Есімде қалғаны… Екеу


Екеу дегенім екеу

Тісімді емдетуге теңге үнемдеймін деп, төрт күнде үш фильмді «төңкеріп» тастаппын. Алған-алмаған әсерім азаптап, тіпті Джолидің дүрдиген ерні түс қабатыма тіліп кірген соң… жазайын дедім. «Жыртылып». Айтпақшы, не көріп едім өзі?

1. «Турист»:

Депп пен Джоли. Париж бен Венеция

– Пригласите меня на ужин.
– Что?? (пауза) Вы не хотите поужинать?
– Женщины не любят вопросы.
– Поужинаем мы вместе.
– Слишком мягко.
– Поужинаем мы вместе?
– Снова вопрос.
– Я собираюсь на ужин. Надеюсь, вы со мной.©

(Пылмде ұнаған диалогтың бірі)

«Туристен» бастағаныма қарап, теріс ұғып қалмаңыз. Түк те ұнамады… «Түк» дегенде түк санап көрсем, ұнағаны бар ғой. Мисалы:

–         Венецияның панорамасы;

–         Джонни Депптің әртістігі;

–         Тағы да Венецияның кереметтей көріністері;

Ал ұнамаған детальдарын санай берсем, саусақ жетпей, аяқтағы башпайды қосуға тура келеді. Айтайын дегенім, анау (я мынау): фильмнің жанрын «романтикалық триллер» деді, «комедиялық боевик» деді. Ары да, бері де тартты. Ақырында, не болды? Жүрегіңнің қылын шертіп-шертіп жіберетін сезім аз, динамика дым сезілмейді, төбелестен жұрдай (Джоннидің (Депп) қыш шатырдың үстімен жалаңаяқ қашатыны болмаса), қуғын-сүргін дегеннен тек катерді катермен сүйреп шығарғаны бар. Оның өзі бес жасар балаға ұнайтын әкшін – тыр-тыр, пыр-пыр. Тәәк, «триллер емес пе?» десеңіздер, өз басым туристің (Джонни Депп) ақырында 14 елдің «сырбары» қырылып іздеген А П екенін (Администрация Президента емес, Александр Пирс) финалға 42, жоқ 43 минөт қалғанда түсініп қойдым. «Кириешки» ұстап тұрып айтайын, алдын ала басқа рецензияларды оқымадым .

Тағы да екеуі

Сонымен, мен үшін бар маңызынан айрылып, сау-тамтығы қалмаған киноны не үшін көруге болады дейсіз бе? Анджелина Джоли мен Джонни Депптің сүйісі! Иә, иә егер осы қызық іштеріңізді күйдіріп бара жатса, онда батыл түрде билет алыңыз. Одан әрі есте қалары нағыз еуропалық сәулет сұлулығы (басында Париж, одан кейін Венецияның тарам-тарам каналдармен торланған көшелері). Бірді айтып, бірге кеттім-ау, бұл фильм 2005 жылы таспаға түсірілген француз киносының ремейкі екен. Ренжісеңіздер де, «Турист» Софи Марсо мен Иван Атталь ойнаған сол «Неуловимыйдың» деңгейіне қарғып жетпеді. «Неуловимый» расында триллер деген жанрына тән (сай) болатын, ал «Туристе» қартайыңқыраған Джолиді қымбат көйлектермен қымбат отельдердің интерьерінде «қалбалақтатып» қойған. Оператор «қаруын» бірде оның бөксесіне, бірде ерніне бағыттайды да, көрерменді қатырдым деп ойлайтын шығар. Олай емес… жасы келген әйелдің жүзіндегі, мойнындағы әжімді жасыру үшін жасалған макияж «жүйкеме тиді». Иә, Джоли «қуыршық» артисткалардың қатарына жатпайды, харизмасы бар, мінезі бар, обшым, ойнауды біледі ғой. Ал мұнда бет-жүзінде бір тамшы қан жоқ… жұмбақ әйелді сомдаймын деп мимика, жестикуляция, т.б. вербальды тілдесудің тәсілдерін ұмытып қалғаны несі? Түсінбедім. Граниттен қашағандай фэйсінен грамм эмоция таба алмадым… әлде айып менен. Көрмедім. Джонни болса, тиісті қаламақысына сәйкес рөлін алып шығыпты. Азамат қой, не дегенмен… Жындышатыс Жек Торғайдың («Кариб теңізінің қарақшылары») образынан есеп-қисаптан басқада есебі жоқ мұғалімға айнала салған. Кино басында қопалсынып жүреді де, аяғында ит-мысық қосып, Интерпол іздеген атақты ұры Александрдің өзі болып шығады. Сол кеште неміс Флориан Хенкель фон Доннерсмарктың режиссурасындағы фильмнен «нектар» таппай, «лоқсыған» жүрегімді басу үшін литрлеп «Липтон» шайын ішуге тура келді. Барам десеңіздер, пажалыста… тек «бір көретін кино». Сосын менен 103 минөттің (фильм осынша уақытқа созылады) өтеуін сұрап жүрмеңіздер.

— Так ты любишь меня? — Люблю.

— А как ты относишься к Александру Пирсу? — Его я тоже люблю. (с)

«Ту би континуед» бе еді, жалғасы бар ғой…

Advertisements

14 comments on “Есімде қалғаны… Екеу

  1. Джоли туралы Қисық пікір айтсам, ертең өміріме қауіп төніп туып кетуі мүмкін, бірақ, сонда да болса ішімдегі қыжылды шығару үшін осы жерге бір ауыз сөзді сүйкете кетейін. Джолиға рас Құдай сұлулық пен тартымдылықты аямай берген. Бірақ, әртіс ретінде, мысалы, Мэрил Стрип, Джульет Биньеш, Софи Лорен, Николь Кидман, Кэтрин Зета-Джонс, Шарлиз Терон, Изабель Аджани, Кейт Бланшет, Хелена Бонем Картер, Ева Мендес секілді жандар жеткен деңгейге жете алмады, ИМХО. Тіпті, «дамбал бажасы» Дженнифер Энистонның әртістігімен салыстырғанда да Анджи топырақ теуіп қалатын сияқты. Сұлулық жағынан алсақ, жеке менің өз басыма Моника Белуччи көбірек ұнайды. Джолидің бір киносы ғана маған ұнады, ол «Подмена».
    Пы.Сы. Ева Мендес пен Кейт Бланшетке байланысты пікірім біреуге ұнамаса поштаға жазсын:)

    • Иә, дұрыс айтасың, әртістік жағынан маған да Кэтрин Зета-Джонс ұнайды, оның «Жестокая правдадағы» рөлі енді айтып жеткізгісіз! Ал әйелдік сұлулық жағынан, әрине Белуччи мен Пенелопа Круз, Сальма Хайек… ИМХО. Джоли – ол Джоли. Артық айтқым келмейді

  2. Жаңа жылдық демалыста кино көрмек оймен «жаңа кинолар тізбегі» деген пират дискы ала салғам. Осы кино бар екен. Запись жақсы екен. Қалаға келсем сіңілім кинотеатрға шақырады осы киноға. Атын қой қарағым: и так уйде 2 сағат өлтіргем,- дедім. Шынымды айтсам жарнамасы аттай болғанымен көңілімнен шықпады. Тек Джони Депп қана ұнайды. Өйткені аздап ұнатам ғой оны 🙂
    Джоли турлы Қисықпен келісемін

  3. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, алдында бір рет Том Круз бен Камерон Диаз түскен «Рыцарь дня» фильмін қарап, босқа ақша шашумен қайтып едік. Осы фильм де бастапқы афишасынан-ақ тартпай тұрды. )

  4. Қисық хахахаха
    мұндай фильмдерді ұнатпайм, тек Терминал ғана ұнаған шығар тек жағдайдың трагедиялық болғаны үшін ғана мүмкін кім білсін..
    Өркен мына постыңнан түк түсінсем бұйырмасын:)))))))))
    бірақ жазылған стилі ұнады:)

  5. Кішкентай ғана клатчпен шетелге өтіп кете беретін әйел баласы бұл өмірде жоқ шығар 🙂 және де өзі кішкентай болса да, сондай сыйымды!
    Өзіме бұл фильмдегі киімдер ұнады, ретро қайта жаңғырып келеді десем артық болмас 🙂

    • Байқампаз десе ))))) иә, киімдерін интернеттегі сыншылар әбден мақтады, қимылдан гөрі байлық пен киімді кадрге беруді көп ойлаған деп….

  6. Мен кеше ғана көріп шықтым! Жаман емес. Өркен айтқандай Джонни Депптің әртістік қабілетіне сөз жоқ. Келе жатқан жаз маусымында оның жаңа фильмі шығуы тиіс. Асығып болмаса да нормально күтіп жатырмын (мәні болмаса да). Пираты Карибского море 4! Жақсы болар деп үміттенем!

  7. Бүйыртса, ол күн де алыс емес. Астананың кинотеатрларында «Қарақшылардың» үлкен постерлері іліне бастады

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s