Астаналық блогшылар, аттан!


«Аттан» деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек «блогшылардың бабасы» дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым 7 ақпанда біздің қалада болады деседі «Дабайликс» ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып, Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті.

Сондықтан, даусым жеткен жерге дейін айтарым: Астанадан прәпискасы әм «блогшы» деген бір парақ қағазы бар қыз-жігіт, жігіт-қыздар, дүйсенбі күні жиналсақ! Алдын ала ұйғарым бойынша, шамамен 19.00-де, сол жағалаудағы «Азия парк» орталығында жиналсақ деп шешкенбіз. Орталықтың 2-ші қабатында «Шербет» деген халал кафе бар. Тамағы дәмді, тек уай-файы бар ма, ол жағын білмейді екенмін. Сонымен, сол жерге дүйсенбінің кешінде келе аламын дегендер, осында кәмент жазып кетсеңіздер. Мүмкіндік болса, телефоныңызды да көрсете салыңыз. Әсіресе, Айжаннұр, сені таппай қалып жүрмейік 🙂

Advertisements

21 comments on “Астаналық блогшылар, аттан!

    • Ха ха, бұның журналистикада кәдімгідей аты бар еді, сұмдық болады деп, қатардағы ақпаратты тығып жіберу… Өткен жылы «Леонардо ди Каприо қайтыс болды» деген ақпарат шығып, ашып қарасақ – ол сценарий бойынша болашақ фильмінде өлуі тиіс екен. Міне, сондай!!!

  1. Астаналық блогшылар Амантай қажыны жабылып президенттікке ұсынғалы жатыр екен десем )))

    • Засем Амантай, өзіміздің Асхат бар ғой, болашақта «Блогшылар» партиясының атынан түсетін ортақ үміткеріміз болады 🙂

  2. Рахмет жігіттер, Алла жар болып, блог құрылтайларың сәтімен өтсін. (Амантай қажының баспасөз хатшысы қазір ғана осыны мәлім етті) 🙂

  3. Негізі аттандайтындай-ақ жөн бар:)
    Өрімталға сәттілік, астаналықтарға бірлік пен жоғарың көңіл-күй тілеймін!

    Жыршы: Ал, енді, мына… «Орамал тон болмайды, жол болады» дейді… осы жырды, мына өткізгелі отырған кездесулеріңе арнап шығарып ем…соны айтып берейін. Қалай қарайсыңдар? Ааа?!
    Зал: Оу, айтыңыз! Айтыңыз! Жібер аттың басын! (шулайды, қол шапалақтайды)
    Жыршы: Әп, бәрекелді!

    Оу!
    Эйрбас дейтін тайбурыл
    Апандай аузын ашады,
    Аяғын топ-топ басады.
    Астананы бетке алып,
    Көк бұлттан да ары асады.
    Мұны көрген дұшпандар
    Қатындай болып сасады
    Қара тері бұршақтап
    Он тауды айналып қашады!
    Оу!
    Соңғы шумағым не в тему
    Ондай-ондай боп тұрады,
    Оған бола, қалың ел,
    Жатырқама осы әнді!

    (Домбырасын қағып-қағып қойып)

    Оу!

    Ел ордасы – Астана
    Астанамыз бас қала
    Өрімтал дейтін ерімді,
    Өрімтал дейтін ерімді
    Қалың блогшы қаумалап
    Күтіп жатыр жата-жастана, ей-еййййй….

    Сөзімді менің қарағын,
    Жараған аттай жарадым.
    Блогшылардың басы қосылар
    Сен де қалма одан, қарағым.
    Астанадағы минибар
    Көзіме оттай басылып,
    Жақсы бір нышанға баладым…

    Оу!
    Блогтұғырлардағы ресурстарға
    Арналып еді-ау бар әнім.
    Құрылтай болады дегенде
    Жан-жағыма қарандым
    Жүрегінде от, көзде ой,
    Басында сана барларды
    Көрген кезде, ей, халқым,
    Бізде де үлкен үміт бар
    Жақсылық боларде санадым.. еу, еу, еуууу….

    • Мәссаған, мынауың жынды ғой 🙂 аа, Асеке не дейсің мынаған? Жыр дегенің Игуасу сарқырамасындай құйылып тұр ғой Димекеңде, рахмет бауырым! Бұйырса, бас қосармыз, Ертай Нүсіпжанов та Астанада жүр, бірақ билеті сол дүйсенбінің 7-сінде екен…. Вот незадача

  4. tagy kim keledi eken? Maaa, wordpresske dal uakytynda kirippin goi. netke kirer uakyt bolmai jur edi. Tuuu, bir ak kun degen ne? Tym az goi, agasy 🙂 Elordaga kobirek konil bolseniz jaksy boalr edi :))

  5. Дәппай, бір қауқылдасып, кофе ішіп қайтайық! Енді қайтеміз, Асекең дегеннің Астанада бір күн болуының өзі өте маңызды оқиғаға ғой 🙂

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s