Бенедикт XVI мен Ахметов І


Отыз жылдан астам Қарағандының төрін «билеп-төстеген» Ленин көсемді лайықты жеріне қоятын болды. Бұл шешімге баруға бел шешіп отырған қала әкімі Бауыржан Әбдішевке «браво» деп, қолтығынан демеп жатқанның қатарында мен де бармын. Бірақ… «бірақсыз» әңгіме болушы ма еді? Қала әкімдігінің ыстық лепесін облыс басшылығынан жеткен одағай жаңалық «басып кетті».

Ватиканның мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертоне «ОБСЕ-нің» саммитіне ой айтамын деп келген сияқты еді… Сөйтсек, қызғылт көйлегі жер сызған кардинал Қарағанды облысында сапарлап жүр екен. Оның асты-үстіне түсіп, бәйек болған облыс әкімі Серік Ахметов қазақтың, кешіріңіздер қазақ католиктерінің дархан пейілін, асқан қонақжайлығын үсті-үстіне көрсетіп жатса керек. «Оны қойшы, қонақ деп күтіп алған шығар» дейсіз-ау. Бірақ, Серік мырзаның «Қарағандыны еліміздегі католиктердің орталығы деп атауға болады» дегені сөз таппай, маңдайынан суық тер құйылғанда айтқаны деуге ауыз бармайды екен. Себебі, Секең анша-мұнша емес, Рим папасы Бенедикт он алтыншыны Қарағандыға қонақ болып қайтуға қолқа салып отыр. Сондағы, ресми сылтауы – «Қарағандыда құрылысы жүріп жатқан Мәрия ананың кафедралды шіркеуіне келіп, «освящение» дәстүрін жасап кетсеее»… Тура осы мәтінді қағазға теріп, кардиналдың қолына қыстыра салыпты дейді. Мұндай мамыражай пейілді күтпеген Бертоне қалбалақтап, «Жақында папамен кездесемін, сонда Қазақстан жайлы, Қарағанды турасында айтамын. Мына шақырту қағазыңызды міндетті түрде тапсырамын… Өз қолына» депті. Сонда деймін, жай бір ғибадатхананың «жаңарту» рәсімін өткізуге жергілікті діндарлары жетпей қалып па? Әлде, митрополит Александрды менсінбей тұрғаны ма десең, иә? Батыс әлемінің бақуатты елдері католиктік бағыну жүйесінен бойын аулақ ұстауға тырысып жатқанда, біздің әкім дайын бұғауға басын салмақшы… Айтпақшы, Бертоне мырзаны ары да бері де сүйреп, Қарағандыдағы бар католиктік нысандардың басына апарғандай қылыпты. Қонақты қазіргі католик шіркеуіне де, монастырь, семинариясына да кіргізген Ахметов ақырында салынып жатқан шіркеудің ішіне кіріпті. Қонырауын кардиналға ұрғызыпты. Экстерьерін Дағыстаннан тасылған ұлутастармен өріп, шіркеуге Аустриядан арнайы жеткізілген орган қойылыпты. Оны да бір дыңғырлатып қойса керек. Органда ойнайтын сазгерді де Аустриядан «арнайы жеткізіпті».

Серік Ахметов деген ағамыз осы

Айтпағымыз, Орыс православ шіркеуі уағызын үдетіп жатқанда, католиктерді емексіту кімге керек болды екен? Әлде, Серік ағамыз Ватиканның мемлекеттік құрылымын Қарағанды аббаттығына, кешіріңіздер облысына көшіргісі келе ме екен, а? Поясните, пажалыста?

Advertisements

12 comments on “Бенедикт XVI мен Ахметов І

  1. митрополит Александр деген кім? митрополит дегеніне қарағанда православ шіркеуінің басшысына ұқсайды ғой:). католик кафедралды шіркіне қатысы жоқ қой:)

  2. дұрыс айтасың, Мәскеудегі Кириллдің бізге жіберген өкілі, қазақстандық православтардың басшысы ғой, Александр дегенім… мен де қуып, осыны менсінбей тұр ма деп қуған ғой, назар аудармай-ақ қойыңыз

    • Солай да шығар, тірідей кездесіп көрмеппіз ))) бірақ, пенде ғой бәрі, анда-санда осындай ағат тірлікке барып қояр деп аңдамай салайық десем, болмады. Жаза салдым, міндет сол болса, қайтеміз…

    • Қанша жерден саяси ойын болса да, салдарын ойлаған дұрыс қой… Бір кардинал келді екен деп құра жорғалай берсек, не болдық?

  3. Бұл «қонағуарлық» тан түкте пайда жоқ.маңызды да емес,тек қана «Қазақстан көп ұлтты,көп дінді !»деген сандырақты жалпақ жаһанға жар салып,Қазақстандағы «дінни келісім,ұлттаралық тұрақтылық» деген ойдан шығарылған ертегіге батысты сендіреміз бе деген жанталас қана.
    бырақ жаппай шетелге жалпақтауды жоғардағы «атқа мінерлерден «тартып ,төмендегі «шөпке тышарлар «да ұранға айналдырып науқан жасауы жақсылықтың нышаны емес!құл қотандармен батысқа жалпақтап жүрсін жақсы болса!

  4. Иә, жалпаққа түсінікті жайт қой, бірақ соңғы сөйлеміңіздегі қауіпті ескере отырып, бұл үрдістің жай ғана үрей туғызатын деңгейден кетіп қалғанын көретін сияқтымыз ба, қалай өзі?

  5. масқара-ай! естімеген елде көөп! анау мынау сект пекта жолда калып кетти гоййй! мынау нагыз астыртын әрі ашық түрдегі діни саясат па қалай өзі!!! айтуға аузым бармай тұрғаны, дегенмен Серік ағамыздың өзі католик емеспе екен слүшәйнә,ә, қалай ойлайсыздар… сондай бір арам ойдың қылқылдап тұрғаны…

  6. Иә, бұндай қадамды қалай жоруға болатынын әкім ағамыздың өзінен сұраған абзал-ау. Біздің басымыз жетпей, сөзіміз шықпай жатыр… Секе, сіз осы анадай емессіз бе дейді мына қарындасым?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s