Сәуірдің үші. «Сайлау» спектакльі


Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп «реңіміз» кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз. Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. «Референдуму нет» деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. «Енді басқа жазу жазса болмай ма?» десем, болмайды екен…

Ал мына жақта 5 млн 16 мың адамның референдумды қолдаймыз деген қолы бар қағаздары жатыр. Құдай-ау, сонда ешкімнің ештеңесі кеткен жоқ, тек есіл қағаз ысырап болды да… Құрысын, біздің Парламент арбаға жегілген пар аттай пысылдап, «Конституцияға енгізілетін толықтырулар туралы» заңды отандық жылнамада болмаған жылдамдықпен қабылдап тастады. Басында 7 минут, бүгін міне, Мәжіліс 39 минутын, ал Сенат бар жоғы 25 минутын жұмсап, алдын ала сайлаудың құқықтық негізін қамдап, ау-бауын түгендеп тастады. Қимылы шалт, сөз аздау, қолды көтереді, қолды түсіреді… Елбасы дап-дайын заңды шолып, шиырлап қолын қойды. Датасы – 3 ақпан.

Сәйкесінше, тура екі айдан соң, 3 сәуірде сайлау болады деген сөз. Бұйырса. Сөйтіп, «сайлау» деген бөтен де таныс спектакльдің шымылдығы түріліп, бас кейіпкерлердің сұлбасы қарауыта бастады. Ол кейіпкерлердің кім екендігіне болжамды келесі сериядан, тойыс жазбадан оқисыздар!

Advertisements

16 comments on “Сәуірдің үші. «Сайлау» спектакльі

  1. :))))) ой ишегим-ай, Ореке мына созди ким айтып еди:

    «“Референдуму нет” деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды.»

  2. Депутаттардың бәрі әртіс, Еңбек сіңіргені мен ғана! деген екен марқұм Құдайберген ағамыз. Депутаттардың түріне қарасаң жаның ашиды.

    • Тәуір дейтін 5-6 депутат бар енді… мысалы, Әбенов, Тілеухан, Сабильянов, Сүлейменов деген секілді. Қалғанының бәрі бұрандалы қуыршақтар.. Бұрап-бұрап жіберсең зырылдайды да жым болады.

  3. Саммит дедік. Өтті. Азияда дедік. Ол да өтіп жатыр. Енді сайлау деп барымызды соған саламыз. Табандарының бүрі жоқ депутаттардың титтей де ұяты жоқ екен. Өткенде референдум өтсін деп қызыл кеңірдек болып жатыр еді, енді сайлаудың болғаны дұрыс деп жатыр…

    • «Табандарының бүрі жоқ» деген тамаша теңеу! Баяғыда біздің ауылда бір сорақылық болып жатса, «әй, Ұят Көктөбеде» деуші еді апаларымыз. Көктөбе деген біздің ауылдан бес шақырым жердегі ауыл. Ұят деген адамның атауы болатын марқұм. МІне, сол сияқты депутаттар да «ұят басқа жақта» деп жүрген болар, кім білсін

  4. осындай спектакльдер тойдырды уже. Маған бәрі бір болып кетті. Күл боламаааа Бүл боламаааа өздері білсін. Өзіміздің екі-үш үй аман болса болды маған.

    • Жап-жас боып алып, сайлаудан жалыққаны несі ? 🙂 «Әрбір дауыс – ел үшін маңызды» деп ертең шығады ғой насихатшылар, сол үшін лайықты үміткерге берейік те оны. Ол Назарбаев болсын, басқа болсын

  5. Осының бәрі босқа ақша шашу сияқты маган…

    Одан да сол қаржыны пайдалы іске жұмсаса болар еді негізі! Қараптан қарап ашуың келеді.

  6. Ашуың келгенмен, бұл саясаттың заңдылығы ғой, сайлау болғаны дұрыс, тек апыр-топыр етіп, 60 күнде сайлау өткізуге асыққанымызға сәл түсінбей отырмын. Бұл жерде Бәйменовтың пікірін қолдаймын. Ең болмаса, мамырдың аяғында жасау керек еді. Өзге үміткерлер өтпесе де, тыңғылықты бағдарламаларды көре алатын едік… Әй, біз айтқанмен не пайда?

  7. saiasatti tysinbei kettik!!! al ekonomika tyrgisinan algi protsenttik kotermelerdin dim paidasi jok pa dep oilap kaldim…sebebi bygin bazarga barip jilagim keeeppppp kaittim.Baganin wariktaganinda wek jok!!!!

    • біз әлі дамушы елміз ғой, ал дамыған елдерде мұндай айлыққа, зейнетақыға процент қосу деген болмайды, онсыз да олар төлем төлеудің шырқау шегіне жеткізген оны. Ары кеткенде, 0,1-0,5 пайыз деген сияқты болар-болмас үстемемен «алдап қояды». Содан да оларға инфляцияның ауылы алыс. Ал бізде 25 пайзы көтереді, есесіне базар бағасы да 25 ке 25 қосып, 50 пайыз инфляция болады

  8. Бізге бастысы ел аман жұрт тыныш болса болганы…

    Баскалардагыдай кыргын мен көтерілістен Алла өзі сақтасын!!!

    Уау мен биыл бұйырса бірінші рет сайлауға қатысам :))) неткен қуаныш… арнайы барып тұрып дауыс берем өз қолыммен!!!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s