Сайт пен сайт..аң


Сейсенбіде «Майл.руды» мекені еткен мырзалар сапырылысты да қалды. Осынау сайттың мәзірін орыс тілінде ұсынатынын былай қойғанда, ата дініміз Исламды арандатуға жол беріп қоятынынына қарадай ыза боласың. Астағфируллах, сол сейсенбіде «Аллах Мухаммедов» деген лақап аты (логині) бар қолданушының «Мой мирын» қарап, көзім атыздай болды.

Әрине, аузына келгенін лағып, дат суретшісінің мұсылмандарды қорлаған карикатураларын қайта жаңғыртқан азаматтың, кешіріңіз азғынның кім екенін анықтай алмадық. Ақыры, екі күн бойы пошта әкімшілігіне борған қарсылық хаттардан соң ғана… әлгі «Әлемді» жауып тынды. Сонымен бірге осы тақылеттес арандатуға барған «Огонь )» деген лақап атты қолданушының да поштасы жабылды. Осының бәрі айналдырған екі күннің арасында болған уақиға.  Бірақ, осы қадамға «Mail.ru» мұсылмандардың қарсылық реакциясынан кейін ғана барды.

Дәл осы уақытта Данияда атышулы карикатуралардың авторын өлтірмекші болған азаматтарға қатысты сот жүріп жатыр. Тағы да өз дінін қорғауға бекінген мүминдердің қылығын лаңкестік деп тауып, ал оларды қорлаған Курт Вестергаар полицейлер күзеткен үйінде қамсыз жатыр. Бізде де солай… «Mail.ru» арандату отын өзі жағып, оны өшірумен әлек болып жатыр. Әрі осы 2 оқиғаның арасында уақыт паралеллі тұрғысынан сәйкестік бар сияқты… Қалай ойлайсыздар?

Advertisements

10 comments on “Сайт пен сайт..аң

  1. Алладан корыкпаган, иманынынсыз дар деп айту керек мундайды.Журегінде туйір иманы жок адамнын ісі ой. Онер адамдарынын атынан ашкандардан (Мейрамбек Беспаев) мынау нагыз опасыздык кой. Алла Алла .Адамдар не болып барады ?

  2. Eger Borattyng filimine sol kezde eshkim (Kazakhtardan) man bermegen bolsa ne bolar edi ? dep oilaimyn. Mumkin ol Borat bugingidei atakka ye bolar ma edi ? (Atak degenim Amerikaga kelsengiz kezikken Amerikandyktar Borattan soz etse tangkalmangyz)

    Karikaturagada musilmandar karsylyk shygarmagan bolsa ne bolar edi ? Dunieni silindirer khabarlar bolar ma edi ? Gunahardy jazalau bizding isimiz emes Gunahardy Alla gana jazalaidy degen birdeme Islamnan okygan siaktymyn. Eger osy shyn bolsa Muslimandar Gunahardy jazalaimyn (kigyzamyn) dep ozderi de kuna istep jurgen jok pa ?

    Jalpy interentte negative dunielerge karsy shygamyn dep ony koidyru mumkin emes, kaita onyng popular boluna aser etedi. Arine keide jynynga tiedi, ony tusinemin.

  3. Ойларың қонымды екен, бірақ Ермек Тұрсыновқа қарсы Бекболат бірдеңе демегенде, не болар еді, «Өрмегің» жазбағанда не болар еді? десек те, біртүрлі ғой. Қандай да бір қимыл, оң болсын, теріс болсын, жауапты реакциясын күтеді. Тегі болмаса, Томас Манның «Ең үлкен трагедия – немқұрайдылық» дегені де бар. осыған бой алдырмау керек, кереғар құбылысқа тойтарыс беру керек, түптеп келгенде журналистің, зиялы қауымның да міндеті осында болып келеді. Деееп ойлаймын.

    • Arine masele jok, Jornalshy jazu kerek. Orengro jazbasa men myna jaksy blogty kore almaityn edim.
      Siz google meili facebook maili jai bir sitetagy ar bir LINK (siltemge ) baskan saiyn sol sitting rating arta beredi. Mysaly ana karikatura jazgyshtardyng khabaryn duniening muslimandaryng jartysy kirip karamasa olar sondai atakty bolmas edi dep oilaimyn.
      Al Bekbolat aitaryn bir ret aitty ony esigen estidi, estimegen estimedi. Ol birret gana.( Rating ana mynasy jok)

      • Бекболат бір рет жазды, бір рет депсауал жолдады.. осыны ол істемегенде кім істер еді? Симамбаев па? Ертісбаев па? «Көбелек» әсері деген бар ғой, бұл жерде Бекең жөн істеді, есесіне ел білді Ермектің кім екенін

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s