Мола салудағы «мода»


Өлаа, не сұмдық мынау?

(Аққыз)

Біздің редакцияда Жанар Елдосқызы деген «жынды» журналист бар. Қорықпаңыз, жүйке дәрігерінде жеке кәртішкесі жоқ. «Ана тілінде» жүргенде, Шоқан Уәлихановтың сотыбыйын тауып алып, сұхбат алған (ретроспективалық), қызтекелердің ортасында болып, бет қызартатын мақала жазған. «Айқай», «Шапалақ» секілді сериялы материалдардың аффторы жақында «өлілер аулына» барып, өріктей мақала жазып келді.

Астана зираттарындағы мола сәулетінің соны үлгілерін суретке түсіргенімен, олары кәзетте қоңырқай тартып, көрінбей қалды (өзі бар-жоғы 3 фото кетіп еді). Содан сұр затыма салмақ түсірмей-ақ, Жанардың ауызша рұқсатын алысымен суреттерін осында қоюды жөн таптым. Арғы күні архивімді ақтарып отырсам, баяғыда жапондардың мола үлгілерін жинағаным бар екен. Типа мынадай…

Мына қабірдің басына ет асып апарып, қалған отбасы мүшелерімен омыртқа мүжиді-ау, шамасы… Ал мынау енді Астана зиратындағы моланың бірі.

Он бір тал гүл. Екі қыз, бір ұлды кеуде тұсынан жоғары қарай көтерген ана, ал бөбектердің қолында көкке ұмтылған көгершіндер. Айналасында орындық бар… отыратын. Мәрмәр төсеніш, ою қақпалы қабірде төрт адам жерленген.

Жоғарыда жатқан қос ғашық.. Жапонияда. Астындағы ақ мәрмәр бейіт… бізде. Біреуі «занят», үш орын бос

Айтар сөзім жоқ! Жоғарыдағы жапон «шедеврі» жайына қалады мынаның қасында. Алтындалған бала портфелін ұстап, мектебіне асықпай кетіп барады… Астындағы суретте белгілі жазушы Сәкен Жүнісовтың бейіті.

Advertisements

44 comments on “Мола салудағы «мода»

  1. мәәәә мынасы өнер туындылары ғой. біреуі диванын, столын, тұрмысқа қажетті заттарын қойыпты, енді қызметшілерін бірге жерлемесе болғаны.

    • ха-ха 🙂 Жақсы идея тастадың, расында мола салушылардан бағасын біліп, Форбс журналындағыдай рейтинг ілсе болады екен-ау

    • Жоқ. Тек қарапайым түрде белгі (таспен, ағашпен, басқамен) қоюға болады. Сіреттегідей қымбат тастардан ескерткіш қою, моласын сарайдай етіп салу харам деп саналады. Ақшаны желге шашу. Өлген адамға бір тиындық құны жоқ бұл тастар мен сарайлардың.

  2. Негізі қазақтарда бейітті сәндеп-әрлемейді.
    Халыққы қызмет (ақын, жазушы, атақты спортшы, өнер адамы) еткен адамды ғана ерекше ескерткіш тас қойылып жатады. Ол тастың салмағы ауыр, өлген адамға ол сәннің бәрі керек емес, аптасына бір рет құран бағыштаса жетіп жатыр ғо.

    • Иә, адаспай тауып баратындай белгі мен мал жүріп өтпесін деп шарбақ қойса болды. Одан кейін көмектесе аларымыз – тек Құран бағыштау

  3. Не десек те бұл еріккендердің істегені емес, біреулердің жан қайғысы. Оған сыртынан тон пішетін сіздер емессіздер ғой. Бұл да күнә. Суреттерді алуға да рұқсат керек шығар деп ойлаймын. Бәран жеңіл ойлы әсіредіншілдердің көзқарасымен өлшеуге болмас

    • Жан қайғысы мен даңғазалықты, дарақылықты шатастыруға болмайды деп ойлаймын. Мен сіз айтып отырғандай, әсіредіншіл емеспін. Бірақ, моланы көркемдеуге болмайтынын білемін. Ол дін жағынан да, мораль жағынан да дұрыс емес. Өлген адамға ондай көк тиындық құны жоқ сарай тұрғызғаннан гөрі ара-тұра еске алып, дұға қылған мың-миллион есе артық. Мысалы, Кеңсайда бір бизнесменнің моласын платинадан тұрғызып, оған күзет қойып қойған. Кісі қолынан қаза болған азамат…

  4. ой Кеңсайда алтындалған заттарды қойып, онымен қоса оны ұрлап кетпес үшін, видеокамералар да жұмыс істейтін молалар да бар екен:)

  5. Хмм… қызық екен. Осыларды көріп отырып менің есіме Қазақстан тарихындағы сонау тайпалардың молалары есіме түсіп кетті гой. Олар да осылай әлеуметтік статуспен салган сияқты. Археологтар да кезінде солардың молаларына карап мәдениетін аныктаған! Алтын адамды да моладан таппасақ қазір мақтанып отырмас едік )))

    Бұл да бір қалыптасқан мәдениет десек калай болады екен?

    Ислам дінінде күнә ғой бірақ!

  6. өй мен білетін белгіге суиенсек мыналардың тең жартысы мусылмандардың қабірі ғой ….

    Қабірдің төр бұрышындағы ай белгісіне қарап айтамда?
    Туркияның көп қабірін аралап көрдім.Ол жақта дін қатты ғой бірақ қабірлерді мәрмармен қатырп сәндеиді..Ал кавказ мусылмандарыда мәрмармен қаптап істеуден қалыспайды тіпті марқумының пенжегімен галастук тағылған суретінде ойып салу қатты етек алыпты.

    Мен турағн өлкеде көне қазақтар ерен байлар болмаса көш басшы тұлғаларын сәндемепті Ал монголдар марқумды ит қус жесіндеп ашық тыстау бертін ғана қоиып жерлепті деиід..Кеи бір өр кеуде біздің жақтың қазақтары монголдар жерлеуді бізден уққан деп бөседі..
    Бірақ қазір олар кезінде ашық тыстаса қазір мәрмармен қатырып сәндеп қоиу қатты етек алған…

    Соған қарағанда қабірді сәндеу әлемдік денгеиеде бар ұрдіс.
    Дінімізге жат десек -мен умбетімнен артық емеспін деген пайғампармыздың басына қандай керемет заулім сарай салды..Ал әулие әнбиелер басындағы құрлыстар ше ..Ислам әлемінде қабір сәндеп қоиуды шектеитін болса осыларды шағып қыиратып барап содан барлық адамдарды жәи көме салатын шығар.

    Тағыда Пайғампарымыз қабір басына барып туруды айтады Уитсе қабірлер жақсы болып туруы тым сөлекеті жоқпа деп ойлаймын.

    • Түркияда, Қапқазда, Моңғолияда да қабірді мәрмәрлап жатса, бұл бір нәрсені білдіреді. Дін бір, адамзат баласы да өзінің пендешілігімен бір қауым…Яки, түріктің ішінде де , қазақтың ішінде де діннің тиымына қарамай, пендешілігі ұстап, қолымда тұр ғой деп «қоныштан басатындар» болып тұр. Сондықтан, бұны зиянды заңдылық деп те қарау керек шығар. Очм, күнә…. түсінсеңіздер.

    • Адам бай болсын, кедей болсын, жерге түседі, кебінге оралады, артық зат алмайды, яки бірдей, тең ғой… міне, демократия! ол демократия жердің үстіндегі белгіде де болу керек сіздің логикаға сайсақ

  7. Аффтор сонымен не айтқысы келді екен. Атыораудағы сияқты қабірлерді қиртау керек дегенді үгіттеп отыр ма

  8. Адам аяғы баспайтындай етіп аты жазылған белгі қойса болды емес пе?
    Жан жағын шарбақпен қоршап қойсын, мал кіріп кетпесін деп.
    Бірәқ мына портфель ұстаған бала өмірде не көрді дейсің, тым құрыса мәңгі есімізде оқушы болып қалсын деп қойған болар ескерткішті.

  9. menin «Joldar,Joldar….yisiz kyisiz dalalar,Ak kymbezdi bo kotergen molalar…» degen olenim bar edi…byginde jazik daladan kara waniraktan gori,katirip tyrip korkemdegen molalardi kop koretin boldik…windiginda san bolip ketken-ay

    • біздің ауылда Ж. деген атаның моласын цементпен қаптап тастап еді. Сонда бүкіл ауыл шулаған, «бұл не, әкелері көрден қашып кетеді деді ме екен?» деп.. Тура пантеон болатын, ай бұл дарақылық пен дүмшелікті қойсайшы

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s