АптА KыZы немесе «қызығы»


Жексенбіде үйге келіп жығылсам, «Қазақстан» телеарнасы аптаның қоясын ақтарып, сораптап, кешіріңіз сараптап жатыр екен. «Апта КZ» алғашқы хабарын Азиада алауын облыс орталықтарымен алып жүруге арнапты. Дұрыс қой, жүгірген «тұлғалар», тоңған жұрт, толқынды сөздер… солай болуы тиіс те.  «Базар жоқ» дейін десе-е-ем,

«базар» телеарнаның өңірдегі тілшілерінде болып тұр. Былай ғой, аймақтағы әріптестерімнің әрқайсысы «байрақты бәсеке» деген тіркесті бір-бірден болсын, айтып өтті. Бір қайталаса мейлі, «прощаю». Бірақ, бір хабар аясында екі, үш тіпті бес-алты рет «байрақты бәсекені» айта берсе, не болғаны? Айталық, Алматыдан Айгүл Ермахан деген тілші «Байрақты бәсекенің басты нышанын ұшақтан ҚР Спорт және туризм министрі Темірхан Досмұхамбетов алып түсті«, – деп өтті. Тараздық Нұржан Мергенбай да «атаулы тіркестен» теріс айналып кете алмады. Одан әрі Шымкент, Қызылорда…. Ақмешіттің ару тілшісі Мөлдір Құлмырзаева «Байрақты бәсеке алдындағы осынау шара жанкүйерлерге жалын, ал спортшыларға жігер қосты«, – деп ол да қосты. Алауды Ақтауда күтіп алған Жазира Әбіл бүй деді: «Азиада алауы әр тұрғынның жүрегінде өз мемлекетімізге, байрақты бәсекеде Қазақстан спорты биік жетістікке жететініне сенім отын жағып отыр«. Мұнысымен қоймай, қорытар сөзінде «Ал, ақтаулықтар байрақты бәскеде ел жалауын көтеретін отандастары үшін жанкүйер болуға қашанда дайын!» деді да бейнебаянын бітірді. Осыдан кейін «байрақты бәсеке» деген паразит, жоқ аскарида сөздер қалай жүйкеңізге тимейді, айтыңызшы. «Өзі комсомол, еще нан жейді» деген сияқты, «журналистердің кәсіби дайындығы төмен» десе, ауылдағы мәстек аттай мөңкиміз-ай ғой осы 🙂 Тәк што, қыз-жігіттер сыннан сабақ алайықшы!

«Апта КыЗының» келесі сюжеті «Нұр Отанның» жалпыұлттық коалиция құрмақ болған бастамасына «бағышталыпты». Артық-кемі жоқ ақпарат. Бейнеден көргенім, төрде Нұрлан Нығматуллин отыр да, оң қапталына Артур Платонов пен Бекболат Тілеухан қатар жайғасыпты. Араларына тағы бір адам сыйыса ма… әй сыйыспайды. Естеріңізде болса, Ары тұр Платон ұрпағы халық қалаулыларын коммерциялық секстің қызметкерлері ям әлеуметтік жағдайы ты-ы-ым нашар азаматтармен теңестіріп жіберген-ді. Бұндай теңеуге әрине, Бекеңнің температурасы көтеріліп, Байланыс міністіріне сауал жолдайды. «Бұ не қылған бассыздық? Бізге ақыл айтатындай, кеңес беретіндей кім еді ол? Конца да концов, қалай ол депутаттарды жезөкшелермен салыстырады?» – деп бұлқан да талқан болған, білесіздер.

Екі азаматтың арасындағы ескі «достықтың» жайы осылай. Сөйтіп… «Апта Кызыда» сөйткен Бекең мен Артур бірге отыр ғой. Ең болмаса, арасына адам салып отырса да болар еді деп қоямын ойымша. Бәрін де сол «ымыра мен бірліктің бастауы» болған Елбасының қамы бір үстелдің басына әкелген ғой. Қарадым да, «әй қу тағдыр-ай, қу «Нұр Отан-ай» деп қолды бір сілтедім. Аяғын әдемілеп аяқтағым келген, аяқ таусылып қалыпты енді 🙂


Advertisements

7 comments on “АптА KыZы немесе «қызығы»

  1. Қазақстанды қоссаң, аттаған сайын сүрініп жығылатын «атаулы тіркестер» аз емес. Кеңсенің тор шелегін қасымызға қойып отырамыз)

  2. Бастауыш сыныпта ертегінің мазмұнын айтатынбыз жарыса. Сонда бір сыныптасымның «сосын» деген бір сөйлемде екі рет қолданар тіркесі бар еді. Сол сияқты болған екен:-)

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s