Жұмыртқадан кім жаралды?


Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау 🙂 Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр.

Бұл турасында Тотыдан бастап Айкоға дейін тәптіштеп жазды ғой…. қосарым – безендіру, жарық түсіру, арнайы әсер, декорация жағынан анау-мынау Олимпиаданның ашылуынан кем түскен жоқ. Режиссер Сеченов та бір жарым жыл бойы бізде тегін жүрмепті. Қазақтың тамырын қазбалап, әу бастағы тарихымызға үңілуге тырысты, әй… Оғыз батыр мен Қарлығаш, жібек қауырсындардан пайда болған Ұлы Жібек жолы, Тайқазан, киіз үй, Алтын адам (кәментшілер оны комикстегі «Темір адаммен» шатастырып, қанды ішті), арба дөңгелегі, Бәйтерек («Аватардағы» әулие ағаштан аумай қалған), бәрін-бәрін қамтығандай болды. «Қазағым, Қазақстаным» үшін мақтаныш сезімі маздап, шыт майкамды айыруға шақ қалғанда, бір көрініс настройымды быт-шыт қылды. Әлгі жұмыртқаның аспаннан салбырап келе жатқан сәті ше?… Мм, сол тұс сценарий бойынша солай болды ма, әлде «как всегда» кәментшілер қуып кетті ме, «бұл жұмыртқа тәріздес дүниеден, жо-жоқ жұмыртқадан қазір Тәңір туады» деп сүйінші сұрай бастады. Тусын ал деп мен отырмын. Жұмыртқаның ішіндегі қуыршақты (бала ғой) сақалы беліне жеткен ақсақал қолына іліп алды. Стоп: сонда бұл адамзат баласы тәңірінен бұрын туып-дамып, қартайып-өліп қойған ба? Барып тұрған әділетсіздік қой бұл 🙂 Олай деп ойламайың десең, құлағынның түбінен «кәмент» триосы «Тәңір дүниеге келді» деп азан-қазан қылды. Бәрі дұрыс-ау, бірақ сонда жұмыртқаны кім жіберді бұл Жерге? Келесі көріністе оқыстан Мәдина әнші «Міне, алдарыңызда Құдайымыз – Ұмай ана» деп қуанғаннан жылап жібере жаздады. Онысы қызыл көйлегі жер сызған қыз болып шықты. Обалы не, ол (Тәңір) онымен (Ұмай ана) бірге, тура Зевс пен Герадай жұптасып жүріп, жаратылыстың төрт рухын (дала, су, орман, шөл) «жаратып тастады». Осы мәментте кәментші Досхан көке біздегі тәңіршілдіктің тарихынан біраз сыр ақтарып тастады. Теликтің бер жағында отырып, тақиялы, сәлделі, орамалды қонақтардың көңілінде «Құдай-ау, мыналарың қып-қызыл тенгрист қой» деп түкірмесе екен екен деп қыпылдадым да қалдым.

Мүмкін, Бекболат Тілеухан ағамдай «асыра сілтеп» те қоятын шығармын. Иә, тәңіршілдік біздің тарихта болған шығар, ата-бабамыздың прототиптері осыған нанған-сенген шығар. Бірақ, дәл осы көріністер үшін өз басым ұялдым…

Advertisements

38 comments on “Жұмыртқадан кім жаралды?

  1. Өркен өн боймызды ашуда ,уят қысып турсада… біздің алғышқы дініміз тәңір діні екенімізді біз мойындамасақта тариқ солай….Біз алғаш тәңір дініне сыйынғанымызды еш өкінбеиміз! Исламдығымыз сүиегімізге өтіп кеткені сондай таңір ,шаман жайлы сөздер естідік болды көзіміз қызарып испан бұқасындай алдымыздағы кеиіпекрді сузіп алатынмыз тағы бар…
    Сонымен кешегі Әлкей Марғулан ағалырымзы зертеп жазып кеткен біздің алғашқы дініміз тәңіршілдіктің кеиіпкерлері Осындай дүбірлі додада көрініс тауып жатса Одан еш уялмау керек қайта..Түсіне білсеңіздер ол біздің мәдени етіміз..Бүгінгі жастар біз кешегі бабалар мәдениетін жоққа шығаратындай сол жұмыртқадан кеше ғана жарып шыға салғамыз жоқ қой ..не аспаннан салбырап түскеміз жоқ…йә кеиіпкерлердің орналасуы жағынан кемші тустары бар екен Бұндай ұлкен қыимылды өзіміздің қара көздер жасамаған соң..басқаға дізгінді берген соң амал жоқ солай болады да..

    • Тәңіршілдіктің тарихымызда болғанын мойындаймын, бірақ дәл қазіргідей көзіміз ашық, көкірегіміз ояу уақытта соны аңсайтын Ғани Қасымов, Әуезхан Қодар сияқтыларды көрсем, жыным келеді. Ну, противно))) Сол секілді тәңіршілдік тарихта болды екен деп оны әрбір фильмімізге (Келін, Бақсы, т.б.) тықпалай беру, тарихи сценарийдің бәріне қажет элемент ретінде қостыру да соншалық мәдениеттің белгісі емес. Мысалы, Иранда Азиада өтсе, олар Заратуштрасын осылай шығарар ма еді? НЕмесе, Сирияда өтсе, Түркияда өтсе… қазір қалыптасқан тарихи танымымен сүзгілейді ғой, не керек, не керек емес екенін

      • Өрекен,тәңіршілдік ежелгі арабтардын бұтқа табынумен мүлде бөлек дүние таным.қазір кейбір «тәңіршілміз!»деп жүргендер «тәңіршілдік » не екенін білмей тұрып ақ оны қасықырмен ,отпен байланстырып әуре болып жүр.тәңір дінінде тәңір сөзі сол кезде ол қазіргі Алла сөзінің баламасы болды.жане тәңірге табынған адам ешқашан бүгінгідей адамға табынбады.тәңір -жаратушы тілсім күш ретінде тынылды.бүгінгі күн өздерін мүсылманбыз!деп жүрген адамдар жай адамды пайғампарға теңеп өлең дастан жазып жүр!қазір исслам дініне сендік деп тәңіршілдік ол өткен надандықтың көрінісі деудің өзі надандыққа апаратын жол…өткен күннің жетістіктері мен құпиялары сол кездегі адамдардың бізден алде қайда саналы болғанын көрсететін белгілер жетеді…
        біз Иранда Туркияда Сирия да емеспыз.біз Қазақпыз,біз жане иссламді қылыштан қорқып емес,саналы түрде өз еркімізбен өз салтымызды сақтай отырып қабылдадық.аяқ асытынан «жұмыртқадан «шыққандай болған қапсақалдар бізді араб қыламыз демесін…дегім келеді..

      • Дұрыс айтасың, Көкжал! Ал, Өркен, сенің Көкбөріге жазған жауабың ұнамады. Жастар арасындағы білімді, ұшқыр ойлы деп жүрген сенің мынадай қалыпта жауап беруіңді құптамаймын. Тіпті пікірің басқаша болса да өз көзқарасын білдірген адамдарға қайдағыны айтып «ну, противно» деп тұруыңның өзі қалжыңға сүйесең де мәдениетсіздік деп білемін. Журналист, меніңше, нейтралдығын сақтау керек және сенің блогыңды сыйлағаннан жазып отыр бұл оқырмандар.

      • Өркен сенің көзің ашық, көкірегің ояу уақытта көрегендігіңмен Ғани Қасымов, Әуезхан Қодарға ыза болып жүргенде.Еліңде болып жатқан Азияда ашылу салтанатын,Тәңіршілдіктің атасында,әкесін әлемге паш етіп көрсетіп берді…
        Көргендер басын шайқап,аузын ашып таң қалыпты,Көрмегендер (бармағандар) елден естіп есі кетіпті…
        —————————————————————————————–
        Әлемді аузына қаратқан 4 жылда бір болатын Олимпияда ашылу салтын телміріп көріп жүрміз.
        Бәрінен байқағанымыз ашылу салтында әр ел өзінің көне аңыз әнгімелерін қойлым ретінде көрсетіп жүр.Соның бірі олипияда алуы, Құдайдардан от ұрлап қашып бізге жеткен деген аңыз бойынша,әлі іс қыимыл қойлымдарда жұр..Былай қарасаң жындының сандырағы ..Дамыс өркені бізді неше қайтара орайтын әлемнің дамыған елдері өз қаласында өтетін олимпиядада осы бір көне аңыздардан қойлым жасауға шеберақ..
        Олардың өркен мәдениетіне қарап сол бір ертегіні (шатпырақтарын))))қалай құрмет тұтқанына қарап..Өз тариқын құрметтегенге разы боласың.
        Оған қаншама ел құрметпен қол соғып разы болып жатқанында,куә болып телміре қарап көріп жұрміз.

        Осыларды дәл қазіргідей көзіміз ашық, көкірегіміз ояу уақытта қойлым жасау мәдениеттің белгісі емес деп жазғандарды оқыпта естімеппін.
        (Соны теріске шығарған,соларды жарып жіберем деген алқынған терористерді тағы көрмеппін)
        ——————————————————————————————–
        Ал Қазақстан азиядалық дұбірлі додада …Ұлы бабаларының тәңіршілдік дінінен үзінділер қойып жатса….Ешкімнен кем емес,,,Қатпарлы өз тариқын әлемге паш етіп жатыр деп түсіндім әрі разы болдым..Содан ойладым біздің бабалар Араптар пұтқа,Монголдар тасқа табынып жүргенде…менің бабаларым Көке сыйныпты ғой…..Ана тасты құдай деп жұрген араппен т/б ұлтардан қарағанда Дүние танымы неткен керемет озық болған йә деп қайран қалдым Ұлы бабалар мәдениетіне қайран қалдым…
        ———————————————————————————–

        Ал тәңіршілдігімізді Келін филімінде жаман жағымен көрсетіп жатса..Ондай іске қалай барды деген сауалға ,Өзімді былай жұбаттым. ..аз емес 300 жыл өзіңді өзіңе жау етіп көрсеткен озбыр ұлтардың сурқия саясатының қаныңда қалған сайқал қылықтарының қалдығының көрінісі деп ойладым..

      • Көкбөрі, бұл жерді Абай сайтындай айқай-шуы, ырду-дырдудың ортасына айналдырмай-ақ қояйықшы. Бұл пікірде айтқандарыңды оқығанмын, түсінуге тырысамын да, қайткенмен ол сенің пікірің болып қала береді. Иә, тәңір сөзі ол кезде қазіргі Алла сөзінің баламасы болғанын, сол күйінде халықтың санасында сақталып қалғанын да білемін. Көк Тәңірі дейміз, ал Жер Тәңірі деген ұғым жойылып кетті мысалы. Бірақ тәңір діні дегеніндегі дін деген ұғымыңмен келісе алмаймын. Менің түсінігімде, дін деп Құдайдан кітап түсірілген, пайғамбар жіберілген, жерлеу рәсімдерінен бастап киім киюге дейінгі әдебі сақталған дүние болуы тиіс. Ислам сондай, христиандарды да қосуға болар, иудейлерді қосамыз, қалғандары мен үшін ағым-наным, сенімнің ар жақ, бер жағы. Болды. Әйтпесе, түрмеде жатқан Арон Атабек ағамыз менің тәңіршілдіктің салты бойы бойынша жерлеңдер дейді мерт болып кетсе.. Ал қалай жерлейміз, сақталып па екен тенгризмнің жерлеу рәсімдері.

      • Әрине, маған мынадай сипаттама бергеніңізге рахмет! Мұнымды мәдениетсіздік деп тапсаңыз, мойындап құтыла салайын. Өзімді соншалық мәдениетті адаммын деп ойламаймын, екі аяқ, екі қолы бар басқа да хомо сапиенстер сияқты көңіл күйге қарай құбылатыным, сезімге ерік беретінім, ызаланатыным, қуанатын, өкінетін, т,б. «кемшіліктерім» бар. Иә, журналист ретінде нейтралдығымды газетте сақтауым мүмкін (менің негізгі жұмысыи), сақтауға тырысамын, ал бұл Өркеннің өрнегі, жеке блог, не жазсам да жауапкершілігі менің мойнымда ілулі тұр, ИМХО.

      • Иәәә, Азиадаға келген ағайындар тәңіршілдік көріністеріне бастарын шайқап кетті дегенге келісе алмаймын. Олар өзі не болып, не көрсеткенін түсінбей қалған сияқты. Түсінбегені де дұрыс болған шығар. Менің позиция біреу: Тәңір бар, ол біздің Алла тағала, қазақтар ежелден осы сөзге теңеп кеткен дейміз, дұрыс-ақ. бірақ, тәңір діні болды демеңізші, монотеистік дін, Көкке табынды дегеннің бәрі қарапайым ғана наным, ата бабаларымыз дөрекі түрде жаңбыр да, қар да аспаннан жауып,»ашуы» келсе нажағайын ойнатып, бұлтын төндіріп, бірде жайдары бола қалатын Көкте тылсым біреу – Тәңір бар деп білді. Қорықты. Үрікті. Құрғақшылық болса, тасаттық берген шығар. Бірақ, бұл енді дін емес, адами түйсік деңгейіндегі наным ғана ғой. Қара түнде бір бұрыштан сізді біреу өлердей қорқытса, екінші рет сол жерден өткенде қорқып өтесіз. Аяғыңыздың ұшымен. Алғашқы аталарымыздың түсінігі де сондай болған десем, айып ете көрмеңіздер. яҒни, неден қорықсаң, соны сыйлаған

  2. Бір пайғамбардың бала кезінде (аты есімде жоқ, Исмайыл пайғамбар секілді болып тұр меніңше) сол ел пұтқа табынатын болған екен. Баланың әкесі пұт жасайтын шебер болыпты. кішкене бала әкесінен, «Әке бізді кім жаратты?«деп сұрайды.Әкесі „Перғауын (мүмкін патша деген болар?)жаратты“ деп жауап беріпті.»Ал, патшаны кім жаратты?»,«Оны ҚҰДАЙ жаратты балам». Баланың сұрағы таусылған ба «Құдайды кім жаратты?«деп сұрайды. „Құдайды мен жараттым“. Осы кезде бала „Қалай Жаратушы жаралушыдан жаралған?“деп сұрайтыны есімде.

      • ……таусылмайтын тек қана пікір.
        Ал ақиқатқа сананың мүмкіншілігі жоқ, болмаған да…
        Рахмет Өркен, тамаша пост. Мен салтанатты қарамаған едім, осыдан кейін Азиада ашылуын Ютубтан көрдім, жаңа.
        Шынындада жүргізушілерден бажырайған қателіктер істелген екен. Өкінішті ақ боп тұрғаны. Жалпы салтанат тамаша өтіпті.»Көш жүре түзелер»

      • Рахмет, Ардақ! Салтанаттың сүйсінерлік тұстар көп болды ғой, обалы нешік… Красочно, көзді демалдыратын көріністер көп болды. Мағыналық жағы бұл дені плюрализмнің еншісінде кетіп қалады

  3. Дәл осы әңгіменің айтыларын сол Азиаданың ашылуын қарап отырғанда білгем. Бекболат Тілеухан ағамыз соңынан осы церемонияның мағынасын жерден алып, жерге салатынына күмән келтірмедім. Шынын айтқанда жұмыртқа, және осы көріністерде бейнеленген аңыздарды білмейді екем, дей тұрғанмен тәңіршілдік – тарих, оны түп-тамырымызбен жұлып тастасақ, онда тарихсыз, Алтын адамсыз, сақ қорғандарынсыз бір жерден шыққан ұлт болып қалатынымыз анық. Бұл ретте Көкбөрінің пікірімен толық қосыламын, «Исламдығымыз сүиегімізге өтіп кеткені сондай таңір ,шаман жайлы сөздер естідік болды көзіміз қызарып испан бұқасындай алдымыздағы кейіпкерді сузіп алатынмыз тағы бар…» дегенінің жаны бар. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын дегендей, қоғамның түгелдей радикалдық исламшылдарға айналып кетуінен қатты қорқамын. Және өз көзқарасын өзгеге таңып, өзінен басқаның бәрін кәпір қылып шығаратын діншілдерден Алла тағала сақтағай.

  4. текстті кім жазып берген екен бұл кәментшілерге?
    И ващще Мадинаны экраннан алыстату или аластату жасау керек, сөйлей алмаса ауызын жауып отырмай ма? тікелей аударма жасаған түріне болайын, фуууу сондай жиеркенішті адам!!!
    Жоғарыдағы біреудің или бірнешеудің көңілдесі болар Мадина!!!

    • Біреуді сыртынан сөз қылу жақсы емес… 21-ғасырдамыз ғой. Мадинаның өзіне неге айтпайсыздар. Іштеріңізге симай жатса дегенім ғой.

    • Мәә, жерлесім, жер қылдың ғой Мәдокты 🙂 Мынауыңды Мәдина естімей-ақ қойсын, соншалық жаман адам емес қой, тек мына продюсерлер-ау рейтинг жинаймыз деп әншілерді экранға шығаратын… ӘЙтпесе, әп-әдемі әнші

  5. Рас, комментарилер дұрыс жасалмады.Мәдина ыңқылдап, сыңқылдап жынымды қайнатқанын қайтерсің. Өзі білімсіз екен. Жедел жәрдемді режиссерлар қолданбағаны өкінішті дегенін қайтерсің. Әрине, онысын орысша айтты. Ал, тәңіршілдік мәселесіне келгенде, біз осы ашылу салтанатында біржақты кеттік. Ислам елементтерін де косу керек еді. қалай болғанда да 1000 жыл бойы осы дінді ұстанып келеміз. Жалпы, өз басым тәңіршілідікті арабтың исламнан бұрынғы ханиф діні сияқты дін ретінде бағалймын. Ханиф дінін Құранда да дұрыс жол деп сипаттайды. Тек біз тәңіршілідікті Құранда айтылатындардан алыстатуға әуеспіз. Керісінше жақындата түсу керек. Пайғамбар жіберілмеген қауым жоқ дейді Құран кәрімде

    • Иә, Мәдина дайындықсыз болды. Асып-сасып отырды. Білімі жетпеген жерін эмоциясымен білдіргендей болды. Бірақ «Көзімнің қарасын» айтқан жері ұнады… Ал Амангелді қызық ой айтып отыр, бұған дінтанушыларымыз не уәж айтар екен, а?

  6. Қытайша тікелей таратылымын интернеттен жүктеп алдым. Бүкіл ашылу салтанатын. Олар өте сауатты, әрі, кәсіби жүргізген. Ашылу салтанатын қайтадан танығандай болдым. Олар сонау төрт құдірет, оғыз, қарлығаш сияқты дүниетаным, мифтік түсініктерді еуропалық тарихшылардың, грек тарихшыларының жазбаларынан үзінді айтып ырза қылды. Жалпы, қытайлар да бұлай болады деп ойламаса керек, қатты әсерленіп отырды. Аламын деген кісілерге дискке жазып берейін 🙂

    • Қандай бақыттысың тіл білетін! біз көшіріп алғанмен, «ши ха ми хаоны» түсінбей, қор боламыз ғой 🙂 өзің субтитр жазып бермесең

  7. Мәдинаның «көтере алмайтын шоқпарды беліне байлағанына» таңым бар. Адам қолынан келмейтін нәрсені мойындаса, ол да бір бақыт екен ғой деп қалдым, шыны керек.

    • Бұған дейін «Таң қалмаңыз» секілді шоуларды тәуір жүргізіп келді ғой… Тек мына спорт додасына кәмент жасамай-ақ қою керек еді, анау Диас Ахметшәріп деген де оңған жоқ қой профи деген. «Железный человек» деп қоймады ғой

  8. Мадина анші ретінде керемет, оз басым жаксы коремін, ылги сол туралы жаман ангіме естісем, кызылкенірдек болып коргайтыным бар, бірак тыраштанып, ит жокта шошка уреді корага болды Азиадада.

  9. Иа комментаторды тандаганда кылымсыгандарды, тарихтан еш хабары жоктарды емес, елім дегенде еміренетін, ұлт тарихынан хабары бар білімді, сауатты, өнегелі журналистерді таңдап алу керек еді! Әлем алдындағы беделімізге нұқсан келтіретін Мадина сияқтыларды жолатып қажет емес. Ол өз әншілігін білмей ме? Журналистикада оқиды дегені аты ғана! ҚазҰУ-дың шәкірті деуге аузым бармайды.

  10. Қайтесіз енді, олар рейтинг деген дүниеге қарайды да, беті жылтырдың бәрін экранға тоғытады.. Білімділер жаңалықтарда жүгіріп жүреді.

  11. ИЯ! Аллах тағала айтқан ғой ; «Білмеген нәрсеңе таласпа !» -деп! Сондықтан Ислам туралы білмесек, ойымызға келгенін айт бермейік, ағайын! Жаратушы Аллахты «Тәңір», -деп баламалай береміз, оны бәріміз білеміз, Бізді Жаратушы бір Алла, сондықтан оған тең келе ештеңе жоқ!

    • Жөн! ҚАзақ тілінде де «Тәңір» сөзі Жаратушының, Алла тағаланың баламасы болғандықтан да , архаикаға айналмай, айналымнан түспеді. Басқаша болғанда «Ұмайдың» кебін құшар еді… Тек сол Тәңір деген лексикалық сөз бөлек те, тәңіршілдік деген » дін» бар деп тантитындар ғой, мұнда шаршататын

  12. Журналистика факультетінде алты жыл оқыған біз жетістірмейміз, Мадина тиіп-қашып жүріп не үйрене қойды дейсің?

    • Мдааа.. ол бар кінәні эмоциясын ашық көрсетіп қойғанына жапты. Негізі соншалық жаман адам емес, бірақ жақсы тележурналист емесі анық,

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s