«Тәуелсіздік мен үшін екіұдай тәуелсіздік!»


«АЗАТ» ЖСДП-ның бас хатшысы, танымал жорналист әрі саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ осылай дейді… Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік нөмірді бейнеттеніп жүріп, белгілі азаматтардан бір-екі сұраққа пікірін сұрағанбыз. Біразы басылды кәзетке, ал Әміржан көкемдікі «әлдебір» себеппен түсіп қалды. Өз басыма өзге пікірлерден осы кісінікі ұнап еді… Оқып көріңіздерші, ой салады!

Тәуелсіздік елімізге не берді?

Тәуелсіздік елімізге көп нәрсе берді.

Бірақ біз сол құндылықтарды дұрыс пайдалана алмадық. Мәселен, мәскеулік бодандықтан құтылдық. Бірақ оның есесіне еркін ойды қымтап тастаған биліктің бодандығына тап болдық! Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткіздік, алайда мұнай мен мысымыздың қызығын барша халық емес, билікке бір табан жақын топ көріп, қыруар қаржыны өз пайдасына жаратып жатыр.

Сондықтан бүгінгі Тәуелсіздік мен үшін екіұдай тәуелсіздік! Біріншіден, ол жартыкеш тәуелсіздік, өйткені билік басындағылар өз халқына тәуелсіз де, ал қаймана жұрт бұрынғыша шенеуніктерге тәуелді қалпында қалды. Екіншіден, бұл Тәуелсіздік – жаңаша тәуелсіздік, өйткені бұған дейін де тәуелсіздік туын тіккен батырларымыз бен хандарымыздың еңбегін тәрк ете алмаймыз! Әсіресе, Белоруссия мен Ресеймен бірге құрып жатқан Бірыңғай экономикалық кеңістік идеясының арты не болмақ деген сауал осы тақырыпты одан сайын жандандыр түсуде! Қолда бардан айырылып қалмаймыз ба?!

Тәуелсіздік өз басыңызға не берді?

Әрине, ең алдымен, мақтаныш сезімін берді. «Мен – қазақпын!», – деп ешкімнен қорықпай Жұбан ағамыздың сөзін қайталай аламыз! Алайда, «Мен әділеттік пен азаттықты пір тұтқан қазақпын! Биліктің бет-жүзіне қарамай пікірімді ашық айтатын қазақпын!», – дей аламыз ба? Қайдам… ндай мүмкіндік бермеген Тәуелсіздіктің бағасы да басқаша болса керек. Мәселе мынада: әрбір азамат өзін шын мәнінде тәуелсіз сезінбей (материалдық, рухани және саяси тұрғыдан алғанда), тұтас мемлекеттің толыққанды тәуелсіздігі туралы сөз қозғау мүлдем орынсыз болар!

Advertisements

6 comments on “«Тәуелсіздік мен үшін екіұдай тәуелсіздік!»

  1. Қайтарма үнқосу: «Мен – қазақпын!» “Тәуелсіздік күні” баршамызға құтты болсын! «

  2. осы ғо осы, бәріміздің сөзбен жеткізе алмай отырғанымыз. тәуелсізбіз, қағаз жүзінде. іс жүзінде солай ма? бір ұлтты ұлт қылатын – оның тілі. тіл тәуелсіздігі болмағасын басқасы қайдан болсын?…

  3. Али кунге САНА тауелдилигинен озимиз арыла алмай келемиз. Казахша сойлеу, халык анин тындау, казахша билеу деген сиякты улттык ерекшелигимизден озинше уялатындар коооооооооп. Биреу бизге уркип карайды деп коркамыз. Айтеуир ишимизден бир нарсе ари тартып туратыны жасырын емес. Озимиздин осы олкылыгымызды женбей болмайды! Ишки рухымыз мыкты болуы керек!

    • Иә, ең болмаса, Ислам Жеменей ағамыз айтпақшы, қазақша телеарнаны көрмесек те, тыңдамасақ та қосып қою керек. Сонда бақылаушы органдардың «счетчиктерін» алдап қояды екенбіз…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s