Пақырдан патшаға дейін… Прелюдия


Кекілді кері қайтарған сайлаудың самалы күн санап күш жинап келеді. Аптаның соңын ала бере, Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның амал-шарттарын анықтап тастады. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауға түсетіндердің додаға шашатын ақшасының 431 млн 973 мың теңгеден аспауы тиіс екенін ескертті. Қалта қамынан бөлек, үміткерлер еліміздің 14 облысының кем дегенде тоғыз облысында тұратын 91 мың сайлаушының қолын жинауы керек болады

Ал Президент сайлауына үміткер ұсыну, тіркеу, үгіттеу шараларының өткізілу мерзімін төмендегі кестеге түсірген едім.

5 ақпан Сайлауға үміткерлерді ұсыну басталады
20 ақпан Үміткерлерді ұсыну аяқталады
2 наурыз Үміткерлерді тіркеу мерзімі тәмамдалады
3 наурыз Сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталады
1 сәуір (2-сіне қараған түнгі 00.00-де) Үгіт-насихат шаралары тоқтатылады
3 сәуір (07.00-20.00 аралығында) Сайлаудың өту уақытысы
9 сәуірге дейін Қорытындысы жарияланады

Қазақстанның президенті болуға пейіл азаматтарға қойылатын талаптар да бәз баяғы қалпында қалыпты. Яғни, үміткер Қазақстанда туып-өсіп әрі соңғы он бес жылын осы елде өткізуі тиіс. «Қамал бұзар» қырық жастан асып, қазақ тілінде еркін сөйлеп, жазатындай деңгейі болғаны да бұлжымас шарттың бірі. Бірақ, биылғы сайлаудың біршама өзгерісн де атап өтпеуге болмас. Айталық, бұл сайлауда мерейі үстем болған үміткердің билік ету мерзімі бес жылмен шектеледі, сайлау парақшаларында «бәріне қарсымын» деген тармақ атымен болмайды әрі электрондық сайлау жүйесі қолданылмайды. Себебі, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етеді деген сандық құрылғыларды халық қабылдамады. Естеріңізде болса, ел ішінде «электронды сайлау – виртуалды алдау» деген мағынасы майысқан мәтел де шығып үлгеріп еді. Сондықтан, қопадағы қамыстай керексіз боп қалған жүйе тағдырын Тұрғанқұловқа тапсыра отырып, сайлаудағы таңдаудың тек қағазбен жасалатынын құлаққағыс етеміз.

Талап қойылып, таяқ тасталғанымен, Орталық сайлау комиссиясына 8-ші ақпанға дейін үш азаматтың ғана өтініші келіп түсті.

Біріншісі, Уәлихан Қайсаров 2005 жылғы Президент сайлауына сенатор болып тұрғанда қатысуға қайраттанып көрген-ді. Бірақ, тіркеу кезінде талап етілген құжаттарды әкелмегені үшін ол келесі сайлау турларына қатыса алмаған болатын. Қайсаровты қазір «Кенесары хан» қоғамдық қорының төрағасы әрі білікті, бетті саясаткер ретінде танимыз. Кэмбридждегі Еуроорталық мектебін бітірген жігіт ағасы «Ауыл балалары» қоғамдық қорының президенті деген қызметті де қоса атқарады. Айтпақшы, Уәлихан Қайсаровтың «Азат» ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Ал Сәлім Өтен 1998 және 2005 жылдары өткен Президент сайлауына үміткер ретінде өзін ұсынған болатын. Бірақ, екеуінде де ауы мен бауы түгенделмей, орта жолда атын бәйгеден алып тастауға мәжбүр болды. Бірақ, бұл жолы Сәлім буы бұрқырап, қалайда биліктің Олимпіне жетпей тынбаймын деп тыпыршып отыр. Алпысқа тақап қалған ағамыз «генерал болуды армандаған сарбаздың» ұстанымымен жиырма жыл жүргізген саяси күресінің жемісін биыл жеймін дейді. Астанада тұрып, «Ақ Тарлан» деген газеттің бас редакторы, «Дәстүр» орталығының директоры деген дардай атағы болса да, Өтен мырза дүйім жұртқа «бөтен» болып тұр.      

Кеше ғана Мұсағали Дуамбеков деген азамат өз өтініш ОСК-ге қалдырып кетті. Интернет Мұсағали турасында мол мәлімет ұсына қоймады. Білгеніміз, ол «Экологиялық таза өнім» стандарттау техникалық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. Мұсағали Сәрсенбайұлы бұған дейін «Халықаралық экология академиясы», «Қазақстанның экологиялық қоры» секілді құрылымдардың басшылығында болып келіпті. Құрығанда, бірде «Жасыл ғаламшар», бірде «Менің Қазақстаным» деген тіркелмей қалған партияның төрағасы болған Дуамбековтың қызмет-лауазымдарының қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын білмей, қор болдық. Дегенмен, бұл азаматты да жалпақ жұртшылық тұрмақ, көзі қарақты оқырманның да жазбай танымайтыны анық. Бір ерекшелігі, бұл азаматтар өздерін өздері ұсынды.

Қызық енді басталып жатырБұйыртса, Есімовтың ағылшыншасымен айтқанда, «Ту би континиюедтер» 🙂 болып жатыр

Advertisements

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s