«Не…өжели»


Астана. Әуезов көшесі

Мынадай мерекелік лебізді көргендегі лепесім ғой… «Не…өжели, Астанада Тәуелсіздік күнін тойлайды» деген таңданыстан таңдайым тақ ете қалды. Ой, осы «ОБСЕ-нің» жарнамасы мен жасыл шыршадан Бас қаланың бос қалмаған бұрышы жоқ сияқты еді. Тауыпты ей «Т.К»-ге орын… Бірақ, мына билбордтағы (басқаша аталады негізі, білмей тұрмын) нақыл сөз «неудачно» таңдалған сияқты.

Нұрсұлтан ағаның «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда» я болмаса «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген сөздері ше? «Мынауы ұнамады енді, алып тастаңдар»деп кергіп тұрсаң, ә әлгі жерде 🙂 Жарайды, құрысын, ертеңгі Алашорда мемлекетінің құрылған күні – Алаш күні құтты болсын, ағайын! Ардақтыларымыздың әруағына Құран оқытып қойсақ та, артықтық етпейді ертең. Одан ары Тәуелсіздік күні де таяп қалыпты…

Advertisements

4 comments on “«Не…өжели»

  1. Ортақ мереке ғой! Бірге болсын! Ал, туған күнің енді ерекше мейрам ғой, сендей қарындасымның қаламы талмасын, дені сау болып, бақыттан басы айналып жүре берсін дейміз!

  2. Шынымен таңданыспен қарауға болады. Өткен жолы қарағандылық бір досым: Алматыда Тәуелсіздікке дайындық қалай деп сұрағаны. Жауабым мынау болды: Біліп тұрып сұрап тұрсыз ғой дим. Негізі, Тәуелсіздіктің шыршаның тасасында қалатыны өкінішті-ақ…(((

  3. Бірақ, бір жақсысы, биыл Жаңа жылдың өзі маған сүреңсіз өткендей көрінді. Бірқатар достарым да осыны айтады, байқапты – салют аз атылды, шыршалардың бәрі жасанды ,мерекелік көңіл күй жоққа тән, қар аз оңтүстік жақта. Очм солай, ептеп-ептеп Тәуелсіздік мерекесі де тасадан шығар деп қоямыз осыған қарап

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s