Облыстар олимпиадасы


Ескерту: Ұзақтау деп ұрыспаңыз, газетке лайықталған материал болған соң.. осылай шықты. Қазақстанның әкімшілік картасында 14 облыс пен республикалық маңыздағы 2 қаланың бар екені ешкімге таңсық емес. Апыр-ау, республикалық маңыздағы Байқоңыр қаласы бар еді… Бары бар ғой, бірақ оның көлемі 57 шаршы шақырымындағы 60 мың ағайынның ахуалы жайында ақпарат жоқ. Ондағы бауырлар өлі ме, тірі ме, қаншасы қазақтанып, я орыстанып кетті,  – жым-жырт.

Сондықтан, барымызды базарлап, дұрысы «Аналитикалық ресурстар студиясы» ұсынған деректерді ұяла-ұяла қорытып көрмекпіз. Ұялатын себебіміз, облыстар олимпиадасында орын алған форвардтар мен аутсайдерлердің арасы жер мен көктей. Әрине, «бес саусақ бірдей емес». Әрине, біз де барлық параметрлер бойынша «полный» сарап жасауды қызық көрмедік. Қызықты қайбір экон. қисаптардан таптық. Тарқатып көрейік.

Нарық заманында нанға май жағып жеудің мехнатын білетін ағайынға басты ақпар, орташа айлық мөлшері шығар, сірә. Қай аймақта айлық жоғары болса, оның әлеуеті де күшті деген талассыз теорема бар.

1-кесте. Қазақстандағы орташа айлық көрсеткіші

Атырау облысы

151 815 тг.
Маңғыстау облысы 143 823 тг.
Астана қаласы 114 328 тг.
Алматы қаласы 107 762 тг.
Батыс Қазақстан облысы 84 793 тг.
Қызылорда облысы 73 749 тг.
Ақтөбе облысы 72 718 тг.
Қарағанды облысы 68 782 тг.
Павлодар 66 526 тг.
Шығыс Қазақстан облысы 63 552 тг.
Алматы облысы 60 994 тг.
Оңтүстік Қазақстан облысы 60 193 тг.
Қостанай облысы 59 487 тг.
Ақмола облысы 57 492 тг.
Солтүстік Қазақстан облысы 54 348 тг.
Жамбыл облысы 53 527 тг.

Қарап отырсаңыз, қайран қалатындай дәңене жоқ. Алдыңғы топжарғандың ахуалы айтпаса да түсінікті шығар.. еліміздің бұл аймақтары мұнай мен газдан уыстап ақша ұстап отыр. Біріншіден, қазба байлықтарды игеруге қызыққан шетелдік инвесторлар мұнда шайласын тігіп, қаржысын қотарады. Мына деректі қараңыз, Қазақстандағы барлық шетелдік инвестицияның 76 пайызы осы аймаққа тартылады екен. Жалғандау көрінсе бұны беделді деген «Vox Populi» журналынан жыртып алғанымызды қоса кетейін. Содан да, мұнай мен газды өңдеу (пропан мен бутан, бензин, күкірт, бензинсіздірілген газ) облыстағы өндірістік әлеуеттің 95 пайызына тең деседі. Бұл енді ешқандай мақтаныш емес, қайта қауіп сезімін тудыратын құбылыс. Қазіргі мастану эйфориясы мұнайдың соңғы тамшысымен өткенде, бай өлкенің болашағы не болмақ десейші… Егер облыста мұнай-газдан басқа салаларды дамытудың кешенді бағдарламалары қолға алынбай, ауыл шаруашылығы екі аяғынан ақсап жатса, келешекте таяқты кім жейді? Әрине, бұқара. Басқасы былай тұрсын, облыстағы ірі қараның үлесі 2,6%, қой мен ешкінің үлесі 3,6%, жылқылары 3,2% болса, бұны артта қалушылық демей, не дейді? Басқалай салалардың бүршік атып жатқаны туралы да жарғақ құлағымыз ести алмай жүр. Айтпақшы, айлық деңгейі өте жоғары болып жатса, бұған Атырауда аз адамның болуын әсерлер қатарынан әсте сызып тастауға болмайды. Себебі, Атырау облысында биылғы жылдың ақпанындағы мәлімет бойынша, 518 мың 869 адам бар десек, аз адамға мол ақша тиеді деген қарабайыр қисын ғой бізде. Солай бола тұра, облыс тұрғындарының коммерциялық банктерде жатқан салымдарының жиынтығы сүбелі болмай тұр. 2010 жылдың маусым айындағы дерек бойынша, облыстың әр тұрғынына шаққанда, 71,9 мың теңге салымнан келеді десек, жалпыелдік деңгейде бұл көрсеткіш – 106,3 мың теңге! Демек… аймақтағы мұнай-газ игеруден түскен табыс теңдей бөлінбейді, біреуіне көп, басқасына аз тиеді деген диагноз өзінен-өзі шыға келеді. Күкірттің буынан күрк-күрк жөтелген ағайынның қамын Бергей Рысқалиев (облыс әкімі) бүгін ойламаса, ертең кеш қалардай көрінеді де тұрады.

Маңғыстау облысының жайы да көршісінің басындағы кейіпке келеді. Сол мұнай, сол ақша, сол мәселе… Дәлірек болсақ, мұнай өндірудің облыс экономикасындағы үлесі 95% болса, табиғи газ және газ конденсатын өндірумен қоса алғанда 96,8%-ға жетіп жығылады. Сонда, ар жағындағы қалдық 3,2% дегеніміз, ары кетсе Үстірттің ен даласында жайылған түйелер шығар, шамасы. Облыста 456 068 адам тұрады десек (Қазақстандағы адам саны ең аз аймақ), жан басына шаққанда коммерциялық банктерге салым салу жағынан 29,5 мың теңгені меже етіпті. Дәл осы «банкке ақша салуға» неге қадала қалды десеңіз, бұл бүкіләлемдік тәжірибеде халықтың әл-ауқатының барометрі болып табылады. Ендеше… қорытындыны өзіңіз-ақ шығара беріңіз. Оның үстіне, Маңғыстау облысы 7,1 пайызбен жұмыссыздық деңгейінен алдына аймақ түсірмей тұр екен… Соған қарап, Қырымбек Көшербаев өзіне қамшы баса түссе, игі. Себебі, бізде жұмыссыз адамдарың санымен әкім-қаралардың жұмысын бағалаймыз деген критерий бар сияқты еді. Әлде, оны ұмытып қалдық па?

2-кесте (орысша). Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі

Ал, орташа айлық жөнінен аутсайдер қатарында болған Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының жайы мүлдем басқа. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында негізгі капиталға инвестиция тарту үлесі  республикалық инвестиция деңгейінің 1 пайызын ғана құрайды. Сәйкесінше, облыстағы инвестицияның жан басына шаққанда қуаты 30 мың теңгеге әрең жетеді. Салыстыра кету үшін Атырау облысында бұл көрсеткіштің 971 мың теңге екенін айтсақ та жетіп жатыр. Енді инвестиция құйылмаған жерде ақша иірімі болмасы анық емес пе? Жоғары айлық жайлы армандамас бұрын, мұндағы ағайын тиын-тебеніне «тұтынушы себетін» толтырып алуға асығады. Әрине, Серік Біләлов басқаратын облыста макарон, ұн, сүт өндіреді, тағы не бар еді, еске түсіруге қиналып тұрғанымыз… Еске түсіруге қиналғанымызбен, өндірістік әлеуетте облыстың үлесі бар жоғы – 0,67%! Солтүстік Қазақстан облысы сияқты экономикалық деңгейде әлжуаз болып қалған аймақтың бірі де бірегейі – Жамбыл облысы десе, жаңылыспаспыз. Бұл облыстың экономикасына сипаттама бер десе, қарапайым перифериялық экономика дер едік, яғни халықтың төмен табысы, әлсіз өндірістік үрдістер.. басқа, басқа ештеңе! Кеңес заманында фосфор, қант өндірісі дүрілдеп тұр еді, бүгінде бұларға дем беріп, қан жүгірту тәуелсіздіктен бергі талай жылда мүмкін еместей болып келеді. Содан да, Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі (ІЖӨ) облыстың үлес салмағы – 2,2% немесе 359 994 млн теңге! Бұл төмендегі кестеге көз салсаңыз, еліміздегі ең төменгі көрсеткіш болып шығады.

3-кесте (орысша). Еліміздегі ІЖӨ көрсеткіші

Advertisements

10 comments on “Облыстар олимпиадасы

    • иә, за державу обидно деген сияқты, өзімнің туған өлкем үшін ұяттымын, бірақ қайтеміз енді, шыңдық солай болып тұр ғой. Таразда қайта 50 мың теңге деген ең жоғары жалақы сияқты еді

      • мисалға мен тапқан таянғанымды Жамбылдағы әке-шешеме жіберемін делік, сонда ол ақша Алматыда емес, Жамбылда айналымға түседі ғо соны неге ескермеген а?!
        (мисалда да өмірде де тап солай болады менде көбінесе :))), кейде айналымға Шымкентте түсіп жатады, ол енді смотря мамдар қайда қыдырады :P)

      • мынауың қызық қисын екен, бірақ оны банкоматтан ақша шығарып алу, яки транзакциямен есептеейді, кажется. Оның да дерегі бар еді, жақын арада басып қалармын газетке

      • Шымкенттің де, Тараздың да банкоматынан ақша шығарып ала беремін, мына статистиканы өтірік болса да өзгерпесең қарсылық іс-шарасын ұйымдастырамын :)))

  1. Қап-ай, Қалдықыз ханым үшін енді статистиканы бұрмалап, сотқа түсемін деп қайтемін,а? Жарайды, осы мақаланың жалғасында бір сандарды бұрып көрейін, аха?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s