«Не деген тұрақсыз ем, Нөкиә…»


Өмірімнің материальды мизансценасында осы мәтінді оқып беруім керек екен 🙂 Өткен аптада «Нокиа» компаниясының байланыс құралдарын қолданып жүрген 1,2 млрд адамның сапынан шығып қалғаным бар. Саналы түрде «Сони-Ерикссонның» сотобыйын сатып алдым. Сондықтан, блогым арқылы «Нокианың» директорлар кеңесінің төрағасы Йорма Оллиланы танымасам да, әм ол мені танымаса да, кешірім сұрайын дегенім ғой. Кім біледі, келешекте Астана-Тараз бағытындағы отарбаның ішінде кездесіп қалсақ ше? Талағы тарс айырылса тағы… 🙂  Бұл күннің «сотобыйсыз қазақ – сорлы қазақ» деген девизіне сай, заманауи дейтін кәкір-шүкірі ішіне кіріп кеткен байланыс құралын сатып алу ойда жүрген. Басты талапты қосамжарланған фотокамерасы күштіі болса деп қойдым. Себебі түсінікті шығар.

 

Журналистің ары-бері, бері-ары жүрісі көп болғандықтан, селебедей фотоаппаратқа анда-санда «замена» болсын деген «зұлым» ой ғой баяғы. Сонымен, сотка іздеуде алдымен «Нокиа» смартфондарын саралай бастадым. Ең жаңа, ең қымбат деген «Нокианың» N8 моделі расында қымбат болып шықты. Астананың дүкендерінде оның 140 мыңнан төменін мысықпен іздесем де, таппай қойдым. Қызыққанда сол, 12 мегапиксельдік фотокамерасы ғой көзімнің құрты болған. Амал который, «Сони-Ерикссонның» U1i Satio деген моделіне құлай кеттім. «Қалыңмалы» 80 мың теңге деп қиылып тұрған соң, көңілін түсірмейін деп 65 мыңды қолына ұстата салдым. Сөйткен «СЕ-нің» артықшылығы неде десей, Symbian операциялық жүйесінде жұмыс істейді, 8 гб флэшкасы бар (маған былай жетеді), диагоналы 3,5 дюйм болатын сенсорлы экран, 3Джи-дің барлық өлшемінде, яки бейнелі қоңырау шалу дегенді атқара береді. Қазіргі телефондар үшін қалыпқа айналған радио, аудиоплеер, GPS-навигация, Wi-Fi, «көгілдір тіс» дейсіз бе, бұның бәрі ішінде тұр.

Бірақ, ең басты байлығы, әрине – 12,1 мегапиксельді фотокамерасы… Сандық режимде 16 есеге дейін үлкейтуге болады, қуатты ксенон вспышкасы, автофокусы бар, бұдан әрі панорамалы сурет, аданың жүзін, күлкісін тану, «қызыл көз» әсерін болдырмау сияқты қызықты функцияларын да қарастырып қойыпты. Ал, қандай суреттер шығатынын төменнен көрерсіздер. Әрине, кемшіліксіз дүние бола ма? Біріншіден, батареясы әлсіз болып шықты. Екі күнге жетеді-ау, бірақ үшінші күннің шапағын көрмей, шалқасынан құлайды. Екіншіден, дауысы баяу шығатындай көрінді. Үшіншіден.. жарайды, жақсы фото үшін жамандығын кешіруге болатын сияқты…

Айдос САРЫМмен бірге. Астана. 2 желтоқсан

Республика даңғылының бойы.... Предновогодный наряд

Біздің балконнан қарағандағы қаланың панорамасы

Advertisements

27 comments on “«Не деген тұрақсыз ем, Нөкиә…»

    • Айтсын, Асқарбек! Айтпақшы, ортақ ұстазымызды «жау» қолынан жақсы қорғап қалдың, әлгі «ДАТ-тағы» «демократияның үлгісін» айтам да…. Ілкімділігіңі үшін інімізге үлкен рахмет

  1. ))))
    Дұрыс, SE – ол пәлсапа!!! Менде де болып еді бұрын, бәрібір Sony мен Ерікұлының альянсынан туған өнімге басқаларынікі жетпейтін сияқты (субъективті смайылшы). Уақ-түйектері жақсы ойластырылған. Sony-Eric симфония ғой, шіркін.

  2. Сіз құптасаңыз болды ))) Иә, тәп-тәуір құрал, таласым жоқ! Бірақ, сол мақсат еткен Нокиа Ен Сегізбен салыстырып көрер ме еді, соған ынтам ауып жүргені енді 🙂

    • Рахмет! ТЕзірек осындай аспапты қолына түсіруіне тілектеспін. Ия болмаса, Нокианың Ен8-ін ал, бұдан да жақсы түсіреді суретке дейді көргендер

  3. Өркен, сотка алғаныңыз қандай жақсы болған (қысқы Астананы көруге асық болып жүрген мен үшін суреттеріңіз жақсы болып отыр :), рахмет ) игілігіңізге ұстаңыз

    • Сіз үшін қысқы Астанадан жақсылап фоторепортаж ұйымдастырамын онда, есімде жүрсін, Жаңа жылға қарай ма, мүмкін

  4. құтты болсын. Игілігіңе жарасын.
    Журналист болғасын фото түсіргенге де қолайла ғып алғаның ғой сонда??
    ужыс қандай қымбат. Андағы ақшаға мен жартылай проф. керемет фотоаппарат алар едім:)))))
    мен мобайл мен фотикті араластырғанды ұнатпайм, ну ұнатпайм да емес, бәрібір мобайлмен түсірген суреттерді ұнатпаймын..
    Қазіргі қолданып жүрген айфонды Жапония болғаны үшін ғана алдым. Әйтпесе біздің елде низачто алмас едім. Ұрлықшыларға жем боп қайран ақшам деп жүргенше, звондалып, смс тастайтын дүние болса жетед маған ҚЗда.

  5. Иә, жақсы фотоаппарат алуға болар еді, бірақ осындай мобильді гаджеттерге деген әлсіздігім бар … Бағасы қымбаттау болса да, алып көрейін деп. Енді жартылай проф.фотоаппараттың жақсысын алуға ақша жинау керек, панорама, табиғат, т.б.-ны түсіру үшін

  6. Құтты болсын! SE тағы бір ұнағаны тіркелмей ақ бірден блогқа суреттеріңді жібере бересің. Автоматты түрде блогспоттан телефонға арналған блогың болады. Сосын суретті өңдеу функциялары ұнайды. Суреттердің функциясында blog this дегені болуы тиіс.

    Тек қазақша әріптері болмаған соң, Nokia-ға ауыстыруға тура келді ғой 🙂

    Nokia мен SE клавасы бір-біріне қарама-қайшы екен 🙂

    • Рахмет, Асеке! «СЕ-дегі» сіз айтқан функцияларын сынақтан өткізіп көру керек екен, түбінде бірақ осы Нокиама барам-ау, Ен Сегіз арзаңдасын….

    • Әй, осы швед (Ерикссон) пен финнің (Нокиа) құдайлары бір сияқты еді ғой.. Тор деген төбе құдайы бастап. Ренжісе, мына Алты градустың уақытша ауылы – жапондағы синтоистердің (Сони) өкпесі түсіп қалатын болды оу, обал , обал 🙂

    • Шынымды айтайын, қазір сол комментерге баға қоюды қайсысын шұқылап отырып, қолым тиіп кеткенін есіме түсіре алмай отырмын. Дашбордтың ішіндегі бір баптау ғой енді… көбіне түн ұйқымды қиып отыратындықтан әрі ағылшын тілін аса жетік білмегендіктен, өзімше шатып-бұзғанымды қайталап жасауға келгенде қиналып қаламн. Мүмкін, магистр көмегіне жүгінерміз! Асеке, қайдасыз?

  7. Аға деймін! Құтты болсын сотобый! Жарнамасын «жынды» жасадыңыз! Игілігіңізге жарасын!

    • Тілімді қышытпашы ;-))) Тәк, Сони-ЕРиссонның жылдық табысының жартысының жартысының жартысын беремін деген пункт болды… деп ойлап қалмаңыздар. Құпия күйде қалсынш

  8. /Журналистің ары-бері, бері-ары жүрісі көп болғандықтан/ деген екенсің, бұл жүрістердің санатына әлгі киноға қыздармен бару да кіре ме? :)))

  9. Құтты болсын!! Фотоаппараты жақсы екен!! соол балеге менің де қолым жетпей жургені… Астанаға барғанда әдемілеп суретке түсетін болыпсыз ғой ағау!!:-))))

  10. Өте жақсы сұрақ, Қалдықыз ханым! Бір сәтке моральдық әм қызметтік кодекстерімді қатар қойып, «жүріс» деген сөздің мағынасына үңілуге тура келді. Бағыма орай, «қызбен жүру ережелерін» қамтыппын. Сондықтан, сіздің жауапқа «Иә» деп жауап бергім келіп тұр.

  11. Қайтарма үнқосу: Қалауың тапсаң, блогыңда қар жауады! « Өрімтал

  12. Агай телефоныныз кутты болсын! Оте тамаша телефон деп естідім… Казіргі кезде телефонда камера да фотоаппаратта барі де барі де бар гой… Оте тамаша ойлап табылган курал деп ойлаймын… Тагы да кутты болсын… Тек кана жаксы адамдардан телефон коныраулары келсін :)))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s