Фотожұмбақ: Таңбаның мағынасын табу керек


Бұл фотосурет Қазақстан мұсылмандарының V Құрылтайы кезінде түсірілген (бірақ, мен емес). Бұл жиынның жетістігі Әбсаттар қажының өкілеттілігін 2015 жылға дейін ұзартқанымыз болып еді, білесіз. Енді мына фоткадағы кіл сәлделердің не кереметі бар дерсіз. Айтпақшы, неге сыртта тұрсыз, былай жазбаның ішіне кірсеңізші! Жұмбақ-сурет осында ғой…

Ал мынау жаңағы суреттің барынша жақындатылған түрі. Фотографты мына азаматтың бас киіміндегі белгі ойландырса керек. Бізді де таң қалдырып отыр. «СрУ-Мруден» алған «сведениеге» сенсек, бұл бас киім, тиісінше бас та Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфтиі Чубак қажы Жалиловке тиесілі екен. Аты да алаңдататындай екен, жарайды мәселе тақиядағы символда болып тұр. Сонымен бұл не болды екен, а? Жалиловтың басындағынын неге жорысақ болады? Тегі болмаса, қырғыз муфтиі қандай да бір құпия ұйымдардың мүшесі емес пе деген қауіп те қытықылап қояды.

Аса қатаң ЕСКЕРТУ: Осы екі фотоны 2011 жылдың 21 қаңтарына дейін ешбір ақпарат көзінде жариялауға болмайды. ҚыРының Қылмыстық Кодексінің бар бабымен қудалаймын 🙂 рас айтам

 

Advertisements

31 comments on “Фотожұмбақ: Таңбаның мағынасын табу керек

  1. Бетперденің тесігінен көк көз жанып тұрғандай әсер береді екен 🙂

    Тура кинодағыдай..

  2. Суретке қарап отырып, түнде мысықтың жанған жасыл көзі көз алдыма келіп тұрғаны. Негізі, мына жерде әр түрлі бас киімдер бар екен. Қарасы да, аласы да. Ал, мына бас киім қара түнде жортатын жануар іспеттес. Мүмкін, исламның біз білмейтін бір түрінің өкілі шығар.

  3. Ойбай, таңбология, құпия белгілер мен жасырын ұйымдар туралы мәліметтерді қопарып, ақтармақ болайын деп отырып, ай осы суретте бір жасандылық бар-ау дегенімді қарашы…
    Очм, суреттің бинарлық кодын ақтарып отырып… баналды «Adobe Photoshop CS3 Windows» деген атақты редактордың жасырын қолтаңбасын тауып алдым. «Қарапайым өлімділер»(© Arshat) оны былай да көре алады: Opera броузерімен осы суретті ашып, тінтуірдің оң жақ батырмасын, мәзірден кім Свойства изображения…, ал кім – Image properties… дегенді басу керек:
    Шоң Чубактың реабилитациясы
    P.S. Өркен ренжімен, Чубактай бауырымды жамандыққа қимадым. Есімін өзі таңдаған жоқ қой енді… Чубак… Хха-ха-ха-хааа, шынымен келіспей қалған екен ))))))))))

    • Чувак деген сияқты 🙂 иә, сурет өңделген шығар, бірақ бұның анық түсірілгеніне беделді азаматтар кепілдік беріп отыр. Сондықтан, сенбеске амал который

  4. Қырғызша ою түрі шығар мүмкін. Жай сән белгісі болуы мүмкін. Әлде молдаларға олай сәндеуге тыйым салына ма?
    Гугл ерекше ештеңе таппады ғой бұл кісі туралы.

    • Ай, ою түріне ұқсамайды әрі сән ретінде таға салды дейін десең, бұл Сергей Зверев емес қой.. Оның үстіне, діни қызметкерлердің киім әдебі өз іштерінде қатаң регламентация жасалынады. Талап-тәртібі бар дегендей

  5. Карлсон мультфилімінде жайылып тұрған ақ төсенішке оранып, ұрыларды қорқытатын еді ғой. Сол әруақ сияқты образ келді )))

  6. Ассалямуъалайкум! Ар турли нарселердин белгилерине келе береи екен, дегенмен де жаман ой жок, тек коз тимесин деген оймен салдырып алган шыгар.

  7. «Сайтанның сапалағымен болса да тіл табысуға даярмыз» деген нәрсе емес пе екен…, болмаса, «сырты бүтін, іші түтіннің» көрінісі бұл. Әйтпесе, ниеті таза иманды адам баскиімін кимек болып отырғанда осы оюды көрмеді деп ойлайсыздар ма? Көрді. Сонда да киіп алды. Ендеше, мәселе бас киімде емес, соның ішіндегі баста жатқан сияқты… Ал енді сондай имамның жетекшілігімен қандай имандылық ұшпағына шығар екенбіз… Қазақтың «молданың істегенін істеме» дегені осындайда айтылған болар сірә…

  8. О, құдайым-ай! Өреке таппайтының жоқ екен. Шынымен бас киімі күдікті. Ойлы адамға ой салатын… Мүмкін тағы бір діни ағымның жамағаты шығар.

  9. хехехе-хехе Агааааааай бул озінін арнайы дайындаткан санді салдесі шыгар? Озіне осы салде унаган сон осындай манзыды жиындарга киетін болганда :))))))))))))))))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s