Қазақ блогшыларының алғашқы басқосуы болады! Ой қосыңыздар!


Бет-аузын Glossina palpalis, кешіріңіз цеце шыбыны цүйіп (сүйіп) тастағандай аттан салғым келіп тұрғаны! Иншалла, Қазақ блогшыларының алғашқы басқосуын ұйымдастырамыз деген ниет бар. Ниеттің негізі бұрын да бар етін. Бірақ, бұ жолы Ерлан Қарин деген саясаткер я саясаттанушы (ол жағы маңызды емес), бастысы ұлтшылдығы ұрып тұрған ағамыз осы бастаманы қолдап отыр. Қос қолдап. Бұйыртса, «мани-мани» жағын маймен сылағандай етіп, бір шағылмаған тоқпан жіліктен тауып беремін деді. Енді не әңгіме дейсіз ғой, блогер бауырларым, сол басқосуымызды өткізу турасында бас қатырсақ! Ой қоссаңыздар!

Ұсыныс айтсаңыздар! Бастысы, оны қалай атаймыз? Қазақ блогшыларының алғашқы слеті дейміз бе, съезді, пленаркасы, летучкасы, саммиті, форумы дейміз бе? (шамасы, «Жиналыстар анатомиясының» аффторы Е.О-ның  кеңесі керек) Алматыда өткіземіз бе, Астанада ма? Сөз сөйлеу, презентейшн жасау жағы қандай болмақ дегендей, общым ақыл керек, ағайын!

Advertisements

44 comments on “Қазақ блогшыларының алғашқы басқосуы болады! Ой қосыңыздар!

  1. Баркэмп форматында Алматыда наурыздың алғашқы немесе екінші аптасында өткізген дұрыс деп санаймын. Сәуірде Орталық Азиялық Баркэмп өтеді.

    Әуелі ұйымдастырушылар алқасы болғаны жақсы. Сосын гугл груптан тақырып ашып, сол жақта немесе FB-та немесе dabai.kz аясында осы тақырыпты талқылаған ыңғайлы болады. ИМХО.

    Сосын бұл жиында Нұр-Отанның атынан берілетін қаржының сұрауы не болмақ? Соны да алдын ала біліп алғанымыз жөн болар.

    Қаржы бөліп отырған жандар бұл істен қандай нәтиже көргісі келеді екен? Мүмкін Ерлан мырзадан осы тақырып төңірегінде сұхбат аларсың. Ал ең дұрысы dabai.kz-ке уақыт белгілеп, он-лайн конференцияға шақырсақ жақсы болар еді.

    • Сұрауы – біздің белсенділік қана… яғни, Ерекеннің бар ойы, біздің, блогшылардың пиғылын, арманын, ойын, пікірін білу, былайша айтқанда біздің кім екенімізді ішімізден танығысы келеді, болды

  2. Жақсы жаңалық. Қазақ блогшыларының әселесін шешу дейтін ауқымды мәселе жоқ деп ойлаймын. Тек ынталандыру шаралары жоқ болып тұр.

    Жаңалықтарды FB неме соған ұқсас ӘЖ-лерде талқылаған дұрыс. Онда барлығының дерлік аккаунттары бар.

  3. Міндетті түрде ат салысамыз! Әрине шақырылатын болсақ проектіміз де дайын! Көмек керек болса e-mail ға жазуды ұмытпағайсыз!

  4. Қалай аталатынын бекіту қиын емес шығар, алдымен ұйымдастыру мәселелерін шешіп алайық. ҮЕҰ, БАҚ, партиялар, коммерциялық ұйымдар араласса жақсы болар еді, менің ойымша. Аты жақсы болады. Өрімталдың пірімен келсімен, баркемп форматы ыңғайлы болады-ау осыған…Кім ұйымдастырады, соларды анықтап алсақ.

  5. Асхаттың баркемп форматы туралы пікір өте орынды.Ұйымдастыру жұмысын Мінбер, Медианет, Медиалаб осы 3 қор жүзеге асырса. Мінберден Асхат, Мединеттен Димаш, Медиалабтан мен ұйымдастыру жұмыстарына дайынбыз.Басқа қосылатын ұйымдар болса қосылса қарсы емеспіз. Мерізімі, өтетін орны: Алматыда, наурыз немесе сәуір айлары (анықтау керек)

  6. nege Almatyda? Astanada da bir narse uiymdastyrynyzwy, a to meni papam jibermeidi Almatyga :))) (egoistka desenizwi)))

    Sosyn kalai atalsa da slet bolmasyn wy, tura kenes dauirine tusip ketkendei bolmaiykwy. kazakwa bolsa atauy super boluwy edi.

    Kalai, kandai formada bolatynyn aramyzda Ashat agadan artyk biletin adam jok wygar. Agamyzga kulak asaiyk :))

    • Алматыда блогшылардың саны да көп, әрі десе КИМЭП сияқты керемет база да болып түр ғой , сондықтан алғашқы құрылтайға Алматы ыңғайлы болып тұр ғой.. слет болмайды, құрылтай болады бұйырса

  7. Ой, қуанеееп қалдым ғой. Қисық сияқты лақтырбайлар бұл күні елден бұрын келіп алып, жеңі жоқ көйлегінің жеңін плотно түріп алып, белсеніп жүретін болды ғой:) Так, менің ұсынысым мынау: слет, плет деп зашем, қазақша сөздер тұрғанда?
    «Қазақтілді блогшылардың І басқосуы» болсын!

  8. жақсы жаңалық,жақсы бастама!!! расында ұйымдастыруы,не істеп қоятындығы нақтыланса атау деген өзі ақ табылады гой. сәттілік!!!!!

  9. Ыңғайлысы Алматы болар, ал, бас қосып не шешеміз? Не талқылаймыз? Осыны нақты белгілеу керек. Сосын, тағы бір ұсыныс, шетелдегі сайткер, блогер қазақ жастарын шақырсақ деймін.

    • жақсы идея! шетел болғанда сол Қытай мен Моңғолиядан белсенді блогшылар келіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді

  10. Тамаша! Әттең, наурызда ауылда болмайын деп тұрмын:(((… Әлде мен үшін уақытын өзгертесіңіздер ме? (Өзімшілмін бе?:))
    Қайтадан белсебет ойлап табу ақылға симайды. Асхаттың сөзі – жөн сөз! Формат БарКэмп, ал сипаты қазақша болса дұрыс болар. Жиында болмасам да ИМХО айтайын, саясат туралы әңгіме қозғамасыңыздар екен. Инновациялық журналистика, қазіргі ҚазНет пен ҚазБлогоСферасының тренді, оны қажет бағытқа бұрудың жолдары, АнтиПлагиат шаралары, блоггерлердің өзара ынтымақтастығы, жалпы виртуалды Қазақ елі мен қазақ ақпаратын арттырудың қадамдары, Уикиді қазақшаға аудару мәселесі, сол арқылы Гуглдің бүйрегін Қазаққа қарай бұру секілді тағысын-тағы күйіп тұрған мәселелер сөз болса жақсы болар еді. Менің жиналыстан көргім келетіні, әкім-қаралардың халыққа есебі секілді, болашақта бүйтеміз-сүйтеміз емес, мынадай идея бар, кім қосылады немесе мынадай жоспар күн тәртібінде тұр, ал енді оған мынау керек, анау керек деп, еріктілерің қолдарыңды көтеріңдер деп, әркім бір маңызды жоспармен келсе… Сосын… Алматыда бола бере ме? Астананы да көрелік бір уақыт? (Қаланың өзін көрдік-ау, жиын-шара жағынан айтамын). Тфу,.. мен болмайды екенмін ғой:(((…
    ПыСы: Аллегро, жоқ Өркеннегро, көлдей комментіме дым ренжіме!

  11. wikipedia-ны аудару мәселесін көтеру керек деп ойлаймын. Үкімет қолдасын. Бұл туралы арнаулы президентация жасап, оның маңызын билік өкіліне жеткізудің де маңызы зор.

  12. Жалпы блогшылар деп кімдерді айтуға болады өзі, соны нақты айтып беретін жан бар ма? бізде толыққанды сайт жасап іске қоспасақ та әуесқойлар ретінде қатысуымызға бола ма?

  13. Шыныменде нақты талқыланатын тақырыптар және бізден нені қалайтындарын нақты айтса жақсы болар еді. Себебі мен сияқты блогты хобби көретін жандарға түсінікті болар еді.

  14. Алып-қосары жоқ керемет идея мен шара. Жәй, «Қазақ», «Қазақтілді» деген тіркесті алып тастаса. Қазақ елінде тұрамыз ғой, «Блоггерлердің форумы» десек, ешкім шведтер не орыстар жиналып жатыр екен деп ойлап қалмас. Ойлап қалған орыстілділер не қытайлар келе қалса да артық болмайды.

    • Идея бұрыннан болды, енді шараға айналдыру ғана қалды))) өте жақсы ой айттыңыз, «қазақ» дегеннен қашуымыз керек, солай болған да сияқты ғой

  15. Нұр-отан қаржыландырып, тым ресмиленіп кетпесін. ресмиліктен бәрі қорқады 🙂 Ал жалпы қазақ блогшыларының басқосуын өткізу бұрындары көп талқыланған тамаша идея. Қалай аталатыны, қайда өтетіні аса қатты маңызды емес сияқты. Ең бастысы ұйымдастыру жағы мықты болса, және блогшылар тарапынан да белсенділік керек

    • НО жағынан ешқандай араласу болмайды, аты аталмайды.. ол мүлдем жоқ сияқты болады деп айтуға болатын шығар, ал блогшылар тарапынан иә белсенділік керек, әсіресе аймақтағы ағайын ат салысса,

  16. Асхаттың сөзінің жаны бар, әуелі ұйымдастырушылар алқасы болғаны жақсы.
    Жалпы бұл басқосудың қандай нәтиже беретіні жайы ойланарлық мәселе.

  17. Қазақ блогшыларының ғана жиыны болса, 30-40 шамасындағы блогшы бар десек, онда олардың арасында келмейтіндерін де ескеруіміз керек. Қазақ Интернетінің айналасында жүрген адамдардың жиыны деп, оларды да қатыстырса, нұр үстіне нұр болар еді.

    P.S. Билік партиясы ұйымдастырып, мойындарыңызға алқа, блогтарыңызға баннер (партияның таңбасы) іліп қоймасын 🙂

  18. Ерланның пікіріне қосыламын. Қазақ, қазақтілді деген сөздер болмаса екен. Сондайға үйрене беру керек, елдің аты ҚАЗАҚстан ғой

  19. Бастама күшті екен. Ұйымдастырушыларға алғыс. Шынында да, қуанышты хабар екен, бұл барлық блоггерлермен ой бөлісуге, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік қой…
    Бірақ, компьютер тілін білмейтін мен сияқтылар, блоггерлер қатарына жатады ма, БЛОГГЕР деген кімдер деп СЕРЖАНның сұрағы қайталап қойылды?
    ПС:Қазақ тілді БЛОГГЕРлерге арналған болғандықтан, ұлттық ерекшелініп тұрған сияқты, «Жүйелі өріс» немесе «Найзағай» деген сияқты блоггерлердің құрылтайы деген сияқты логотип болатын шығар……))))))))))))
    Бастама нәтижелі бітсін!

  20. Қандай кездесу болса да барамын.
    Бірәқ менен қандай көмек болатынын айта алмаймын, ұйымдастыру қабілетім жоқ. Сол үшін тек ғана өзімнің *присутствиеммен* ғана қуанта алатын шығармын сіздерді 🙂

  21. Қайтарма үнқосу: Блогшылар Құрылтайы 2011 « Грек мифологиясы

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s