Ұятсыздықтан заң да ұялады


Кеше емес, арғы күні. Түнгі сағат төрттің шамасы. Компьютерде жұмыс жасасам да, телебезердегі тамашадан құр қалмайын деп қосып қоямын… «Рен ТВ» арнасында саяси-сатиралық шоу болды. Бір сықақшының «Жер адамдардан жалықты. Негізі, адамдардың оны жалға алу мерзімі 2000-шы жылдары бітіп қойған сияқты. Содан да, міне 11 жылдан бері ол бізге «шық та шық, жаңа тұрғындар» келеді деп асықтырып жатыр. Цунами, жанартау, жер сілкінісінің көбеюі – бұл жай ғана сыпайы ескертулер» деген тезисі ұнап қалды. 

Жарайды, әңгіме бұл жайында емес. Сол шоу бітісімен, «Private» кинокомпаниясының жұқа шәлімен абыройын жапқан әйелі шыға келді. «Private» десе, порно дей беріңіз. Себебі, бұл кинокомпанияның аты Американың ең анайы, яки ХХХ жанрындағы фильмдерін түсірумен шыққан-ды. Содан «Клеопатра ІІ» деп, киноның титрлері жүре бастап еді, мына ескерту атып шықты. Сондай қуанбасым бар ма? «Алматинкиге», көше бойындағы жезөкшелерге, жол жиегінде сатылатын дискілерге шамасы келмей, шаршап жатқан заңның кабельді ТВ-ға әлі келеді екен. Керемет емес пе?

Бірақ, бұндай мазмүндағы хабарды бақылап отыратын адам бола ма, әлде бәрі автоматты түрде іске аса ма, ол жағын білмедім. Әйтеуір Ресейдің «Рен ТВ-ісінде» фильм басталғанына бес секунд болмай жатып, қазағымның қырағы зәконы күшіне енгеніне қуандым.

Advertisements

8 comments on “Ұятсыздықтан заң да ұялады

  1. Біраз жұрт «Клеопатраны» көре алмай, қор болған екен ғой:))))))
    Өте дұрыс дүние. Балалы болғалы осындайларға мән беріп жүрмін…

  2. “Private” шыға келгенде көзің жарық ете түсіп,өшіріп тастағанда жыларыңды не қуанарыңды білмей қалған жоқсың ба Өрекен? түнгі төртке дейін бір жағынан компютермен «жұмыс «істеп бір жағынан XXX фильм беретін канал қарайтыныңды білмеппін…дегенмен заңның орындалып жатқанына қатты қуандым…хе хе

    • Құдай-ау, постымда қуанғанымды айттым емес пе? Шо за нареканий))))) «Рен ТВның» порно көрсететін кім білген, әрі осы жарнамамнан соң ол каналды таңғы бесте көрсең де мына ескерту ескертусіз атып шығары сөзсіз,,, Сондықтан, «клубничканы» басқа каналдар іздесін, ұятсыздар 🙂

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s