтан, біреумен нетіскенім жөн шығар» деп менен ақыл сұрап қояды. «Нетіскені несі? Ол не?» деп, мен де қолдан ақымақ бола салдым. «Енді жігітпен төсекте жатып.. дегендей. Әйтпесе, өзімнің лесбиянка я лесбиянка емес екенімді білмейтін сияқтымын» деді ғой, деді.

«Жындысың ба» деген жалғыз сөз айтайын деп тұрып, «онымен мәселең шешілсе, жақсы ғой. Бірақ, бетің бір ашылған соң бір жатқаның не, мың жатқаның не?. Сен не тура жолға келіп, өте жақсы қыз боласың, не өте жаман қыз боласың» деп, өзімше ұрыстым. Оның көзінен жайлап жас домалай бастады… «Мешітке бар, иманға кел» дегем есімде. «Мүмкін, бисексуал шығарсың» дегем… бірақ, бұл сөздерімнің оған зәредей әсері болды ма, болмады ма, білмедім. Біраз болды көрмегелі әрі жолымыз кездеспейтін жермен жүруге тырысып жүрмін, шыны керек. Менің орнымда сіз болғанда, не айтар едіңіз?

Advertisements

32 comments on “Махаббат мәселесі. Кеңес керек-2

  1. Бәрін айт та бірін айт, сен айтылған сөздің астарын тани алмапсың, ол қыз саған: Есі дұрыс еркек жоқ! Мысалы сен секске лайықсың ба? деп сұрады. Сен ойбай жоқ лайық емеспін. Лесбианка болып жүре бер! – деп жауап бердің.)))))

    • Ойй жоқ, ондай емеурінде бірден білесің ғой, бұл мені бар мәселенің шешімін білетін «ақылгөй» көріп, кеңес сұраған тұрі ғой. Ал бұл менің өмірлік практикамда алғаш кездесіп отырған осындай пациент… «Басында ойнап тұрсың ба?» деп сұрай беріппін, тіпті не деп жауап қатарынды білмейді екенсің. Айтпақшы, өзінің айтуынша, жігіт жақындап кетсе, денесі тітіркеніп, құшақтап ала ма, басқа қыла ма деп ішінен қорқып тұрамын дейді. Брезгливая, очм

  2. eger aitylgan okiganyz shyn bolsa, ol kyz meshitke baryp imamnan komek surauy kerek. Bugin ol lesbiankamyn ba, jok pa dep kumandansa, ertengi kuni men shynymen lesbianka ekenmin dep atoi salady.

    Islamda goluboi, lesbianka degendi adamnyn ishine kirgen jyndarmen tusindiredi. Erkek jynysty jyn aieldin boiyna kirip alyp, ony erkekke ainaldyrgysy keled, sol sebepti aiel ozinin aieldigine karamastan aielderge kyzygushylyk tanytady. Mumkin siz bugan senersiz, senbeisiz, birak youtube-ka gay dep jazsanyz, biraz videolar shygady. Islamda bul narse tubegeili haram delingine.

    Al eger bul okiga ras bolmasa.. men tan kalamyn, kalaisha ol kyz sizge Sondai syryn aitady, astarynda baska narse jatkan sekildi.

    Jogarydagy kommentke karaganda, ol kyz shynymen sizge konilin aitkan bolarmyn…

    jalpy kiyn jagdai… Ne bolsa shyndygyn Allah biledi

    • Оқиғаның 85-90 пайызының шыңдық екеніне үш жылдық кепілдік талонын бере аламын))) Бастысы, маған айтқанын осында бұрмаламай жеткізіп отырғаныма… Ал ол қыздың ішіне не жатқанын кім білсін, бірақ адасып жүргендей көрінеді. не жігітті, не қызды жақсы көрерін білмей… шынымен, қиын жағдай. Сен айтқанда, имамға барып, жанын қысқан дертті айтып, шипасын сұрауы керек қой. Басқа жол жоқ

      • Өреке Гастаның айтқаны дұрыс секілді. Сіз шансты жіберіп алғансыз ғой. Негізі қыздардың ішіне кіріп шығу қиын. Олар неше түрлі емеурінмен білдіреді бәрін

  3. ujas!
    Jiit kerek ogan prosto. Jai angime bolsyn degen wygar au 🙂

    Tipti batysta da ar bir kyz ozinin `cvetnaya` ekenin awyk aita bermeidi, al myna tanysynyz jai `magan da bireu konil bolse eken` degen sekildi.
    atyn wykpasa jer orte 🙂

    Meni de kurbym jigitime katty kyzganatyn, birak meni tastap kettin, umyttyn dep, ony endi lesbi deuge bolmaidy goi, dym jaksy karym katynasta jur kazir. 🙂 prosto ol kezde onyn jigit bolmady goi, bolmasa menen juz ese korikti aru 🙂

    So, menimwe, eger tipti ol lesbi bolsa sizdin aldynyzda jylamas edi. koz jasyna karaganda siz kinalisiz goi deim :)))

    • Сыртымнан біреудің көз жасына кінәлісің деп «соттап» жіберді Айжаннұр))) Қалай ақталсам да, болмай жатыр а.. Сенің айтқан нұсқаң да шын болуы мүмкін, бірақ ол қызды мен ұнатпаймын, ол мені дегендей, менің қызым бар ғой))

      • ol meni unatpaidy de Orken ala tonyn ala kawty :)))
        Kim bilsin iwinde ne baryn. Birak myna jagdai unusual eken.
        Eger ‘surezno’ aitatyn bolsam, jalko kyzdy. Rasyna Lesbi bolsa ne isteidi. ALLA saktasyn. aj denem titirkenip ketti!

  4. Оркен ол кызды маган жыбершы озым сойлесейын!корсетейын оган оз жынысына -кызга гашык болганды!!! хе хе

  5. Таласып қалатын болдыңыздар ғой, ұрысқанмен мәселе шешілмейді, ушыға түседі, одан да имамға барып, ақыл-кеңес алу жағына үгіттеу керек болар

      • nege moldadan akyl suraityn kez emes deisiz?
        sizdin oiynyzsha sogan psiholog komektese ala ma?
        kaidan bilesiz ol psiholog ogan ne deitinin?
        mumkin ol dariger ogan, kazir ondai adamdar kop koi, oz sezimindi, orientacandy jasyrgannyn esh paidasy jok, odan da ol jaily aityp, baskalardy da ugitte, sonda jalgyz kalmaisyn, ozine de bireudi tabasyn dep aitsa, maskara emes pa

        Islamda ol narsenin bari Haram etilgen, so sebepti jaksy moldaga baryp kenes surasyn, Kurannan sure, aiat okyp kaitaruga bolady ondai dertti….

      • дұрыс айтасыз, молдаға барып, жынын шығару керек шығар, тегі болмаса дәрігерге тексерілгені дұрыс, немесе керісінше жасауы керек

  6. Ауылға бар деп ақыл айтпаған екенсің….? Астаналық акселерат «третий сорт не брак,заводской дефект»еркектердің ортасында өзінің табиғатынан,болмысынан,жаратылымынан ажырап қалған ғой қасқа бала.(күйек кезеңіндегі қошқарсыз қотандарда да саулықтардың бір-бірінің сарпайын жалап тұратынын көргеміз талай).Өркенің өскір Өркен-ау елге қайт де сен оған.Біздің ауылдағы ЕҢСЕГЕЙ ЕРКЕКТЕРДІҢ ЕКІНДІСІ ӘЛІ АУҒАН ЖОҚ.

    • .(күйек кезеңіндегі қошқарсыз қотандарда да саулықтардың бір-бірінің сарпайын жалап тұратынын көргеміз талай).. өлтірдің)))))))) рас ау, сенің ақылыңды жеткізейін, біздің ауыл дегенің қай ауыл еді, қарағым

  7. Негізі тәп/тәуір жігітсің(жазбаларыңды айтам) 🙂
    былай біреудің ішкі сырын сыртқа жайып* жібергенің болмады бірақ 😦
    Бәрібір мына қызды түсінбедім. Прям қатты дос шығарсыңдар… саған айтқанын айтам да… мүмкін сені, жаңа буын өкілі, ескіше ойламайды деп ойыңды білгісі келген шығар. ал сен қазнетке баХс етіп жариялап жібердің.((( так нелзя)))

  8. ық-ық-ық))))))) біздер үшін (журналистер – ред.) әрбір адам, әрбір ерекше оқиға автоматты түрде жариялануға сұранып тұрадым. Жаратылысымыз солай, сол үшін де бізді біреу ұнатады, біреу жақтырмайды. Прям қатты дос емеспін, таныспын дедім ғой, бастысы оның аты-жөнін, жұмыс орны, әке-шешесінің аты, туған аймағы, руы деген ффактілерді айтпай, бұны жалпылама күйге көшіріп алдым ғой. Бұл жерде ол қыз емес, оқиға қызық болып тұр. Сондықтан бұл үшін мені айыпқа тарта көрмеңізші)))))))))))((((

    • Мақаланың бәрінің дені дұрыс болса да, деніміздің дұрыс еместігінің диагнозы деп ойлаймын:-) Бұл мен жазбағанмен, басқа жазатын, арамыздағы, ортамыздағы мәселе.. бір адамның әңгімесі арқылы беру. Болды

  9. Аша Матайдын номерин беру керек еди ))))))))))) Ал негизи, сиз айткандай кызыкка жаны кумар кыздар да, жигиттер де болады! Ол ушин батыстын мадениетин коймай корсетип жаткан телеарналарга алгыс айту керек! казир сиздин жазбаныздан жагамызды устаймыз, бирак бир еки жылдан сон , бул омирдин зандылыгы болады деген болжам бар, оны барлыгы билетин де шыгар!
    Бастысы, казактын жигиттери текти болса, жагдай баскаша сал пал болатын еди. Айтпесе, намыстарынызга тимесин демеймин, тисин, кыз минизди жигиттер кобеип кетти…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s