«Халсөзниктен» хабар


"Ал, Сәке, әу деп жіберіңіз"

«Хабарда» көп айтылатын қалада тұрып, Астананы айта беретін арнада жұмыс істейтін досымды білетін шығарсыздар? Сол «маладес» Мұраттың айтқыштығы бар ғой, бірде «сендердің газеттеріңе «Халсөз», ал өздеріңе «Халсөзниктер» деген ат қойдық» деп еді… Демек, «Халсөзник» ретінде «Халық сөзі» газетінің қырқынан шығып, қарын шашын қырқып, қара тырнағын алғанын айтпасқа амал болмай тұр.

Салтанатты жиынға «случайно» келіп қалған Бауыржан Жақыптың сөзімен айтқанда, «бұрын-соңды газет тарихында қағазды «қырқынан шығару» дегенді естімеппіз». Сенсацияны борбайдан тістеген сұрқия заманнан біз де қаламыз ба, ат естісе, ауыздығын жұтып қоятындай жаңалықты «жасап шығардық» енді. Қысқасы, Бәйтерегі бар қаладағы бас кітапхананың залын алып, зиялы қауымнан теріп-теріп, тамаша отырыстың түрін келтірдік. Аузын ашқан ақылманның бәрі «ал, енді не дейміз, газетті алып тұрамыз, оқып жатамыз, мына қырқыншы саны құтты болсын!» деп лебіздің лек-легін жіберді. Мынадай мақтауларға танауымызды көтеріп кетпейік деп, шоферден шефке дейін қол ұстасып, алқымнан ауа өтпейтіндей етіп галстукті тартынып-тартып отырдық. «Маскировка» үшін жиынға «конференция»деп маңыздылық бергенбіз ғой… содан да, біраз мейманымыз ұртына малта салып алғандай малжандап кетті. Орыстарда «зауважал» деген сөз бар. Соның ыңғайымен Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменовты одан бетер жақсы көріп кеттім. «Араларыңызға депутат ретінде емес, әріптестеріңіз, журналист ретінде келіп тұрмын» деген ағамыздың биыл Қызылжар төңірегіндегі қырқыстағы азаматтық ерлігін енді бөлек әңгіме. Бұл жердегі бөлек әңгіме сол: Жарасбай мырза жылы-жұмсақ сөздерін айтып бітті де, жас журналистерге дайындап келген сыйлығым бар еді деді. «Мына жерде енді Өркенді танып тұрмын» демесі бар ма? Менде де ұят жоқ, ортаға жұлқынып шығып, депутаттың қолынан дәу портфельді алдым. «Ішінде не бар?» десеңіз, мемлекеттік тілде Қожаберген жырау мен Мағжан ақын туралы кітап пен француздың зілдей ауыр қаламсапы болды. Екінші сыйлық әріптесім Әсияға бұйырды.

"Интернеттен оқып тұрамын. Жақсы..." (соған қарағанда, блогымды айтты-ау деймін)

Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа да сөз бұйырды. Бүй деді ол:  «Еліміздің ен жері бар. Халқы аз.  «Қазпоштаның» жұмысы болса, анау. Алматыдан шыққан газет апталап барып, Атырауына әзер жетеді. Яғни, интернетпен ақпарат таратуға, қазақша газеттердің сайттарын жандандыруға күш салу керек». Дұрыс. «Нұр Медиа» холдингі бас директорының орынбасары Альберт Сафуллин «Біздің хатшымыз газеттерді жеткізгенше, барлық басылымдарды интернет сайттарынан оқып қоямын. Бұл дегеніңіз, бүгінгі интернеттің жаңалық таратудағы орнын ескеріп, мақаланы газетке басып қана қоймай, оның аудио я бейненұсқасы да сайтта болуы тиіс» – деп «бетке тіліп айтты». Ал енді журналистикадағы ағам, «Abai.kz» порталының бас редакторы Дәурен Қуат өткен жазда Атырау облысының Қызылқоға ауданында болып, оның ең шеткі деген Қарабау ауылына барғанын, сонда интернет бар екенін көріп, таң қалғанын айтты. Дәкеңше тұжырымдасақ, ауыл-аймаққа интернет келді дегенше, қағазға басылатын газеттің таралымы түседі деген сөз. «Мегалайнға» айына 4500 теңге төлейтін адам ақпараттың бәрін тұтына алатын болып тұр.

Ақын Серік Тұрғанбековтен асқан «прикольщик» жоқ екен. Шенеунік Ербол Шаймерден шамалы жалықтырды сөзімен, ал Жанарбек Әшімжан сөйлемеді. Бауыржан Жақып кітап сыйлады, ал Айдос ағам (Сарым) келмеді. Алматыдан ұшағы төрт сағат бойы ұшуға талпынғанымен, түк шықпапты. Осымен, отырыс бітіп, қонақтар келесі залдан кофе ішіп, кекс жеуге қарай кетті. Өйтіп-бүйтіп, сөйтіп 🙂 газетім (із) қырқынша нөмірін қаттап, қырқынан шықты!

Арнайы «Өркенегро» блогы үшін Некрө Кебнежек

Advertisements

20 comments on “«Халсөзниктен» хабар

  1. Қырқынан шыққанда конференция жасасаңдар, сүндетке отырғызғанда не істейсіңдер? Өзі ұл ма, қыз ба? 🙂

    • Сүндетке отырғызғанда «Алашаны» ма, «Магрибті» ме жалдап, супертой жасармыз деп пыланымыз бар енді деп қойсаң 🙂 Әй, сол сүндет жағын қозғағандарына қарағанда, ұл бала ау шамасы, ұяттау сұрақ екен

    • Тыпа креатив казит болыңдар деген соң, ойлап тапқан түріміз ғой ))) Бұл да пиардың бір түрі ғой, тілектеріңе рахмет!

  2. 4 айда Қырқынан шығару өз еріктеріңнен болған,жане болатын шаруа!ал сүндетке отырғызуды өздерің шешпейсідерғой Өркен,оны қай күні гезеттерің «тентектік»жасап қойса жоғары жақтағы ашушаң шалдар «әтпүшін» кесіп тастайды.бітті!содан «тентектік» қыла бастасаңдар «әтпүштеріңді кесемін «деп қорқытатын болды!

    • Сүндеттелуге асығып жатқанда, Көкжал көкем қорқытып қойды ғой, енді ашушаң шалдардың алдынан емес, артынан өтуге тырысамыз да ))) Әй, бірақ мына түрімізбен тезірек сүндеттелетін сияқтымыз… Айтыскер Жандарбек айтпақшы, «ол жер қайта-қайта кесе беретін, жеті басты айдаһар емес қой»

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s