… Көшербаев әм «УикиЛикс»


«УикиЛикстің» атағы жер ойғандардың абыройын аймандай қылған сайт екенін «садиктегі» бала да біліп қалды. Бұл жолы атышулы сайт азуын Қырымбек Көшербаевқа салды…. деп, суайттыққа бармайын. Ол көкеміз Маңғыстау облысында басшы ғой, ал мына Көшербаев дегеніміз – Алмас Көшербаев. Естулеріңіз болмаса, биыл ғана Хеллман/Хамметт атындағы сыйлықты алды, талантты журналист. Орыс тілінде ойлайды демесеңіз, публицистикасы өзіме екібастан ұнайды. Сол азаматтан «Уикиликс» турасында пікірін сұрағам…     


Әлемді әр тарапқа қайта бөлген «Уикиликс» сайтының төңірегіндегі дау-дамай басқа емес, сөз бостандығы, еркін пікір білдіру секілді дәстүрлі американдық құндылықтар жүйесінің беріктігін тексеру болып шықты. Енді осы «Уикиликстің» негізін қалаған Жулиан Ассанжға қарсы қылмыстық іс қозғауға әрекеттену, меніңше саяси астар қуалаған қуғын-сүргінге ұқсайды. Сондағысы, қарапайым адам сөз бостандығы құқын пайдалана отырып, өзінде бар мәліметтермен бөліскісі келді. Басқа да арам ойы болды деп айта алмаймын, бірақ осындай тірлік әлемдік дипломатияның шынайы бет-жүзін әшкерелеп берді. Интернет, жаңа технологиялар дамыған заманда мәліметті құпия күйінде қалдыру қиын. Тіпті, мүмкін еместей көрінеді маған. Жалпы, осы секілді жариялылық фактілері біраз мәселелердің байламын шешуге септеседі, қоғам мүшелерінен ақпарат жасыру амалдарын жалаңаштайды. Жулиан Ассанжды айыпты деп айтуға болмас, одан да сол ақпарат қауіпсіздігінің жүйелеріне баса назар аударған дұрыс дер едім. Себебі, Ассандж болмаса да, басқа біреу бұл мәліметтерді жария етер еді ғой. Сондықтан, «Уикиликс» дауын ақпарат бостандығының тарихындағы жаңа белес болды деп тануға болады.

Уикиликстің ұраны

Ал, енді блогшыл қауым, Алмас досымның бұ пікірімен келісесіз бе? Келіспесеңіз, неге дегендей сауал ғой сол баяғы…

Advertisements

10 comments on “… Көшербаев әм «УикиЛикс»

  1. «Демократия», «адам құқығы» дегенде алдына жан салмайтын мұхиттың арғы жағындағы ағайынның арты ашылып қалды деп қуануға ерте шығар. Бәлкім олардың «Викиликс» жобасы мүлдем басқа оймен жасалып жатқан жоқ па екен?! Мәселен, «ал керек болса, әлем (кәрі құрлық, аспан асты елі, Азия, т.б.) бізге не істей алады екен?!» деген сарында…

  2. Иә, бұл ойды да жоққа шығармаған дұрыс. Ресейлік журналист Леонтьев айтпақшы, «біз Ассанж жайлы тек оның өз аузынан білеміз. Бұған дейін қайда жүрді? Ешкім білмейді. ӨЗі-ақ біледі»…. Сондықтан, бұл әлемдік провокация болуы да ғажап емес. До чего дошла политтехнология деп жүреміз сосын

  3. АҚШ соншама ақымақ, соншама дәрменсіз ел емес. Бар сырын шашып, қарап отырмайды да. Менімше, мұның бәрі жақсы ойластырылған дүние. Мақсаты әр алуан болуы мүмкін: айта алмағанды жайып, ашық айту (бірақ, кінәні «кішкене балаға» итеріп қоя салды), тып-тыныш болып қалған әлемді тағы бір дүр сілкіндіру (кризистан кейін, соғыстардың да шуы басталды), оған қоса бүіл әлемнің сыры мен құпиясы өз қолдарында екенін көрсету.

    • Осыған сенгім-ақ келеді. Бірақ, осы АҚШ-тың қай жағынан да шалыс баспайтын супер-пупер екені асыра сілтенген миф бе деп қаламын… Соның бір айғағы осы Ассанждың тірлігі сияқты. ал, Америка осы мифтің мұрты бұзылмас үшін сайт әкімшілігін сандалтып, сотқа сүйреп жатқандай көрінеді

  4. Ассанж қазіргі заманның батыры. Ол қызметін баяғыда бастады. leaks.org доменін 1999 жылы-ақ тіркеген.
    Бұл Еуропадағы азаматтық қоғам дамуының жемісі. Бұның бәрі үлкен өзгерістерге алып келеді. Үкімет бізді бақыламайды, біз үкіметті бақылаймыз.
    Джулиан Ассанжға сәттілік тілеймін, аман-сау жүрсін.

    • hehe, AKWta ukimettin ruksatynsyz tynystaudyn ozi eki talai!!! Aityp otyrgan demokratiyalary bar bolganymen, tupki negizinde ademi kagazga oralgan iwi sasyk kampit kana!!!
      Ukimet bizdi bakylady, bakylap jatyr jane bolawakta da baylaidy.
      Julian Myrza sol ukimettin adamy emes degenge senbeimin. bari jaksy koiylym gana !IMHO!

      • АЙжан, айтып отырғанынның бәрі де ақиқат! Бірақ, мына тұжырымың рас болып шықса, бұл қазіргі саясаттағы ең үлкен авантюра болмақ! Өзің айтпақшы, ең сәтті қойылған қойылым.. мүмкін 11/09/01 оқиғасы сияқты артынан «Фаренгейт 9/11» секілді фильмдер түсіріліп жатса, ауызды кәнкретне ашамы з ау

    • Ақберен ағамдай айттың ғой, «Ассанж – ақпарат заманының Робин Гуды» деп… «Үкімет бізді бақыламайды, біз үкіметті бақылаймыз.» деген тезисін тамаша екен, болашақтағы бір мақалаларымның бірінен көріп қалсаң , таң қалмаңыз 🙂

  5. «мына ақпарат АҚШтың артын ашаты» деп, викиликске жарияланған қай ақпаратты көрсете алар едіңдер?
    меніңше, айтарлықтай ештеңе де жарияланбады, құр шулағаннан басқа.

  6. дұрыс айтасың, дәл осы АҚШ пен басқа елдердің арасындағы қарым-қатынастың кілтипанды тұстары я Ауғанстанға неге әскер енгізді я шығармай отыр деген ақпараттар шықпады. Тек жекелеген тұлғалардың анда-мұнда барып қойғаны мен бірін-бірі келеке етуі ғана болмаса…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s