«Қыздық пердеге» құрмет…


Бас шаһарымызды бастан-аяқ шолып шыққан шетел тілшісі «Астанада тарих аз…» тілін тістепті. Жұмыс барысымен жолығып тұратын Ерлан ағам (Қарин) осыны айтқанда, ойға қалдым. Ол жорналшының «нәсілі, нәмі кім еді» демей-ақ қоялық. Бірақ «тарихы аз…» дегені жон арқамыздан таспа тілгендей болды. Бұл аз десе, Итальяның «Il Foglio» басылымынан Луиджи де Бьязе деген біреу келіп, Астананың сәулетін мысқылдап суреттейді.

Мысалы, «темір мен әйнектен құрастырылған Бәйтерек», «Ақ үйге ұқсас, бірақ көлемі бойынша одан 5 есе үлкен сарай», «Сан Пьетро шіркеуінің биіктігімен бірдей пирамида», «Малайзияның құмы төселіп, Кариб аралдарының пальмасы егілген жағажайы бар «Хан Шатыр»… Осылай деп жаңа құрылысты тізіп-тізіп келіп, қызығы, қаладағы ескерткіштерге қақтықпайды. Бейне бір олар жоқ сияқты, бар болса да қызықтырмаған секілді. Иә, итальяндықтың көңілінен шығу ешкімге мақсат емес. Есесіне, ол Ерлан Қариннің жұмыс кабинетіндегі көне садақ жебелеріне таң қалып, тамсанады емес пе? Демек, ойланатын мәселе бар деген сөз.

Мәселен, Астанадағы тарихи ескерткіштердің дені, тіпті бәрі қаланың «оң бөлігінде» орын тепкен десе де болады. Қараңызшы, «Халықтар достығы», «Отан қорғаушылар» монументінен бастап, Кенесары, Бөгенбай, Абай, Жамбыл, Жаяу Мұса, Сәкен Сейфуллин, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне дейін қаланың ескі бөлігінде «қатып тұр». Жаңа қалада «Қазақ елі» монументі мен еліміздің туы желбіреп тұрған ең биік флагштоктан басқа не бар, айтыңызшы? «Білезік, тоға, сақина» секілді ұсақ-түйектерді есепке алмағанда, тарихи тұлғаларға, мемлекет қайраткерлеріне қойылған ескерткіштер кемшін соғып тұр. Айталық, Астананың әкімшілік бөлігінде Алаш мемлекетінің басы-қасында болған арда ұлымыз Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші тұрса… Қазақтың басын қилы заманда сақтап қалған Абылай ханның алып мүсіні Ақорда маңында тұрса, қандай жарасымды болар еді. Айтпақшы, Жоғарғы сот жанындағы үш бидің ескерткішін қалай ұмыттық десеңші. Қызық болғанда, бұл қола «билерді» қала жұрты «Три толстяка», я «На троих» деп атап кетті. Солай деп атауға мүсін ыңғай берді ме, басқа себеп болды ма, ол жағын білмедік. Білетініміз, ел тарихы Есілдің арғы жағалауында қалып, жаңа қала жадысын ұмытқан көзқаманның кейпінде елестейді екен. Бұны өзімізден бұрын, сырт көздің байқағанын да есепке алыңыз. Сонымен бірге, мейрам-мереке күндері бар ескерткіштердің басына барып, гүл қойып, шаңын сүртіп жатқан адамды көрдіңіз бе? Айталық, бала-шағаңызды жексенбіде Жамбылдың мүсініне алып келіп, «мынау» деп бастап, мағыналы әңгіме айтсаңыз, сіңімді болмас па? Құр қалқитпай, құрығанда ұрпағымызға ұлттығымызды сіңіру функциясында пайдаланайық та. Қалай дегенмен, қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовке қолқа салмасқа болмай тұр. Ағасы, Астанада тарих аз деп айтпас үшін, осы мәселелерді қаперіңізге алып қойсаңыз…

1-сурет. «Қыз абыройына» арналған ескерткіш. Астанадағы әр алуан композициялардың ішінде осы «символдың» нақты қандай оймен құйылғаны жайында ақпарат жоқ. Алты рет айналсаңыз да, анықтамасын таппайсыз. Ақырында, қу тілді халық пошымына қарап «памятник Девственной плеве» деп атап кетті. Жастар жағы осы «ескерткішке» көңіл қосып жүрген қыздарының атын жазуды әдетке айналдырған.

2-сурет. Астанадағы ұлттық нақыштағы композицияның дені тәңіршілдіктің төңірегінен алыстап кетпеген. Тегі болмаса, отандық мүсіншілердің қиял-шарқы кітабы, пайғамбары, негізі жоқ наныммен ғана бітіп, қазақтың «саналы тарихындағы» сәулелі тұстарын есепке ілмейді. Мысалы, мынау – «мәңгілік дөңгелегі». Алдымен жылан, сосын балық, одан кейін еркек пен әйел, кейін төрт аяғы бар (бесіншісі де.. бар) мақұлық, содан кейін барып бір көзді жұлдыз пайда болыпты.

3-сурет. Көшірме де көп. Мынау ағылшындардағы Стоунхедждің мейлінше кішірейтілген макеті сияқты.

4-сурет. Иә, Сиднейдегі Опера театрының сұлбасы сәулетші апельсин аршып отырғанда келіпті. Бірақ, оны ешкім «апельсин қабықтары» деп атамайды. Париждегі Эйфель мұнарасы да негізінен адам аяғындағы жілігінен «көшірілген». Бірақ бұл мұнараға да «аяқтағы жілік» деген ат таңылған жоқ. Ал Астанадағы мына субұрқаққа қорқор (кальян) деп ат қойыпты ағайын. Соған қарағанда, өте сәтсіз «ксерокөшірме» болған.

Суреттер http://www.advokat.kz сайтынан «барымталанды»

Advertisements

33 comments on “«Қыздық пердеге» құрмет…

  1. Былайғы жұрт аса мән бере бермейтін дүние ғой. Біреу жазғанда,не айтқанда барып, көңіл бөлесің.

  2. Ұлттық нақыш аз болып тұр ғой. Қазақы бояу, өзімізге тән қолтаңба жоқ. Шет елдікті өз «ауылындағы» ғимараттың нашар көшірмесімен таңқалдыра алмайтының түсінікті нәрсе ғой.

  3. Негізі жақсы дизайнер мен сәулетші керек Астанаға. Қаланың сәулеті тек ғана ғимараттар мен үймереттерден емес, сонымен қатар көгал мен нешетүрлі мүсін-ескерткіштерден тұрады. Жақсы дизайнер мен сәулетші деп өзіміздің отандықтарды айтып отырмын, әйтпесе шетелдік маманға біздің мәдениетіміз бен салт-дәтүр, тарихымызға пысқырғаны бар.

    • «Қалдықыз» қоғамдық қоры АСтана қаласының бас сәулетшісінің орнына байқау жариялайды. Үміткерлердің органикалық негізі болуы, флора-фаунадан хабары, тас пен кварцты ажырата білуі шарт (кәзеттен хабарландыру).))))))

  4. астанадагы гимараттардын да коширме екенин Жас казахка кезинде жазып един гой, Оркен. «Хай текке әй тек дейтін кім бар» деп… жап – жаксы

    • Иә, 2009 жылдың 16 желтоқсанындағы нөмірде шығып еді. Есімде. Мен үшін ең қымбат материалдардың бірі. Ақселеу Сейдімбектен пікір алып, қосып берген болатын

  5. Көрсеқызар жеңгелеріміз дүкен араласа, апыр-топыр талғамсыз бірдеңелерді жыйып әкеледі ғо, сол сияқты, чем больше элементов тем лучше деп қай-қайдағы халыққа керек емес бірдеңелерді тықпалай берген.

      • теңге демекші азиадаға арналған 2000 теңгені көрдіңдер ме? Мемлекеттік документ «бинго лотореясына» айналғандай :(((

    • Ай, осы Қалдықыздың теңеулерін айтам да, дәл түсіп жатады 🙂 Теңгеміз тәуір сияқты ғой, несі ұнамай қалды тағы?

  6. Bari de uaqyttyng enshisindegi dunie goi. Aitpese, ozin aityp otyrgan Eiffel’ munarasy da bir kezi parizhdik snobtar men bo-mond bylai tursyn, kenigi avangardty onerdi tusinse osy tusinedi deitinderdin synynan bas kotere almai kaldy goi. Endi, korshimiz Reseidegi Petr I eskertkishi she?

    Bastysy musin oneri qazaqtyn qanynda zhok qoi: ogan sebep factor kop. Din deisin be, koshpelilik deisin be…

  7. иә…шынында. Мысалы, «Хан Шатыр»-дың алдындағы парктегі ескерткіштер де бір түрлі…түсініксіз. Оған қарағанда, цирк алдындағы «Алдар көсе», «Қожанасыр», т.б. аңыз-әңгіме кейіпкерлерінің ескерткіштері ЖАҚСЫ. (ара-арасында жақсы ескерткіштерді де айтып қояйық та))) Ал осы жазда барғанда, қолын көтеріп тұрған әр елдің өзіндік стилімен безендірілген аюларды көргенбіз. Неге аю екенін білмедім, бірақ қызық болды:))

    • Енді журналист деген жақсысын көрмей қалады ғой 🙂 әйтпесе, бар ғой, Кенесары, Жамбылдың ескерткіштері ұнайды мысалы маған

  8. ҚазМұнайгаз бен Хан шатырдың ортасында тұрған қыздың мүсінін көріп жынданғаным бар. Жұқа киіммен тұрған қыз бейнеленген екен. Ішіндегі бар абыройы көрініп тұр!!

  9. «Көңілсіз көттен көзсіз бала туады» деген мақалды айтудың орайы келгендей. Тапсырыспен сүлесоқ отырып жасай салған дүниелер бәрі.

  10. Бурын Астанага барганда балалыкпен байкамайды екем,алде ол кезде болмаган ба…осы кыскы демалысымда тагы бардым,шыны керек казактын астанасы емес алдебир шетелдиктердин( корген козде жазык жок) ар жылы келип,аркайсысы бир нарсесин салып кеткен «курама Астанага» уксаттым…

  11. Қайтарма үнқосу: Астана маған сахнаға асығыс киініп шыққа… | Аллаға тәуекел ! ! !

  12. Қайтарма үнқосу: Өзімше «өрнек» немесе Өркеннің өнегесі « Асқарбектің айтқандары

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s