Шумахер қазақтан шыға ма?


Осылай деп «өлтіріп тұрып» тақырып қойып, «біз осы неге?» деп бырқ-бырқ еткен бозадай ашитынымыз бар ғой. «Анда-санда» деп қояйыншы… Иә, қазақтан Пулитцер я Нобель сыйлығының иегері шықпады. Әзірге деп қояйыншы… Ал адам емес, құйын Мекайыл Шумахердің ізбасары басқа емес, Астанада пайда болуы мүмкін. «Неге? Неге?» деп екі рет сұрасаңыз да айтарым:

«Astana racer» деген алғашқы компьютерлік симуляторымыз Астанадан шығыпты. Қарапайым тілмен айтқанда, ең жүйрік деген көліктерді жүгендеп алып, Бас қаланың көшелерімен былай да былай ағызып өтетін мүмкіндік туды. Ойын «АRTA» деген компанияның өнімі екен. Әрине, алғашқы симуляторымыздың деңгейі жастық шақтың талай сағатын тауысқан «Need for Speed»-тердің алғашқы серияларына да жетпейді. Компьютеріме орнатып, екі айналым бойы жарысып көрдім. Жеңдім де, ойынды аяқтамастан, толықтай «көзін құрттым». Себебі, ең сүйікті ойыным – «NFS Carbon», ең болмаса ‘NFS Hot Pursuit’ секілді сұмдықтардың қасында бұл түк те емес. Мәшинелер физикасы, детальдарды суреттеуі, мәзір интерфейсінен… жалпы, кемшілікті таба берсең, таба бересің.

Бірақ, бастысы – тұтасымен қазақстандық бағдарламаушылардың қолынан шыққан ойын ғой. Әрі ойынды қазақ тілінде ойнауды да қарастырып қойған. Міне, осы екі жағдайға бола мұны жақсы жаңалық деп айтуға болар. Нешеуа, қазақтан да Шумахер шығады дейік, солай болатынына сенейік!

Ойыннан бір сәт

Advertisements

4 comments on “Шумахер қазақтан шыға ма?

  1. осы менин Оркен досым спорттан тек формула 1- ди жаксы коретинин билетиндер коп пе екен?!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s