Қырғыз болуыңызбен құттықтаймын!


Көршіміздің Тұрысбек Мадылбай деген бетке ұстар жазушысы бар. Бұл өзі «Адамзаттың Айтматовынан» кейін шартарап бойынша мойындалған шоң қырғыз болып шықты. Отыз екі тілде оңай сөйлесетін полиглот те екен. Оңдырмағанда, Тұрысбек байке АКИpress ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қазақтар қырғыздардың қыпшақтармен, ал өзбектер қырғыздардың сарттармен қосылуынан шыққан деп шарт кетіпті. Бұдан әрі Тұрысбек байке

«Они (қазақтар – ред.) не могут с нами тягаться в смысле древности. Государства наши существовали в 104 до нашей эры. На северо – западе от Даваня было расположено древнее государство Кангюй. Оно тоже относится к кыргызским государствам», – деп, бұжыр-бұдыр білімін байқатып қояды. Үстірт қарасақ, қазақ пен өзбегің қырғыздан үркіп, аяғының ұшымен жүруі қажет екен. Себебі, Мадылбайдың айтысымен, Қаңлы мемлекеті мен Қараханидтер әулеті Баласағұн, Барысхан шаһарларымен қосқанда, қырғыздың «меншігіне» өтіп кетті. Тіптен, Қырғызстанның қазіргі жерімен қоса, Алтай мен Орал тауларына дейінгі жерлердің барлығы қырғыз халқының жерлері болған деседі. Осы сұхбаттағы «сүбелі» пікірдің бірі – Мадылбайдың «қазақтар қырғыздарға қырын қарайды, мұрын шүйіріп менсінбейді» дегені. Бұл пікірін тұздықтаймын деп, «қазақтарды 1938 жылға дейін қырғыздар деп атап келді, себебі бұлар расында қырғыздар болатын» дегенде, беті бір бүлк етсейші. «Они (қырғыздар – ред.) смешались с местным субстратом и образовали нацию казахов. Киргизская ССР только в 1938 году была переименована в Казахскую и отдельно в Киргизскую», – дегенде, өз көзімізге өзіміз сенбедік. Құдай-ау, сонда Керей-Жәнібектен бастап кешегі Абылай, Абайға дейін қырғыз болып келіп, көзімізді Мадылбай ғана көсеумен түртті ме дейсің? «Тегінде, қазақтар, хакастар, қарақалпақтар – қырғыздың тармақтары. Революцияға дейінгі орыс жазушыларының ешбірінің еңбегінен «қазақ» деген сөзді кездестірмейсіз. Барлық жерде «қырғыз» деп жазып келді», -дейді Тұрысбек тағы да сөзге тіленіп. Ал осыдан кейін ауызыңды ашып көр. Қырғыздардың пассионарлық қабылетінің күшейіп келе жатқанын мойындау керек. Бұны да сол ұлттық жаңарудың көрінісі шығар деп «көрмегенде» болар ма еді. Тіптен, «қырғыз» десе қолын шауып беретін Мадылбайға қылыш тақаудың қажеті жоқ. Бірақ, бұл жағдайда Бүркіт Аяған, Мәмбет Қойгелдіден бастап тарихшылар тобының, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының не бітіріп отырғанына таңым бар. Торай тағалап отыр ма десем, бетімді тырнап алар тағы… Мадылбайдың «қазақты қырғыз» дегеніне екі апта болса да, тарихшының белдігін тағып жүрген ешкім оған тойтарыс берер емес. Тіпті, бір ауыз сөзін баспасөзге шығарған белсенді байқалмайды. Осы Ерімбетов «оппозицияның соққысынан билікті қорғап сөйлейтін ешкім жоқ» десе, Кенжебеков «сырттың бұрмалауына соққы беретін біреу бар» десін бе? 🙂 Жоқ ондай!

Сол Мадылбаймен өзін деңгейлеспін деп жүрген Канат Кабдрахмановты айтам да… ит қуып, «халық емес, тобырмыз» деп қуанып жүр. Қалған зиялының қатары да өнбейтін әңгімені қыртудан бөтекесі іскен, азу тісі мұқалған, арбалған, алданғандай сезім туады. Әй, сонда қырғыздың пассионарлығы биік те, біздікі пәс болып па?

Advertisements

18 comments on “Қырғыз болуыңызбен құттықтаймын!

  1. Бұл ұлттың жаңғыруы ма әлде жаңылысуы ма – оны уақыт көрсетеді, МО (менің ойымша). Өз-өзіне сенімсіз халықтың «өркениет бізден шыққан, мәдениет, ғылым бізден шыққан, ананы біз ойлап таптық, мынаны біз ойлап таптық» деп өздерін-өздері алдаусыратып, өзгенің алдында өлімсіреп тұрған беделін осылайша көтеруге тырысатыны, осылайша «самооценкаларын» арттыруға күш салатындары бар. Бірақ, мұндай әрекеттің, өзің айтқандай, ұлттың дамуынан келіп шығатыны да кездеседі. Мәселен, қытайлардың өзге ұлттарға тән дүниелерді өздеріне иемденіп алатыны бар дейді. Бірақ, олар мұны кеуде соғып қалу үшін емес, жаңағы ұлттарды сіңіріп кету үшін жасайтынына күмәнім жоқ. Ендеше, мұндағы мәселе Тұрысбек-байкенің не айтып отырғандығында емес, қандай негізде, нендей көңіл-күйде айтып отырғандығында. Егер, қазақтар мен өзбектерді қырғыз деп көндіру мақсатында осындай Саясаттың шетін көрсетіп қалып жатса, онда мұндай мақтануды «қырғыздық амбиция» және жаңағы айтылған ұлттарды ассимиляциялауға деген ниеті деп қабылдауға болар:) Ал егер екі туып бір қалған ұлттың белді өкілі бұл гөй-гөйді әшейін «адами амбициямен» айтып отырса (қанша ұлтты ояту сөзі десек те, түптеп келгенде жеке комплексті қанағаттындыру фунциясын атқарады мұндай мәлімдемелер), онда оған аса мән беріп қажеті жоқ. Өткенді сыйлау керек, алайда заман бір орында тұрмайды, ақырзаман болып, дүние аударылып-төңкерілмесе, қанша өзгеріс болса да, мысалы, қазақ бұрынғы көшпенді кейпіне оралмайды. Шын өркениеттің адамы еш негізсіз жаңағыдай сөздерге бармайды. Ұлтты дамыту сөзбен емес, іспен жүреді. Тілдің арқасында гүлденсек, баяғыда-ақ гүлденіп кетер едік қой қызылкөтен «шешендердің» арқасында.

    • Тұрысбек байке тегін кісі емес, соншалық атақты бола тұра, 20 жылдан бері тұрғынжайы жоқ, саясатқа араласпайды екен, сондықтан менің ойымша ол өз амбициясын қанағаттандыру мақсатында, білімін көрсету үшін осындай сөз айтты. «Ал , кім қарсы шығады, кім қандай уәж айтады» деп.. мықты болса, шықпай ма бізден біреулер

  2. Е, бұл енді ақсақ пен қолы жоқтың төбелесі сияқты. Сырт қараған адамға екеуі де жарымжан ғой.
    Әттең жарылқаушы раджамыз Лакшми Миталла қазақша түсінбейді. Әйтпесе РахатТВ-ден бір ағамыз:»Будда дінінің негізін қалаушы Сикх – түбі түркі екен, үнділердің өздері мойындап отыр» дегенін естіп, «Карметтің» акцияларын тиынға сатып, өзі дүниеден баз кешіп кетер ме еді?
    Қызығы, бұл жерде Мадылбай бәйкені сөгуге ешқандай моралдық құқық сезілмей тұр. Суворов – Суырдың баласы қылғаннан соң кіге шәуілдейік.
    Диуаналар диуаналарға пір болмай-ақ қояйықшы осы? Жақсы, мен-ақ қырғыз болайын. Өзбек деңдер. Тәжік деңдер. Ағылшын, сыған-ақ болайын тіптен. Өмір сүрейікші а, қырқыссыз???

    • Sol goi,sol…

      Aitpese, Ispandyqtar bir kezi kim ed, qazir kim? Al saiip kelgende olar da bizge birdemesinshi atadan qosilady.

      Bizdin onirde Beket Qarashin deitin filosof pa, tarihshi ma, aqyn ba – qairatker bar aiteur, sonyn aitysy: zarty alem qazaqtan shuqqan.

    • Жарайды, сізді-ақ өзбек деп қырқысты өршітпей қояйық 🙂 Бірақ, сіз айтқан Рахат ТВ-дан жылмиған зиялының аты-жөніне подсказка беріп жібересіз бе? Кім еді ол?

      • Сұраған соң есіме түсіре алсам ше! Бірақ, мынадай мәліметтер есімде қалыпты:

        1. Жаңағы, Сикхтің түбі түркі және бұл жәйтті үнділер өздері мойындап отыр деді;
        2.Сорбоннада лекция оқимын деді;
        3. Сосын, әлгі, шет елге барып, мәдениеттану іліміндегі «өзен жағалауы мәдениеті» ұғымына қоса, «көшпенді мәдениеті» деген ұғымның да өмір сүруге құқы барын дәлелдедім деді.

        Осы мәліметтер көмек болып, тауып алсаң, маған да айта салшы.

      • Қап-ай а кім болды екен бұл, Сорбоннада Танагөз Толқынқызы оқып еді, содан сұрастармасақ

  3. Қырғызстан азаматтарымен жұмыс барысында жиі пікірлескенде де осы тақырып жиі қозғалады. Шамасы бұл тақырып Қырғызстанда үлкен бір саяси құрал ретінде қолданылады деп топшылаймын. «Қазақтың күллі жері қырғыздікі. Қазақ деген ұлт болмаған» деген пікірді ақыл-есі түзу бірнеше қырғыз жастарының ауыздарынан естігенде аң-таң болғаным бар. Бір қызығы қазір Тәжікстанда да осындай ойды бықсытып жүрген бір тарихшының кітабы үлкен сұранысқа ие екен.

    Тақырыпты жақсы көтергенсің, Өркен. Менің ойымша көпшілікке қазақ ұлтының пайда болуы мен көршілес жатқан қазіргі елдердің арасындағы қарым-қатынас жайын баяндайтын бір түсінікті еңбек керек.

    • дұрыс айтасың, әлеуеті мен тұрмысы төмен елдер халқына рух, жігер сыйлау үшін осындай саяси құйтырқыларға әдейі баруы да мүмкін ғой,ә… Ойланатын дүние. Тарихшыларымыз да (бар болса, олар) сұр заттарына салмақ салғаны жақсы болар еді

  4. «Сенген койым сен болсан, куйсегенине болайын» деуши ме еди? Барлык турки тектестердин ишинен кыргызды иш тартып журсек…Турысбектын «такылдауын» карашы-ей! орыс «казахты» «кыргыз» атауынын саяси себеби барын тусинсе-нетти…

    • “казахты” “кыргыз” атауынын саяси себеби барын тусинсе-нетти».. тамаша аргумент болар еді, осыған Тұрысбектің көзін жеткізсек, бұйырса бұл жазушы тауып, сүхбат алуға тырысармын

  5. Мұның барлығы – 90 жылдарда белең алған «фолькс-хистори», поп-тарих жанрының салқыны. Академиялық ортадан қол үзіп қалған халық не болса, соны оқи берді. Әлікейдің, Манаштың көзін ала бере «заңсыз туылған» тарихтар, альманахтар қаншама. Еш кедергі болған жоқ: Наполеонның мәмлүк шабармандары – қазақ болып шықты; Дунайға дейінгі алқап – қазақтың жері болып шықты; оқ-дәріні де әрине – қазақтар ойлап тауыпты. Өз басым бұл әпербақандық пен тұрпайы көргенсіздіктің шырқау шыңы – Алматы облысының бір ауданында қайсыбір батырға орнатылған ескерткіш деп білемін. Оның постаментіне былай деп жазыпты, бәтшағарлар: «… батыр. I ғасыр». Яки, «кім көнелеу – соған барлығы қарыздар болуы керек» деген надандықтың кері ғой. Не десе де,»I ғасырдағы» қазақ батырының жағдайы болмағанға ұқсайды: ат әбзелдері мен сауыт-сайманынан XVIII ғасыр есіп-ақ тұр.
    Ең қызығы – посттоқсаныншы «тарихи» шығармалардың дәлел аппараты. Кепкен қу сүйекті изотоппен атып, жасын ғылымнан сұрады десеңіздер, қателесесіздер. Оқысаң «танымал австриялық ғалымының айтуынша», «көнекөз қариялардың пайымдауынша(?)», ылғи осындай айғақтар. Мұндай еңбек жазған надандардан да надан трайбалисттер дәлелдің бұл түрін көріп, өз руын мадақтауға арналған локалды шығармаларды борандатты. Естеріңізде болса, сол тоқсаныншыларда, «кітап шығарамыз біздің жақтан шыққан батыр туралы» деп, көмек есепшотын таратып жүретіндер облыс орталықтарында жыртылып-айрылатын. Күмәнді қағазда универдің ғылым үшін алған ротапринтінде шежірелер мен аңыздар қарша борап жататын. Мұны көзіммен көрдім, құлағыммен естідім және қолыммен ұстадым. Ендеше, қырғызға даумен бармас бұрын, алдымен айнаға қарап алыңдар!

    • Иә, «тарихты қайта жазу», «ұлттық танымда жазу» деген науқанмен қисынсыз-қисынды қуа бергеніміз бар. Әлгі батырларға ескерткіш ашу, кесене қою сән болды. Біздің ауыл жақта Қарақожаның мешітін реставрациялаймыз деп оны одан әрі қуыршақ қылып тастады, Көшек батырға, Бәйдібек шешенге кесенелерді салып тастадық. Сонда мына жерімізге мүйіз шықты ма? Тобыр тарихпен айналысып жатқанда, мемлекет «алдымен экономика» деп жанталсып жатты. Ерлан есіп айтпайды, кесіп айтады. Ұялатын жөніміз бар. Бірақ мына жақта дәрменсіз ыза да буып барады әй

  6. Туғандар биздер бәримиз мусылман халықпыз. Тарихимиз да келешеғимиз да бир! Так что, бөлүнбөй бир туугандай жашайлы. Сыйлуу болгон жакшы!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s