Азиаданың айналасы. Фотобаян


Құдай-ау, бұрын неге білмегенбіз, Қазақстан деген қып-қызыл спорт державасы екен ғой 🙂 Ақ қар, көк мұздан алтын, күміс аршудан қолымыз тиер емес. Қазірге дейін 56 медаль жинап, оның 23-і алтын болып, 18-і күміс шығып, «орыс-қазақ» құрамамыз озып тұр қай қырынан да.

Мынау Хан Шатырдың алдында тұрған Азиада алауы. Қызық болар деп қағып алдым… Сол күні аспан сұп-сұр болып, тасбітеу күйінде тымырайып тұрды. Сонда да, қызық іздеп «Сарыарқа» орталығына барғанбыз. Спортсүйер ағайынға құлаққағыс: осы орталықтың 2-ші қабатында ерекше көрме ашылды. Қашанға дейін болары белгісіз, сондықтан көруге асығыңыз! «Жұлдызды қолтаңба» деп аталған көрмеден есімін ел білетін талай футбол тарландарының автографтарын табасыз. Мысалы, Лионель Месси

Футболшылардан өз басыма осы ойыншы ұнайды

Ал мына азамат енді аңыз ғой, аңыз.. Диего Марадона. Өткен шемпионатта осы ағайдың командасына жанкүйер болып едім, жолдары болмады. Әттең…

Аргентина жеңіліп қалған соң, симпатиям неміс машинасына ауып кетті. Мұндағы Клозе, Подольский, Мюллерді, жалпы бәрін-бәрін сыйлаймын.. Ойыншы деп осыларды айт!

Бұл көрме жайында алғаш рет Ақырыс Сейітқазы деген досым айтқан. Мұндағы спортшылардың туылған жылынан бастап, шашын қандай шампуньмен жуатынына дейін біледі ғой, шіркін 🙂 Әйтеуір, кіру тегін. Суретке түсуге тыйым жоқ. Қонақтар кітабында осы көрмені ұйымдастырған азаматтарға деген алғысын айтқандар жазба қалдырыпты. Арабша, қытайша, ағылшынша да жазуларды көзім шалды (шамасы, туристер болса керек). Көрменің «шырақшысын» қанша тергесек те, бұл игілікті істің басында кімдер тұрғаны туралы ештеңе білмейтін болып шықты.

«Хоккей» ойнадық. Есеп 31 де 0. Кіммен ойнағаным есімде жоқ, қырдық әйтеуір

«Ырби» да болдық

Көрменің жалпы көрінісі мынадай. Мюллер, Марадона, Мессиден басқа уэн, Кака, Рональдино, Торрес, Пеле, Бэкхем, Аршавин сияқты дарындардың да қолтаңбаларын көруге болады. Мына суретте кәріс сияқты қыртиып қалыппын 🙂

Бұдан әрі «Мега» ойын-сауық орталығына қарай беттедік. Мұнда мұз қалашық бар. Әрине, бұны Харбиндегі мұз қаламен салыстыруға тіптен келмейді. Әрі бұрынғы көлеміне қарағанда, биыл өте кішкентай жерге санаулы мүсіншелер тұрғандай көрінді. Мүмкін, бұл дағдарыстың салдары шығар.

Мұздан жасалған тақ!


 

Advertisements

8 comments on “Азиаданың айналасы. Фотобаян

  1. Иә, «Ырбиып» түскен сүгіретім ғой, бұл да бір үлкен тарихтың бөлшегі, сөйткен Азиада да өтті, 32 алтын медаль сыйлап

    • Қайтемін енді, жұмыстағы әріптестерім ғой))) Негізі, бәріміз кездейсоқ жолығып қалдық сол жағалауда, жұмыс біткен соң деп ақталып жатқан ба 🙂

  2. Астана – жастар қаласы ғой, оқуыңды бітірген соң, жұмыс жағы реттелсе, бұл қаланың да біз секілді тұрғыны боларсың… уақытша баспанасыз))))))))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s