Астана блогшылары. Алғашқы кездесу


Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының «аттанына» салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз. Жиналдық. Кеше «қағаз толғатып, кәзет туатын» күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. «Алматыдан Асхат арнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..» деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, «Шербеттің» ұзын үстелінің қос қапталын

шылғи блогшылар «басып алыпты». Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым 🙂 Оң-солыма мойын созып қоямын, алдымда «Қазақтелекомнан», ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз «штук» блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы («Жас қазақ үні» газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы («Сақшы» газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің «01-ші» демократы Амангелді Құрметұлы («Тамшы»), «Алаш айнасындағы» Бүркіт Нұрасыл («Ақиық»), Салтан Сәкендердің («Жүрек сөзі») қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан («Тұспал сөз») Алматыда, Серік Мұратхан («Көкжал») Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. «Кімнен кейін кім сөйлейді», «КИМЭП-тің әжетханасы қайда?», «кофе-брейкте көк шалап беріле ме?» деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. «Кім, кім?» Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…

Бірақ, «а» дегенді «ю» деп ұғатын басбұзар, лаңкес, антиглобалист, панк, фрик, мукла.. очм, біздің талапқа жатпайтын «біреулер» шырқымызды бұзбас үшін «Сақаубай-секьюрити» фирмасынан елу (50) жігітті жалдайтын болдық. Әзіл ғой ))) «бүйтуге, сөйтуге болмайды» деген ережелер жариялап қоямыз, болды. Өрімталдың жазғанын қайта өргендей болмайын, бірақ Баркэмпіміз болатын КИМЭП-ке интернет жалғау жағын Ержан аға жайғастырам десе, ресми мекемелерге шығу керек болса, мәжілісмен Мұрат аға «әрқашан дайынмын» деді. Нұрғиса көке «WordPress» тұғырнамасының өкілі келіп жатса, ілеспе де, ілеспей де аударып беруге әзірлігін айтты. Ал, «Айқын», «Жас қазақ үні», «Халық сөзі» және басқа да басылымдардың өкілдері «асқан кемеңгерліктің, көрегенділіктің бастамасындай болатын жиын» жайында бет-бет материал басып, детсадтағы «детилерден» Қарақия ойпатындағы түйешіге дейін отклик жинаймыз деп отыр. «Қой, ұят болады» деп айту ұят екен 🙂

Айтпақшы, Астаналық блогшылардың осы Блог құрылтайымызға барып келуіне жауапты Өркен деген біреу екен. Жауапты ретінде ол жауап берді. Мұрын астынан «міңгірлеп», «Астаналық блогшылардың демеушісі ақша мәселесін 15 ақпанға дейін реттеп беремін деген… Ақша түсіп жатса, Дабай кызыға тіркелген блогшылардың арасында презентация жасайтын, пікір айтатын белсенділеріне басымдық бере отырып, іріктеу жасау керек» деді. Еее, ұмытып барамын, презентация жасаған кезде модератор болғаны дұрыс па, бұрыс па деп дауысқа да салыппыз ғой. Түйткілді тақырыптың түйіні піспеген соң, «Дабайдың» микросауалновкасында пісіріп аламыз деген пәтуаға келдік. Ал енді суреттер сөйлесін!

НҰРЕКЕНнің ұсынысы: «блогшылар волейбол ойнайық!». Бәрі бірауыздан қолдады, қалыс қалған ешкім жоқ, қарсылары қатыспады

Мұрат ӘБЕНОВ: «Саясаттан қашып кетпейміз. Бірақ блогкэмпке келіп, саясат айтушылардан сақтанайық»

Бұлар, бұлар.. айта алмаймын енді, аса дарынды аудармашы Нұрғиса АСЫЛБЕК пен сұмдық сарапшы Кәмшат ТАСБОЛАТ. Ерлі-зайыпты блогшылар. «Дабайликске» сенсек, болашақ Асылбековтердің де блогтары дайын тұр дейді. Артқы фонда – продакт-плейсмент («Алгида» балмұздағы мен «Салнұр» жорналы) Ағалар. Ерекең (Ерлан ОСПАН) мен Ерекең (Ержан НҮСІПБЕКОВ): «Тәәк, идея жаман емес, бірақ біраз илеу керек» Пах-пах арулар. АйжанНҰР (бөрік) мен оның сұлу, бірақ блогы жоқ сіңлісі АйСҰЛУ (бөріксіз)«Үш ақтөбелік» полотносы (ӘЙгерім ханшайым, АрШАТ батыр, ЕРлан баһадүр)

Отырыстың «ең үздік парламентарийі, тойыс сұрақ қоюшысы» Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, Дабайдағы Әйгерім, ортада – ӨрКЕН. Суретті түсірген – Өркен. Көрдіңіз бе, бір қолымды үстелдің астынан жіберіп қойып, «Инспектор Гаджет» болуға тура келді))))Ортада – Әбу Асхат ибн ЕРКІМБАЙ ибн Блог әл Мысқазғани ат-Қазақи, оң жағында – Рахат ЖАҚСЫБАЙ, экс-сенатор, кешіріңіз, экс-дебатшы, сол жағында – Бекжан ТОЛЫБАЙ, «Қазақ интернеті» деген 5 қабат құрылыстың қосалқы сәулеткеріМына жігіттер дәу де болса, wikikaz жобасының жетекшілері.. Wikileaks-пен шатысы болуы мүмкін, тексеру керек!Бекжан аға бәдіренді шанышқысымен қытықылап жатырАрғы жағын таныстырдым, бергі жақтағы братанды танымады (айып етпеңіз, менің кінәм). Ал аруымыз Виктория БЭКХЕМ (аты мен фамилиясының біреуі ғана шыңдық, ойлап табыңыз) Ұнаса да, ұнамаса да, түріміз осы енді! Астаналық блогшылар! Айтпақшы, жиналысқа келмей қалған Амангелді («ТАМШЫ») бірқанша адамды иіріп, сыртта Блогкэмпті түсіндіріп тұр екен. Сол тарихи сәттен бір кадр! Бағалаңыз Жалпы, алғашқы кездесуіміз жаман өтпеген сияқты. Асхатты бүгін 19.30-дағы отарбамен Алматысына шығарып салдық. Жеңісті күндерде жолыққанша!

Advertisements

38 comments on “Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

    • Бейне біреуінде ашпайды, біреуінде ашылып, мас қылған екен, менің мырыңдаған бейнемді Асхат тарихқа қалдырды))) ал енді бірге сурет тамашалайық

      • мен деген тілипон арқылы көре алмасам да, комп арқылы бәрін ашып көріп алдым. Ал кәментті тілипонмен жаздым 🙂

  1. ммм… рахмет, түрін көрмесек те, онлайн пікірлес, бір платформада дастархандас болып жүрген блоггерлердің суретін көріп қалдық:)))
    «Ортада – Әбу Асхат ибн Еркімбай ибн Блог әл Мысқазғани ат-Қазақи» дегенің жақсы әзіл екен:))) ибн блог әл-Уордпресс әл-Дабай әл Ньюеурайзия демедің бе:)))

    • Бұдан былай Асхатты ресми хаттарда осылай атайтын боламыз)))) Болмаса, болашақтағы БЛОГшылар академиясының «Құрметті төрағасы» деген атақ беріп жатқанда, осындай ат-атау ойлап таба саламыз ғой. Ұмытып кетпе, Айжони

  2. Нұрғиса көке “WordPress” тұғырнамасының өкілі келіп жатса, ілеспе де, ілеспей де аударып беруге әзірлігін айтты.
    _______________________________
    Келмесе аудармаймын дей ме?

    • Құрылтайымыздың алғашқы күнінде келіп жатса, қалай болсын аударып берем деп ант қабылдап, су ішіп, ой серемониясы ұзақ болып кетті)))))))))))))

    • Қоййй-ей, өзі басында «Өркеннің өрмегі» еді, өрнек қылдық, жүгермек деп жүріп, басқа ат ойлап тауып берерсіздер тағы бір күні))))))))

  3. Wynymdy aitsam, jiyn osyndai bolady dep oilamadym. Too much oficial bolyp ketken sekildi korindi. Sinlim an tan 😀 Agailar bolady demedin goi dep :)))
    Alaida, kotpen kutken blogwylardy korip, kuanyp kaldym.
    Ulken ulken agailar soz soilegen son undemei otyrudy durys kordim. Bolmasa birnewe oi miyma kirip, wygyp jatty :))

    Ashatty, Orkendi, Karakyzdy korip katty kuandym :)))

    Tagy da jinalyp turaiykw) kop ekenbiz goi 😀

    • Ха ха ха 🙂 енді арамызда Мұрат, Ержан секілді ағаларымыз болса.. дұрыс, жастар жағы бастаңғы жасап, осы құрылтайымызға дейін тағы бір жиналып алу керек, презентацияларымызды нақтылап, ойымызды жинақтап дегендей)
      Сенімен танысқаныма да қуаныштымын! Девдас келесі кездесуге қалды енді 🙂

    • Жақсы-жайсаң жиналған жерде бәрі жақсы болады емес пе, Алла тағаланың қалауымен? Бастысы, Асхаттың келіп, форматты түсіндіргені жақсы болды. Көптеген кертартпа пікір мен түсініспеушіліктерлің алдын алды деп ойлаймын

  4. Бәрінен бұрын көре жатсаңыз блогы пен бөрігі жоқ Айсұлуға сәлем айтыңыз, блогы бар болғанмен оныкіндей бөрігі жоқ жігіттен:-))

      • Тфә-тфә дедік, сұлу көрсе сұқтанар саптан деп ойлап қалмаңыз, менікі қандай сұлулыққа болса да туатын құштарлықтан туған сәлем ғой(зілі жоқ, сыры бар) арғы жағын өзіңіз жалғай саларсыз:-)

  5. Өйдөйт де, мына жерде романс басталғалы жатыр ма? Алматыдан үшбу сәлем келіп жатыр, Айжаннұр, қайтеміз а, құда боламыз ба?))))))))))))))))) Салемге қандай жауап қайтты, айтпақшы 🙂

  6. әрбір фотоға керемет сипаттаулар беріліпті! Ең бастысы блокта ашық әңгіме жүргізілетіне қуаныштымын! Сәттілік!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s