«Ырбизация»


Бұл мақұлық еліміздегі «ең-ең» деген теңеулер телінетін қаланы табанымның астына саламын дейді. Біраз «точкіде» тілсіз-жансыз тұлыбы тұр… Еще түнде, еще жалғыз келе жатып, алдыңыздан үшбұрышты үлкен басы қалқайған құйрықты барыс «бауырым, сағат қанша болды» десе ше? Құрысын, жүрегің қабырғаннан ажырап, қос бүйірінен қанат бітіп, аузыннан а-а-тып шығатын сияқты ғо 🙂 Әзіл ғой, мұның бәрі. Бірақ, расында осы Азиадамыздың символы маған ұнамайды, атын да «Ирби» (Ырби) деп қойды, әйтеуір. Абай.кызыдағы мына материалды оқыдыңдар ма, оқымадыңыздар ма? Жалпы, Сізге ұнай ма, осы не еді, әлгі…. ә «символымыз»?

Advertisements

24 comments on “«Ырбизация»

  1. шынында сәтсіздеу шыққан символ. Рахит ауруымен ауыратын бала сияқты. Басында сүйкімді сияқты еді, қазір барлық жерге тығып, адамның жынын шығаратын белгіге айналды.

  2. Лого бәлкім, біреуге сәтті, ал біреуге сәтсіз болар. Бірақ, 3D анимацияға пайдалану жағынан өте-мөте сәтсіз болып шыққан. Тіпті қорқыныш ұялайды.
    Мұз айдынына жыныссыз (статикалық күйдегі суретте әйел жынысты шығар деп ойлауға болар еді) мақұлық атып шығады. Ол – Олимпиаданың символынан гөрі, қоймаға кері қарай лақтырылған, сөреде өтпей тұрған жансыз қуыршақ сияқты. Эмоция өте жасанды, тіпті менде бар ғой… менде…
    3D Studio Max па, әлде Maya ма, солардың ішінде бір мысал ретінде жасалған анимация жүруші еді. Соны нетіп, неғылып жіберген шығар деген күдік қылтиып тұрғаны…

    • Міне, нағыз маманның кәменті қандай, өзі қандай! Талдап (тілдеп емес), жіктеп (жыртып емес) тастапты. Расында, үш ДЭ-мен қозғалғанда, «Ирби» – жыныссыз… Жалпы, ол әурәт жерлерді көрсету қаншалықты «этичный» екен, Ерлан аға?

  3. Маған да ұнамады. Одан да бота, құлын сияқты қазақылау бір жануар таңдағанда жақсы болатын еді. Айтпақшы, осы «Ырбиды» қалай таңдады екен, авторы кім, халық таңдады ма?

    • «Ирбиді»қалай таңдады, авторы кім? – ол жағын спорттан алыс болғандықтан, қақпайды екенмін. Ал халық таңдамағаны сіздердің пікірлеріңізден-ақ көрініп тұр ғой…

  4. Шын айтсам, маған ұнайды. Мен үшін сүйкімді сияқты. Өзімен-өзі жүрген, мейірімді, сүйкімді бір балақай елестейді… )))

  5. Джон – Джонни, Джек – Джекки, Томас – Томми деген сияқты Ирбистің еркелеткендегі түрін жасаған ғой. Сәтсіз шыққан.

  6. Осы қазақтарға жағу мүмкін емес, жоқ жерден кілтипан іздеп..Ана мақаланы оқыдым непотеме жазу толған.
    Осындай масштабы жоқ мақаланы да мақала деп жазып жүрген күлкілі екен.
    Одан да ұйымдастырылу жағын сынаса болар еді.
    Ал Ирбиді ырбию сөзіне ұқсату мүлдем негізсіз.
    Жап-жақсы персонаж. Мағынасы да атау да жақсы.

    • Иә, «аах» дейтіндей мақала емес, бірақ «Қазақ десең, өзіне тиеді» дегендей, символда кемшілік бар боп тұр ғой. Атында, затында болсын…

  7. «Ирби» деп біздегілер орыс тіліндегі нұсқасын пайдаланады ғой. Негізінде бұл кәдімгі Ілбістің баласы ғой. Оны «Ілбі» демейтін бе еді. Ал орысшасы тура сен айтқан «ырби» дегенді меңзейтіні рас. Әрине, нағыз қазақша сөзді міндетті түрде орыс тіліне келтіріп айтатынымыз өкінішті.
    Өркен, жазбаларың өте жақсы екен… Өзің Астанаға барып шабыт алғансың-ау деймін (қалжың ғой). Саған мәләдесс деуден басқа сөзім жоқ.

    • Барыс десе, бір жері кетіп қала ма екен? Әлде атақты хоккей командасын қайталағандай болып қала ма? Енді (ашуымды басып) тілегіңізге рахмет, Астананың аязы мен аптасына 2 рет шығатын газет біраз қамшылап жатыр…

  8. Маған да сол Мәскеу-1980 қонжығы қатты ұнайды. Әлде бала кезден қалған ностальгия болды ма екен, әйтеуір ұнайды

  9. егер барыс болса, басы неге дәу? неге тепе-теңдік сақталмаған? егер басы қалыпты болса, біршама әдемі болар ед деп ойлайм

    • аффтарлардың айтуынша, басы дәәу болған сайын, сүйкімді бола түседі екен. Біз түсінбейтін симметрия заңы ма, құлақтан солай теуіп жатыр

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s