Поэзия. «По блату»


Бұрын-соңды блогыма өлең атаулыны өргіземін деп ойламаппын. Өзімнің поэзиядан алыс пенде екенімді өлімсіреп тұрып мойындаймын (Қисықтай талант қайда-а-а). Сөйте тұра, Табиғат деген тосындау аты, Абаилдаев деген фамилиясы, Тараздағы жастар кәзетінде жұмысы бар досым жабысты ай келіп. «Блогына бере қал, сала сал», – дейді. Дос көңілін қалдырмай, «дұрыстауларын» салдым. Ал досымның ақын я ақынға жақын екендігін өздеріңіз ажырата жатарсыздар. Жаратпасаңыз да, жарайды…

 

ХИМИЯМЫН

Кеше мен –

У іштім –

Сен су ішкен кесемен.

Өлмедім, өнбедім –

Үкімін шығарды пешенем.

Оң заряд емеспін,

Керімін –

Талайлы тағдырдан жерідім.

Сүлдерім сүйретіліп жүргенмен –

Жеті қат жер асты серігім.

Жүректі тырнайды, ұлиды –

Арлан емес, бір қаншық –

Бөрі мұң.

Қыздырып қызғаныш отының –

Көрігін.

Тірі боп жүргенмен –

Өлімін.

Сенсең сен –

Теңізбін толқыны жағада теңселген.

Теңіздің ғұмыры –

Қос қарашығыңдағы –

Тамшымен өлшенген.

Қинадың –

Сондықтан жұмбақпын, химиямын –

Бір жүз төрт элемент топтасып,

Жарылғыш заттарды жинапты –

Толтырып шикілеу – мендегі миға мұң.

Жанымды уран жеп,

Тасындым, теріме сыймадым.

…Әруақ кейпінде жүрсем де –

Мен сені ешкімге қимадым.

Өтінем әлі де кеш емес,

Құш мені –

Құлшынып, сүй жаным

 

КОСМОЛОГИЯ немесе ҰШҚАН РУХТЫ ІЗДЕУ

Таразым – Тұманды Альбион –

Мен түкті аңдамай адастым.

Батыстан гулеген желменен бірге ұшып,

Тұп-тура белінен құшыппын –

Алпауыт ағаштың.

…ғайыптан жоғалған өр рухы,

«Осында екен ғой»

деп қоям Алаштың!

Ысқырған жел тағы жетектеп әкетті жиекке,

(Өн бойым жеп-жеңіл, айналып кеткем бе, сүйекке?)

…мен кенет кейпіне ене қап білместің,

Бүкір – бел, түсініксіз тілде тек сөйлейтін,

Айменен тілдестім.

…уәдеден қажып та кеткен соң, құрғақ тым,

Жиектің еркесі – Ақбалтыр айға мен,

Былай деп тіл қаттым:

«Елші боп келгесін;

Арқалап келдім мен алты Алаш арызын,

Рухымды оятып алам деп

Тоздырдым кеңселер дәлізін.

Қолыңнан келсе егер,

Қазақтың өр рухын қайтару:

Ақмарал, ай бикеш, парызың!»

Ай:

«… тектілік тезіне көнбеген,

Жанының жарасын арзанқол күлкімен емдеген.

Қазақтың рухы астеройд кейпінде ұшып жүр,

Ауа жоқ аймақтың өзінде өлмеген.

Сұлтаны өлтіріп, ұлтаны жерлеген,

Метеорит күйінде ағызып жібердім,

Рухыңды жерге мен!»

…дәл қазір өзіме-өзім жат, бөтенмін,

Өзімді жоғалтып, өзгенің шашбауын көтердім.

Өзімді жоқ қылған өзгенің болмысын өлтіріп,

Өзімді қайтадан табар ма екенмін…

ҰҒЫНЫҚСЫЗ ҮЗІНДІ

Жасырып келемін: Жүріп өткен ізімді,

Сағынып өлемін: Қоңыр әуен күзімді.

Сүйгенім, сол түні жүректе:

Бейтарап реакция түзілді.

Ерніммен өбемін: Жанардан құлаған қыжылды.

Жүректің төрінде: Есімің қанменен сызылды.

Басқарып сен тұрдың: Сондағы қап-қара тізімді.

Бақытсыз жандарға болуды:

Армандап қайтпекпіз?

Біз үлгі.

Біздегі махаббат: Басы жоқ,

Ал соңы беймәлім:

Ұғынықсыз үзінді.

Advertisements

27 comments on “Поэзия. «По блату»

  1. Бірінші өлең ұнады. Сөзсіз ізденіс бар екені бірден көрініп тұр. Оқып отырғанда тасиын деп таси алмай тұрған, бұрқылдап жатқан бір сезім екен деген ой келді. Мына бір жері ерекше ұнады: «Арлан емес, бір қаншық – Бөрі мұң.»

    Мен де химиямын ғой, Өркен! Десе де досыңа сәттілік тілеймін!!!

    Шын ақындар бағалағаны орынды болар. Әйтпесе, мен сияқтылар көлгірсіп, басқа бірдеңе айтып қойып жүрерміз 🙂

  2. Маған соңғы өлең ұнады. Өзім осындай өлеңдерді жақсы көремін, бірақ жаза алмаймын:(
    Досың ақын екен:) Ұйқастыру стилі көңіліме жақты…кеттім…жүрегімнің бұрышындағы ешкім білмейтін, ешкім көрмеген қуысқа тығылып, бір ойдан шыққан миллион жол өлеңдерімді қайта-қайта оқиын…Бәлкім көмектесер…
    Қуып кеттім, шо то…

  3. Qazir qazaq poeziyasindagy zastarda siurrialistik pe, abstraktilik pe saryn kop siaktanady magan: «Maraltailyk trend» dep koisan :}. Aitpese, «olen zhazy tehnikasy» men «olen shigary» ekeui eki bolek angime. Dosynnyn olen zhazbagany durys pa deimin.
    Olenin zharialauyn suraganyna qaraganda «Ozim ushin shigaram» deityn otirik-skromnost’ sindromy zhok eken. Tabyldy marqymnyn «Abaidy korip, shamasyn bilgen, Paigambar eken Kokbailar» deitin olen zholdary bar :}
    «»

    • “Maraltailyk trend” 🙂 дұрыс айтасың, қазір жастар поэзиясында өзін іздеймін, тақырып табамын деп өлім, тылсым, аруақ деп қуып кететіндер көп қой.. Қазақы болмыс аз. Батыстық эрозия.. деп әдебиеттанушыдай ұра берсең, ия? Тоқтайын

  4. Ия, ізденіс зор екені көрініп тұр. Өзгеше бір стилі бар көрінеді. Түсінген адамға жақсы туындылар. Алайда мұндай өлеңдерді екінің бірі түсінбейді ғой…

    • ОБалы не, ізденетін жігіт негізі, жас қой әлі көк шыбықтай, жолына ешкім шықпаса, өлеңнен жалықпаса, жаман ақын бола қоймас

  5. Ай, Өркен алғысөзін өлтіріпсің. Арнайы жарнама: «Құрметті Қазақстан жазармандар одағының 800 мүшесі, кітаптарыңызға алғы сөз жаздырғыларыңыз келсе, Өркен КЕНЖЕБЕККЕ хабарласыңыздар» деп телефон нөміріңді жазып қойсам… Енді қашан маған алғы сөз жазасың, ха-ха-ха

  6. Tabigat – teren oili jigit! ari keremet yikasti sozderge bai!!! onin tildik korinan kylkili ari kizikti, manizdi soz tirkesrein alyga boladi. men oni tanitin edim da ari jerlespiz degendei..rkadan kagip koiaiin:-))))

  7. bari bari unady. Kyzyk, erekwe jazady eken!
    Negizi, adamda osyndai sezimder bar bolsa, syrtka wygaryp tastagan jaksy, meili olen bolsyn, meili proza bolsyn.
    Sosyn kerek bolmasa eseigen son bari kalady goi…
    +5!

    • Дұрыс айтасың, мен де 9-шы сыныпта жүргенде бір жылдай өлең шатпақтағаным бар, мұрағам бір дәптер қалды… Одан кейін қалды, соған қарағанда қол болмады ау маған

  8. “Maraltailyk trend” Ерлан Жүніс трендіне ауысып кеткен сияқтанды маған.(Каждый хозяин своего субективного мнение)деп қойдым…

  9. өлеңді оқығанды жақсы көрем, Өркен негізі мықты танымалы жас ақындардың өлеңін жәриялап тұрсаң, оқырманың көбейе түсетініне сөзсіз.. мәселен өлең үшін»Өркеннің өрнегіне» кіретіндердің бірі мен бола бастайым..

    • мммм қалай айтсам екен, өзім шыны керек, поэзияға жоқпын, бірақ сіздер үшін болашақта осындай өлеңдерді қолқалап алдыртып тұрайын, есімнен шығып кетпесе әрине

  10. кунделикти куйбен тиршиликтен кол босай бермейди. Бир куни Абаилдаев Табигат досымды издеуге жолга шыктым. гугол сайтына кирип окырмандардын жазган пикирине кайран калдым. сойтип менде пикир калдырайын деген оймен жазып отырмын…..Бул олендерди Такеннин оз аузынан естигем бир-ак, магынасына аса ман бере коймаппын. Жумыс бабымен Алматыга келгенде. туннин бир уагында.- Саке, мен жана олен шыгардым тындашы,?-деп айта кетти.мен уйкылы ояу бир созин естисем, бирин естимей. Конилин калдырмайын деген оймен. -ИЯ, жаксы олен екен дей салганым бар….Таке, осы пикирди окып маган конилин калып журмесин. Болган жайды айтып жатканым гой…..

  11. Табиғат жалпы талантты жігіт. Алайда өлеңдерінде әттегенайлары бар. Біз сияқты өлееңге қатысы жоқтарға түсініктілеу жазылса деген ой да.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s